11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепараттарды зерттеу:
А) «Бауыр ұсақ және ірі түйінді циррозы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) « Бауырдың портальды циррозы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Бауырдың биллиарлы циррозы» препараттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Бақылау сұрақтары:
1. алкогольді гепатиттің анықтамасы
2. алкогольді гепатиттің этио патогнезі
3. алкогольді гепатиттің морфологиясы
4. алкогольді гепатиттің асқынуы
5. бауыр циррозының морфологиялық көрінісі
6. бауыр циррозының асқынуы
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру:2 мин
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.