ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы


Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз – бұл 1 кг заттың оның температурасы 1 К-ге өзгергенде алатын немесе беретін жылу мөлшері



бет8/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз – бұл 1 кг заттың оның температурасы 1 К-ге өзгергенде алатын немесе беретін жылу мөлшері.
Сұйықты буға айналдыру үшін оған белгілі бір мөлшерде жылу беру қажет. Бұл айналу процесінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйықты тұрақты температурада буға айналдырғанда оның молекулаларының кинетикалық энергиясы артпайды, бірақ олардың потенциалдық энергиясы артады.
Тұрақты температурада 1 кг сұйықты буға айналдыруға кететін жылу мөлшерін меншікті булану жылуы деп атайды. Бұл шаманы r шамасымен белгілейді және кг-ға бөлінген Дж-мен (кг/Дж) өрнектейді.
- массасы m сұйықты буға айналдыру үшін керек жылу мөлшері.
- бу конденсацияланғанда шығарылатын жылу мөлшері.
Балқу температурасындағы 1 кг кристалл затты сол температурада сұйыққа айналдыруға кететін жылу мөлшерін меншікті балқу жылуы деп атайды ().
- массасы m кристалл денені балқыту үшін керек жылу мөлшері.
- дене кристалданғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері.
ХІХ ғасырдың орта кезінде талай ғалымдардың көптеген тәжірибелері механикалық энергия ешқашан із-түссіз жойылып кетпейтінін дәлелдеді. Мысалы: балға бір кесек қорғасынға соғылса, қорғасын да белгілі бір шамаға қызады. Осы сияқты сан алуан бақылаулар мен тәжірибелерді қорыту кезінде термодинамиканың заңдары тағайындалды.
Жүйенің бір күйден екінші күйге өткендегі оның ішкі энергиясының өзгеруі сыртқы күштердің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең:
- ішкі энергия.
Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы денелермен жұмыс істеуіне жұмсалады.
Изотермиялық процесс кезінде жүйеге берілген барлық жылу мөлшері жұмыс істеуге жұмсалады: Q=A мұндағы, U=0
Газ жабық ыдыстың ішінде болсын делік, және оны қыздырсақ, онда ыдыс қабырғаларында жылу мөлшерінің алмасулары болады.
Изохоралық процесте көлем тұрақты болғандықтан газдың жұмысы нөлге тең. (V=const).
Жүйе энергиясының өзгеруі берілген жылу мөлшеріне тең, яғни U= Q мұндағы, А=0
Кез - келген газ кейбір жылу мөлшерлерін ала отырып, қызады және изобаралық кеңейеді. Бұдан оның ішкі энергиясы көтеріледі.
Изобаралық процесте, жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және тұрақты қысымда жұмыс істеуге кетеді: Q=U+A
Егер газ ыдыстың жылу алмаспайтын яғни, жылу сыртынан да ішіне де өте алмайтын қабырғасында табылсын делік. Осыдан газ көлемі оның қысымы және температурасы өзгереді. Осындай жағдайда газда өтетін процесс адиабаталық деп аталады.
Енді қоршаған денелермен жылу алмаспайтын, жүйеде өтетін процесті қарастырайық. Жылудан оқшауланған жүйедегі процесс адиабаталық деп аталады. Адиабаталық процесте Q=0 U= A


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет