ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет12/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Абсолют ылғалдық – бұл берілген температурада ауадағы су буының тығыздығы. Абсолют ылғалдылықтың хбж-гі өлшем бірлігі кг/м3.
Ауаның ылғалдық дәрежесін, яғни оның құрғақ немесе ылғалды екенін анықтау үшін салыстырмалы ылғалдық делінген шама енгізеді.
Берілген температурадан ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың р0 қысымына процентпен өрнектеліп алынған қатынасы ауаның  салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады: ; мұндағы  - су буының парциал қысымы, н – қаныққан бу қысымы.
Ауаның ылғалдылығын психрометр арқылы өлшейді.
Психрометр екі термометрден тұрады. Олардың біреуінің резервуары құрғақ күйінде болады да ауаның температурасын көрсетеді. Екіншісінің резервуары бір ұшы суға батырылған шүберекпен оралады. Су буланады, осының нәтижесінде термометр салқындайды.
Салыстырмалы ылғалдық 100-ке тең болғанда су тіпті буланбайды және екі термометрдің де көрсетуі бірдей болады.
Адам терісінің бетіндегі ылғалдық буланып кебу шамасы ауаның ылғалдылығына байланысты.
Кітапханаларда ауа ылғалдылығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет.
Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдық қажет.
Метеорологияда ауа райын күні бұрын болжап айту үшін де ылғалдылықты білудің үлкен мәні зор. Адам үшін неғұрлым қолайлы болатын салыстырмалы ылғалдық (40-60) ғарышкемеде.
Егер қаныққан буы бар ауаны қыздырсақ онда бу қаныққан бола алмайды, бірақ ондағы су буы тығыздығы өзгермейді. Бұл жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді.
Адам үшін қалыпты салыстырмалы ылғалдылық (50-60) болып саналады.
Су буы қаныққан буға айналатын температураны шық нүктесі деп атайды.
5.5.Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация, ауызша сұрау, тест тапсырмаларын шешу, аудиториямен кері байланыс теориялық сбақтың тақырыптары бойынша білім алушылармен әңгіме, есептер шығару , карточкалеармен жұмыс, крассворд құрастыру, шағын топпен жұмыс, нақты жағдайлар әдіс, коммуникативтік тапсырмалар әдісі , командада жұмыс істеуге негізделген оқыту әдісі, дискуссия, пресс- конференция, дебат,диспут, дөнгелек үстел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет