ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы студенттерге арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


Тақырыбы № 11: Жүрек еттерінің физиологиялық қасиеттері



бет16/22
Дата26.04.2023
өлшемі279 Kb.
#87020
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Методичка-Фарм-1курс-каз

Тақырыбы № 11: Жүрек еттерінің физиологиялық қасиеттері.
Жүректің қызметі, зерттеу әдістері
Сабақ өту уақыты -2
Тақырып өзектілігі
Қан –тамырлар жүйесінің аурулары жиі кездесетін кең тараған, сондықтан уақытында және дұрыс диагноз қоюдың маңызы зор. Сабақта орындаған практикалық жұмыстар мен теориялық ілімдер жүрек кардиодинамикасын, оның жүрек ақауларында қалай өзгеретінін түсінудің негізі болып табылады. Студенттер алғаш рет жүректің аускультация зерттеу әдісімен меңгеру, информативтік үлкен мәні бар функциональдық диагностика әдістерімен танысады.
Оқыту мақсаты:
Студент
- миокардтың физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін;
- миокардтың автоматиясының пайда болуын;
- гемодинамиканы қамтамасыз етудегі жүрекшенің, қарыншалардың, қақпалы аппараттық ролін;
- жүрек оралымының кезеңдерін;
- жүрек иондарының тегін;
- жүрек ретінің негізгі функциональдық зерттеу әдістерін;
- ЭКГ- нің физиологиялық негіздерін білуге тиіс;
Студент:

  • Жүрек шекарасын, жүрек лүпілін анықтай;

  • Жүрек тондарының айқын естілетін нүктелерін таба;

  • Негізгі тондарды айыра;

  • Жүрек ритмі жүргізушісі мен жұмысшы миокардтың ЭП иондық механизмдерін түсіндіре және қисық сызықтарын сыза;

  • ЭКГ-ні тіркей;

  • 2 тіркеудегі ЭКГ схемасын талдай ала алуы керек.

Сабақ өтілетін орын:
Оқу бөлмесі, электрофизиологиялық бөлме
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы:
а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау бойынша теориялық бөлім сұрақтары талқыланады. Миокардтың физиологиялық қасиеттері сұрақтары бойынша бұлшық еттің ЭП суреттеу керек, миокардтың ЭП- ның ерекшеліктерін және ЭП суреттеуді көрсету керек.
Қисық ерекшеліктерін, миокард қозуындағы кальций иондарының үлкен роліне және жүрек жұмысындағы ЭП-нің ұзақтығына тоқтап өту керек. Жүрек автоматиясы сұрағын талдағанда, автоматияның пайда болу тегіне, жүрек өткізгіш жүйесінің әр түрлі екеніне ерекше ықыласпен көңіл аудару қажет. Синоартериальдық түйінінің пейсменкер клеткасының ЭП жұмысшы миокардтың ЭП-нің салыстыру қажет. Миокард өткізгіштігінің ерекшеліктерін талдағанда қозу өткізуінің атрио- вентрикулярлық кідіруінің жүрнеше мен қарыншаның рет- ретімен жиырылуындағы ролін атап өту керек. Жүрек цикулының әр кезеңіндегіқозу, жиырылу және қозғыштық ара қатынасын талқылағанда студенттер қозғыштық кезеңдерін , жүрек циклының кезеңдерін және ЭП кезеңдерін атап өтіп, рефрактерлік кезеңінің ұзақтығының жүрек жұмысы үшін маңызына тоқталу керек. Студенттер қан айналу шеңберлерін, жүректің насостық ролін, жүрекшенің резервуалық және қарыншалардың қан айдау қызметіне көрсету керек.
Кардиоциклдің фазалық құрылымын талқылағанда әр кезеңнің ұзақтығына, миокард, қақпалар жағдайын, жүрек қуыстарындағы қан қысымына тоқтап өту керек. Жүрек тондарының пайда болу тегін талқылағанда тіркелген тондар саны зерттеу әдісіне байланысы екенін көрсету керек. Аускультация әдісіне 2 тон, ФКГ арқылы-4 тон жазылады. Студенттер жүрек қақпақшаларының, олардың тндарының айқын естілетін нүктелерін білуге тиіс. Жүрек қызметінің зерттеу әдістеғрін айтқанда, олардың диагностикалық мәні мен клиникалық маңызын айту керек. Студенттер зерттеу принципін тіркеу әдістерін атаулары, керек.
ЭКГ-ні талдағанда, оның қозғыштық қасиеттерді, автоматия, өткізгіштікті сипаттайтын айту керек.Студенттер 2 стандарттық тіркеудегі тістердің пайда болу механизмдері интервалдер уақытын, ұзақтығын білулері керек. Тіркеулер түрін талқылау қажет.
Теориялық сұрақтарды талқылау барысында оқытушы сабақтың практикалық бөліміне түсініктеме беріп, қажет болса ЭКГ-ны түсіндіруге көмектесу керек.
Перкуссия арқылы жүрек шегін, сипап жүрек лүпілінің орнын табуды, аускультация және перкуссия әдістерінің техникасын көрсетеді.
Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы кезеңінде студенттер оқытушымен бірге электродтарды қойып, ЭКГ-ны жазады. Кестелер мен схемалар көмегімен ЭКГ-ны оқып, нәтижесін жазып, қорытындыны талқылайды. Оқытушы студенттердің хаттамаларын тексеріп, қажет болса ескерту жасап, қол қояды.
Студенттер хаттама жазғанда схемалар, суреттер, ФКГ, БКГ, ДКГ, ВКГ қисықтарын салады.
Бұл кезеңде студенттерге ахуалдық есептер беріледі.
ЭКГ-да PQ интервалының ұзарғаны байқалады. Бұл өзгеріс қандай физиологиялық функцияның өзгергенін дәлелдейді?
ЭКГ түсіргенде 1-тіркеуде QRS кіші вольтажды болғанда, 2және 3 тіркеулерде бірдей болғаны байқалған.
Жүректің электр осінің орналасуы қандай?
Жауап: Жүрек осі вертикалық бұрышы 70.
Пациентте атриовентрикулярлық қақпалардың толық жабылмайтыны жеткіліксіздік байқалды.Б ұл кардиогемодинамика параметрлерін өзгертеді ме?
Жауап: Изометриялық жиырылукезеңі және қан айдау кезінде өтуі ұзарады, себебі қарыншалардың қысым көтерілуі жылдамдығы бәсеңдейді.
Науқас ЭКГ- сының Rтісшелерінің ара қашықтығы 0,8 сек, жүрек қандай жиілікпен соғады?
Жауап: Жүрек минутына 75-76 рет соғады?
Студенттерге сабақтық теориялық және практикалық бөлмдері бойынша алған бағаларын хабарлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет