Акцепторлы (алған) қоспа – бұл аз валентті қоспа. Мұнда кемтіктер артық мөлшерде түзіледі. Өткізгіштік кемтікті болады, ал жартылай өткізгіш p – типті жартылай өткізгіш деп аталады. p – positive – оң.
Мысалы: кремний үшін алған қоспа валенттілігі n=3 In индий атомы болып табылады. Индидің әр атомы артық кемтіктердің түзілуіне әкеледі.
Жартылай өткізгіштерде электрлік кедергілер температураға аса тәуелді. Бұл қасиет жартылай өткізгіштің тізбегіндегі ток күші бойынша температураны өлшеу үшін қолданылады. Осындай приборлар термисторлар немесе терморезисторлар деп аталады. Олар әр түрлі түрде болады: шыбықша, түтікше, дискілі, шайбалы және моншақ түрінде, мөлшері бірнеше микрометрден бірнеше сантиметрге дейінгі шамада шығарылады.
Көптеген термисторлардың өлшейтін температуралшарының диапазоны 170 К-нен - 570 К-ге дейінгі интервалда жатады. Бірақ өте жоғары (≈1300 К) және өте төмен (≈4-80 К) температураларды өлшеуге арналған термисторлар да болады.
Термисторлар біраз қашықтықтағы температурараларды өлшеуге, өрт болғанын білдіретін дабыл қаққыштарда қолданылады.
Фоторезистор – бұл жарық түскенде кедергісі қатты өзгеріске ұырайтын жартылай өткізгішті резистор. Сезімтал датчиктердің сапасын, спектрдің әр түрлі диапазондарындағы жарық ағыны тығыздығының өзгеруін өлшейді.
5.5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация, ауызша сұрау, тест тапсырмаларын шешу, аудиториямен кері байланыс теориялық сбақтың тақырыптары бойынша білім алушылармен әңгіме, есептер шығару , карточкалеармен жұмыс, крассворд құрастыру, шағын топпен жұмыс, нақты жағдайлар әдіс, коммуникативтік тапсырмалар әдісі , командада жұмыс істеуге негізделген оқыту әдісі, дискуссия, пресс- конференция, дебат,диспут, дөнгелек үстел.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:20 мин
5.6. Әдебиет: Негізгі: 1.Физика [Мәтін] : жалпы білім беретін мект. қоғам.-гуманит. бағытындағы 11 сыныб. арналған оқулық / С. Т. Тұяқбаев [және т. б.]. - Алматы : Мектеп , 2020. - 248 бет. : сүр. - (Қоғамдық-гуманитарлық бағыт).Жансейтова, Ж.К. Физика: Дәрістер жинағы. / Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті. - Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2019. - 132б.
2.Федорова, В. Н. Физика : оқулық лицейлер мен колледждерге арналған / В. Н. Федорова, Е. В. Фаустов; қаз тіліне ауд. және жауапты ред. К. Б. Оразақынов ; РФ БҒМ. - ; "И. М. Сеченов атындағы Мәскеу мед. акад." ЖЖБ МБЖ ұсынған. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2013. - 384 бет. +эл. опт. диск (CD-ROM) : ил.4.Physics [Текст] : textbook / G. Sh. Omashova [and etc.]. - Almaty : Association of hiigher educationalinstitutions of Kazakhstan, 2016. - 304 p.
3.Казахбаева, Д. М. Физика. [Текст] : учебник для 10 кл. обществ.-гуманит. направления общеобразоват. шк. / Д. М. Казахбаева, Б. А. Кронгард, У. К. Токбергенова. - Алматы : Мектеп , 2019. - 216 с. : ил. - (Общественно-гуманитарное направление).Крэйн, К. С. Замануи физика. 1-бөлім : оқулық - Алматы 2013.
Қосымша: Мардонов, Б. М. Расчетно-проектировочные работы по сопротивление материалов : сборник - ; Одобр. Учен. Советом Атырауского ин-та нефти и газа. - Алматы : Эверо, 2014. - 256 с.
Амерханова, Ш. К. Физика-химиялық анализ әдістер: әдістемелк нұсқаулар = Физико- химические методы анализа : методические указания = Phusical- chemical methods of analysis : Laboratory manual on the discipline / Ш. К. Амерханова. - Алматы : Эверо, 2016. - 196 бет. С.