5.7. Бақылау : Ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин
1. Макроскопиялық денелер дегеніміз не?
2. Микроскопиялық денелер дегеніміз не?
3. Жылу құбылыстары қалай жүреді?
4. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау.5 мин
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
-Өткен «Механика» курсы бойынша № 1- 10 аралығындағы есептерді шығару.
А. П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы», «Рауан» 1998ж.
№ 2 сабақ
5.1.Сабақтың тақырыбы: Идеал газ. Газдың қысымы. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Менделев - Клапейрон теңдеуі.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты:параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде, термодинамикалық параметрлер арасындағы тәуелділікті айқындауды оқушыларға үйрету. 5.3.Оқыту міндеттері:
Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі:5 мин
-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-сабаққа дайындығын тексеру.
-сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 25 мин
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Изотермиялық процесс дегеніміз не?
Изобаралық процесс дегенгіміз не?
Изохоралық процесс дегеніміз не?
Изопроцесстердің графиктерін салыңыз.
Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин
Барлық үш макроскопиялық параметрлерді (қысым Р, көлем V, температура Т) байланыстыратын, сиретілген газдың берілген массасының күйін сипаттайтын теңдеуді алуға болады.
n=N/V, ал және екенін ескерсек, онда , олай болса (1) теңдеу мына түрге келеді: Мұндағы Больцман тұрақтысы k мен Авогадро тұрақтысы NA –ның көбейтіндісі универсалды газ тұрақтысын береді, және ол R шамасымен белгіленеді, енді , бұдан - Менделеев - Клапейрон теңдеуі деп аталады.
Күй теңдеуінен идеал газдың қысымы Р, көлемі V және температурасы Т араларындағы байланыс туындайды, онда Клапейрон – Менделеев теңдеуі мына түрге келеді:
және , бұл теңдеудің оң жақтары бірдей болғандықтан сол жақтары да бірдей болуға тиіс.
=const.- Клапейрон теңдеуі.
Қазіргі ғылымда төрт процесс қарастырылады: изотермиялық процесс, изобаралық процесс, изохоралық процесс және адиабатиялық процесс. Алдымен изотермиялық, изобаралық және изохоралық процестерді қарастырамыз.
Температура тұрақты болғанда өтетін процесс изотермиялық процесс деп аталады. 17 ғасырдың ортасында ағылшын ғалымы Р. Бойль және француз физигі Э. Мариотт тәжірибе жүзінде ашты. Сондықтан ол Бойль-Мариот заңы деп аталады.