5.7. Бақылау: Ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин
Сұйықтардың қасиеттері.
Заттың сұйық күйінің сипаттамасы.
Сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу.
4. Жұғу. Капилляр.
5. Тұрмысытағы, табиғаттағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар.
Сабақты қорытындылау.5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
№ 6 сабақ 5.1. Тақырыбы: Қатты денелер.
Сағат саны:2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Қатты денелер. Олардың түрлерімен және құрылымымен таныстыру.
5.3.Оқыту міндеттері: - Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Кристаллдар туралы түсінік.
2.Деформацияның түрлері.
3.Қатты денелердің бөлінуі.
Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин
Қатты дене өзінің көлемі мен пішінін сақтайды. Олар кристалл күйде болады.
Кристаллдар - атомдары немесе молекулалары кеңістікте белгілі орын алып, реттеліп орналасқан қатты денелер. Олардың тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары болады. Мысалы: кәдімгі ас тұзы түйіршігінің бір-бірімен тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары бар.
Қатты денелер органикалық, аморфты және кристаллды денелер болып бөлінеді. Органикалық денелерге – жанатын денелердің барлығы мысалы, ағаш, көмір және т.б. жатады.
Аморфты денелерге – қызған кезде жұмсаратын денелер, мысалы, сымола, кварц, пластмасса және т.б. жатады.
Кристаллды денелерге - өзінің күйін өзгертетін денелер, мысалы, мұз, графит, металлдар және т.б. жатады.
Кристалл денелердің бaсты қасиеттері олардың анизотропты және изотроптылығында.
Кристаллдың анизотроптылығы – бұл физикалық қасиеттердің кристалл ішіндегі бағыттарға тәуелділігі. Барлық кристаллдар жылуды және электр тогын әр түрлі бағыттарда түрліше өткізеді. Мысалы, кварц кристалы оған түсетін сәуленің бағытына қарай жарықты түрліше сындырады.
Изотроптық – бұл барлық бағыттардағы бірдей физикалық қасиеттер. Мысалы, қатты смола біз қалаған бағытта сынады.
Кристаллдық денелер поликрасталдар және монокристалдар болып бөлінеді.
Поликристаллдар - саны көп майда кристалшалардан тұратын қатты денелер. Оған металлдар, қант бөлшегі, кесек және т.б. жатады. Физика тұрғысынан поликристалдар көп кристалдардың бір-біріне қатысты өсуі.
Монокристалдар – ірі жекелеген кристаллдар. Мысалы, кварц кристалдары, турмалин, тұз және т.б. жатады. Монокристалдар дұрыс геометриялық пішінде болады.
Қатты денелер өздеріне түсірілген күштердің әсерінен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады.
Деформация дегеніміз – дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі.
Деформация мынадай түрлерде болады: серпімді, пластикалық, созылу, иілу, ығысу,бұралу.
Егер резенке бауды ұштарынан тартатын болсық, бау деформацияланған күйге көшеді, яғни бау ұзарады және жіңішкереді. Бау созу күші әсері тоқтағаннан кейін бастапқы күйіне келеді. Бұл серпімді.
Серпімді деформация дегеніміз – сыртқы күштер тоқтағаннан кейін толық жойылатын деформациялар.
Егер кесек пластилинді сықсық, онда ол өзінің пішінін өзгертеді және бастапқы пішініне өзінен өзі келе алмайды.
Пластикалық деформация дегеніміз сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар.
Созылу деформациясы- олар абсолюттік және салыстырмалы ұзарумен сипатталады.
абсолюттік ұзару
салыстырмалы ұзару
мұндағы l0- бастапқы ұзындық, l – соңғы ұзындық.
Трос, арқан, көтеру құрылғыларындағы шынжырлар созылу деформациясына ұшырайды.
Ығысу деформациясы дегеніміз дене қабаттарының бір-біріне қатысты ығысуына байланысты деформациялар.
Иілу деформациясы – дененің әр бөлігінде түрліше созылуға және сығылуға ұшырайтын деформация.
Бұралу деформациясы - егер денеге қарама-қарсы бағытталған және өзара параллел күштер әсер етсе, онда бұл кездегі деформация бұралу деф. деп аталады. Мысалы бұл деформация бұранданы бұрағанда, дұрғыларда және т.б. кездеседі.
Деформацияланған дененің кез-келген қимасында оның үзіліп, бөліктерге бөлініп кетуіне кедергі жасайтын серпімділік күші әсер етеді. Дененің деформацияланған күйін кернеу немесе механикалық кернеу деп аталатын шамамен сипаттаймыз.
Механикалық кернеу деп – серпімділік күшінің F модулінің дененің көлденең қимасының S ауданының қатынасына тең шама.
[]=H/м2=Па
Шамалы деформацияларда кернеу салыстырмалы ұзаруға тура пропорционал: - бұл Гук заңы деп аталады.
Мұндағы Е – серпімділік модулі немесе Юнг модулі деп аталады.
Беріктік – бұл сыртқы күштердің әсерінен дененің пішінінің қирап сынуына және кері өзгерісіне кедергі болатын дененің қасиеті.
Пластикалық – бұл сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін де өзінің деформациясын сақтайтын дененің қасиеті. Мысалы серпімді болат қыздырғаннан кейін пластикалық болады және оңай өңделеді.
Практикада қатты дене морттық деп аталатын қасиетімен үлкен мәнге ие. Егер материал болмашы деформациялардан қирап бұзылатын болса, ол материал морттық деп аталады. Мысалы, шыны, форфордан жасалған бұйымдар морт болады.Шойын , мәрмәр, янтарь жоғарғы морттық қасиетке ие.