ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет24/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау : ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Сұйықтардағы электр тогы.

  2. Электролиттердің электр өткізгіштігі. Электролиз заңы.

  3. Фарадей тұрақтысы. Электролиздің техникадағы қолданылуы.

  4. Газдардың электр өткізгіштігі. Тәуелді және тәуелсіз разрядтар.

  5. Плазма туралы түсінік.

Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
10 сабақ
5.1. Тақырыбы: Электр сиымдылығы. Конденсатор.
Сағат саны:2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Оқушылараға электр сыйымдылығы мен конденсатор туралы түсінік беру.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;

  • сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;

  • өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;

Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Электр сыйымдылық туралы тұсінік.
2.Өткізгіштер нешеге бөлінеді?
3.Тізбектей өткізгіш.
Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин
Екі өткізгіштің электр зарядын жинақтау қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы электр сыйымдылығы деп атайды: (1) [C]=1Ф (Фарад)

  • Конденсатор деп аталатын екі өткізгіштен тұратын жүйенің электр сыйымдылығы үлкен болады.

  • Конденсатор – бұл бір-біріне жақын орналасқан екі өткізгіштен тұратын жүйе.

Құрылысы қарапайым және мейлінше кең тараған жазық конденсатор. Қарапайым жазық конденсатор біріне бірі жақын орналасқан бірдей параллель екі пластинадан тұрады.
Платиналар арасында диэлектрик барын ескерсек электр сыйымдылығы мынаған тең болады: (2) - жазық конденсатордың электр сыйымдылығы.
Элекр өрісінің энергиясы – бұл зарядталған конденсатор энергиясы.
(3) Зарядталған конденсатор энергиясы, мұндағы V=S·d
Конденсатордың түрлері: ауа, қағаз, керамикалық, электролиттік.
Зарядталған бөлшектер қозғалғанда электр заряды бір орыннан екінші орынға тасымалданады. Бұл жағдайда өткізгіште электр тогы жүрді деп атайды.
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
Өткізгіштегі бөлшектердің қозғалысын біз тікелей бақылай алмаймыз. Бірақ токтың бар екенін мына құбылыстарға қарап білуге болады:
1. Бойымен ток жүрген өткізгіш қызады.
2. Электр тогы өткізгіштің химиялық құрамын өзгерте алады.
3. Ток жақын тұрған көрші токқа және магниттелген денелерге күшпен әсер етеді.
Егер тізбекте электр тогы бар екені анықталса, онда бұл өткізгіштің көлденең қимасы арқылы үнемі электр заряды тасымалданып жатқанын білдіреді.
Уақыт бірлігінде тасымалданатын заряд ток күші деп аталады, токтың негізгі сандық сипаттамасы болады.
(4) токтың өлшем бірлігі [ I ]= 1 А (Ампер)
Ток күшін өлшеу құралы - Амперметр деп аталады.
Өткізгіштің көлденең қимасында зарядтардың таралуын сипаттау үшін ток тығыздығы J енгізіледі.
(5) ток тығыздығы. [ J ]=1А/м2
Кез – келген өткізгіште зарядқа Кулон күші әсер етеді. Электрлік зарядталған бөлшектерге әсер ететін, шығу тегі электростатикалықтан (яғни Кулондықтан) басқа кез-келген күштер бөгде күштер немеcе электр қозғаушы күш деп аталады.
(6) - ЭҚК
Әрбір өткізгіш үшін ток күшінің өткізгіш ұштарына түсірілген потенциалдар айырмасына белгілі бір тәуелділігі бар. Осы тәуелділікті өткізгіштің Вольт-амперлік сипаттамасы деп аталады. Оны кернеудің әр түрлі мәнінде өткізгіштегі токты өлшеу арқылы табады.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: (7), мұндағы R – токтың сыртқы кедергісі; U – кернеу .өлшем бірлігі В (вольт) Кернеуді вольтметрмен өлшейді.
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген U кернеуге тура пропорционал да өткізгіштің R кедергісіне кері пропорционал.
Толық тізбектегі ток күші тізбектің электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) оның толық кедергісінің қатынасына тең.
(8) r- ішкі кедергі
Өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы кедергі. Берілген кернеуде өткізгіштегі ток күші осы шамаға тәуелді.
(9) [R]= 1 Ом
Өткізгіш неғұрлым ұзын болса, соғұрлым оның кедергісі үлкен болады. әр түрлі металдардың кристаллдық торлары түрліше болады, сондықтан кедергі өткізгіштің затына тәуелді болады. Бұл тәуелділік өткізгіштің меншікті кедергісімен сипатталады ρ.
(10)
Меншікті кедергі скаляр шама, ол өткізгіштің зарядына және оның температурасына тәуелді болады.
Өткізгіш температурасының жоғарылауымен тордағы иондардың жылулық тербелісі күшейеді. Температура неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кедергі үлкен болады. Металдардың меншікті кедергісінің температураға қатысты тәуелділігі мына формуламен анықталады.
немесе (11), мұндағы ρ0-t0=00C кезіндегі меншікті кедергі, ρ - қандай да бір температурадағы меншікті кедергі,  - кедергінің температуралық коэффициенті.
Өткізгіштегі ток күші өткізгіштегі зарядқа тура пропорционал екнін біз білеміз, яғни , бұдан ток күші бөлшектердің реттелген қозғалысының жылдамдығына пропорционал екні шығады, яғни, qv. Сондықтан ток күші өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасына пропорционал деп айта аламыз: I  U. Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясы негізінде Ом заңын сапа жағынан түсіндіру, міне осындай. Электр энергиясы ток көзінен тұтынушы құрылғыларға – электр шамына, радиоқабылдағышқа және т.б. өткізгіш сымдар арқылы жеткізіледі. Ол үшін күрделілігі әр түрлі электр тізбектері құрылады. Көбінесе электр тізбегіне, тізбектің әр түрлі бөлімшесіндегі ток күшін және кернеуді бақылаушы құралдар амперметр мен вольтметрлер қосылады.
Өткізгіштерді қосудың барынша қарапайым және жиі кездесетін түрі тізбектей және параллель қосулар. Тізбектей қосу дегеніміз - өткізгіштердің бірінен кейін бірінің тізбектей жалғануын айтамыз.
I I I I

Осындай тізбектелуде әр өткізгіштің көлденең қимасы арқылы уақыт бірлігінде бірдей зарядтар өтеді, сондықтан оларда ток күші бірдей болады.


1 ереже: Барлық тізбектей жалғанған өткізгіштерде ток күші бірдей болады.
I1=I2=I3=…=IN (1)
2 ереже: Тізбектей жалғанған өткізгіштердің қорытқы кернеуі, әр өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең: U=U1+U2+U3+…+UN (2)
3 ереже: Тізбектей жалғанған өткізгіштердің қорытқы кедергісі, әр өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең: R=R1+R2+R3+…+RN (3)
Тізбектей қосуда өткізгіштердегі кернеу мен олардың кедергілері мына қатынаста болады: немесе (4)
Параллель қосу дегеніміз- барлық өткізгіштердің басын бір түйінге, ал соңының келесі түйінге жалғануы.
R1
I1 I1
Iқор I2 R2 I2 Iқор

I3 R3 I3



Бұл суретте кедергісі R1, R2 және R3 болатын үш өткізгіштің басы бір түйінге А-ға жалғанған, ал олардың соңы В түйінге жалғанған. Ток күші заңынан, I=q/t- дан мына ережелер шығады:
1 ереже: Өткізгіштерді параллель қосқанда тізбектің тармақталған бөліктерінде ток күші, әр өткізгіштердегі ток күштерінің қосындысына тең: I=I1+ I2+ I3+…+ IN (5)
2 ереже: Параллель жалғанған өткізгіштердегі кернеу бірдей: U1= U2= U3=…= UN (6)
3ереже: Параллель жалғанған өткізгіштердегі қорытқы кедергісінің кері шамасы, әр өткіз-гіштердегі кедергілердің кері шамасының қосындыларына тең: (7)
Параллель қосуда өткізгіштердегі ток күші мен олардың кедергілері төмендегідей қатынаста байланысқан: (8)
Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді.
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең: A=IUt (9) [A]= 1 Дж , 1 Дж =1В·А·с
онда (9) формула мына түрге келеді:
(10)
Кез-келген электр приборы – уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген. Сондықтан, токтың жұмысымен қатар токтың қуаты деген ұғымның да маңызы зор.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:
Егер A=IUt болса, онда (11) U=IR онда P=I2R (12)
Өткізгіште ток жүрген кезде одан энергия бөлініп шығады. Бұл ток энергиясы жылу түрінде бөлінеді. Бұл Джоульдық жылу деп аталады. Бұл процессті бірінші болып ағылшын ғалымы Д.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Х.Ленц тәжірибе жүзінде тағайындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет