ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет20/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау : Ауызша сұрақ жауап,тест.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Электр заряды.

  2. Электр зарядының сақталу заңы.

  3. Кулон заңы.

  4. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.

  5. Электростатикалық өріс. Кернеулік.

  6. Электр өрісін график түрінде кескіндеу.

  7. Біртекті электр өрісі.

Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин

8 сабақ


5.1.Тақырыбы: Электр өрісіндегі өткізгіштер
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: оқушыларға электр өрісінде заряд орын ауыстырғандағы істелетін жұмыс, потенциал, потенциалдар айырымын, электр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер туралы түсінік беру.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10мин
-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Диэлектриктер туралы түсінік.
2.Өткізгіштер.
3.Диэликтриктердің түрлері.
Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин
Қарама-қарсы таңбамен зарядталған, үлкен металл пластиналар біртекті өріс тудырады. Бұл өріс q зарядқа Жердің өз бетіне жақын жатқан тасқа F=mg тұрақты күшпен әсер ететіні сияқты, тұрақты күшпен әсер етеді.
Егер қарама-қарсы зарядталған пластиналар вертикаль орналастырылған болса, әр түрлі пластиналардағы зарядтар бірін-бірі тартып жұмыс жасайды.
Электр өрісінде орын ауыстырғандағы істелетін жұмыс мынаған тең: A=qEd (1)
Егер жұмыс дененің траекториясының пішініне тәуелсіз болса, онда жұмыс потенциалдық энергияның өзгерісіне тең: WP= qEd (2)
Бұдан бұл қатынас өрісте орналастырылған зарядқа тәуелсіз, жаңа ұғым потенциалды енгізу мүмкіндіін береді. Ed=
Электростатикалық өрістің потенциалы деп, зарядтың өрістегі потенциалдық энергиясының сол заряд шамасына қатынасын айтады.
(3) []=Дж/Кл немесе В (вольт)
Электростатикалық өрістің потенциалының мәні, потенциалдық санақ басынан нолдік деңгейді таңдап алуға байланысты.
Өрістің екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмасы мына түрге келеді: 1-2.
→ немесе онда A=q, потенциалдар айырымын 1-2 деп аламыз, онда A=q(1-2). Мұндағы 1 - 2-ні U деп белгілейміз.
Онда A=qU → (4) [U] =В немесе Дж/Кл
Екі нүктенің арасындағы потенциалдар айырмасы (кернеу) өрістің зарядты бастапқы нүктеден соңғы нүктеге көшіру жұмысының сол заряд шамасына қатынасына тең.
Кеңістіктің әр нүктесіндегі потенциалды білу арқылы, біз өріс туралы бәрін біле аламыз.
Өріс кернеулігі Е мен потенциалдар айырмасы арасындағы тәуелділікті былай түсіндіруге болады: → , бұдан 1-2 = U онда A=qU
Егер осы өрнекті (1) формулаға қойсақ, онда qU=q → (5)
Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі [ Е ] = Н/Кл.
Өткізгіштер – бұл электр тогын өткізетін заттар. Өткізгіштерде электр өрісінің әсерінен еркін қозғала алатын зарядталған бөлшектер болады. Мұндай зарядтар бүкіл өткізгіш бойында еркін қозғала алады.
Өткізгіш ішінде электр өрісі болмайды. Зарядтардың тепе-теңдік жағдайында өткізгіштің ішіндегі өріс кернеулігі ғана нөлге тең болып қоймай, заряд та нольге тең болады. Мысалы: неліктен эбонит таяқша қағаз қиқымдарын оны жүнге үйкемейінше тартпайды? Себебі біз оны зарядтаған жоқпыз. Бұл таяқшадағы электр өрісі мен электр зарядының нольге тең екендігін көрсетеді.
Диэлектриктер - бұл электр тогын өткізбейтін зат, яғни оларда еркін зарядтар болмайды. Диэлектриктердің оң және теріс зарядтары молекулалармен байланысқан, олар диэлектрик ішінде еркін қозғала алмайды.
Молекуладан үлкен қашықтықта оның модулі жағынан тең, ал таңбалары жағынана қарама-қарсы және бірінен-бірі қандай да бір қашықтықта орналасқан нүктелік екі заряд жиынтығы ретінде жуық түрде қарастыруға болады. Осындай бейтарап зарядтар жүйесін электірлік диполь деп атайды.
Диэлектрикті екі түрге бөлуге болады: полярлы диэлектриктер – бұлар оң зарядтар мен теріс зарядтардың центрлері бір-біріне дәл келмейтін молекулалардан тұрады. Мысалы: спирт, су, тұз, т.б. Полярсыз диэлектриктер - бұлар оң зарядтар мен теріс зарядтардың центрлері бір-біріне дәл келетін молекулалардан тұрады. Мысалы инертті газ, оттегі, бензол, полиэтилен және т.б. жатады.
Электр өрісінде диэлектриктің байланысқан оң және теріс зарядтарының қарама-қарсы жаққа қарай ығысуын поляризация деп атайды.
Егер өткізгіштер арасына диэлектрик орналастырсақ, онда өткізгіштер арасындағы диэлектрикке тәуелді электр өрісі әлсірейді. Өрістің әлсіреу дәрежесі диэлектриктің қасиеттеріне байланысты.
Диэлектриктердің электрлік қасиеттерін сипаттау үшін диэлектрлік өтімділік деп аталатын шама енгізіледі. Ортаның диэлектрлік өтімділігі дегеніміз бертекті диэлектрик ішіндегі электр өрісінің Е кернеулігінің модулі, вакуумдегі Е0 өріс кернеулігінің модулінен неше есе кем екендігін көрсетеді.
Сонда (6), мұндағы  - диэлектрлік өтімділік .
Екі өткізгішті зарядтағанда олардың біреуі +q , ал екіншісі –q заряд алады. Өткізгіштер арасында электр өрісі пайда болады. Кернеудің артуымен қатар өткізгіштер арасындағы электр өрісі күшейеді.
Күшті электр өрісінде (кернеу үлкен болғанда) диэлектрик (мысалы ауа) өткізгішке айналады.
Өткізгіштер арасында ұшқын атылып, олар разрядталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет