томды күрделi жүйе деп ұйғарып, оның алғашқы моделiн ұсынған ғалым – Дж.Томсон. Томсон моделi бойынша атом дегенiмiз радиусы шамамен 10-10 м болатын шар. Бұл шардың бүкiл көлемi оң зарядталған, ал терiс зарядталған электрондар оның iшiнде су тамшысының iшiнде жүзiп жүрген түйiршiктер тәрiздi қозғалып жүредi (1.1 - сурет) . Томсон моделi атомның бiрқатар қарапайым қасиеттерiн сәттi түсiндiргенiмен көп жағдайда қиыншылыққа тiрелетiн.
О
1.2 - сурет
сы тұрғыдан атом құпиясына тереңiрек үңiлiп, оның жаңа бiр моделiн ұсынған ғалым ағылшын оқымыстысы Э.Резерфорд болатын. Ол өз тәжiрибелерiнде аса шапшаң α-бөлшектер жұқа алтын фольгадан шашыраған кездегi бұрыштық таралуын зерттей келе атомның планетарлық моделi деп аталатын моделiн ұсынды. Резерфордтың бұл моделi бойынша атомдағы оң зарядтар Томсон моделiндегiдей бүкiл көлемде таралмай, керiсiнше, оның орталығында жинақталады. Оны атом ядросы деп атайды. Ал электрондар болса Күн жүйесiндегi планеталар тәрiздi ядроны айнала қозғалып жүредi (1.2 - сурет). Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның өлшемi атомның өлшемiмен салыстырғанда шамамен 105 еседей кiшi.
Радиоактивті препарат, мысалы, радий жіңішке саңлау жасалған, қорғасын цилиндр 1 ішіне орналастырылған. Саңылаудан шығарылған α-бөлшектер шоғы зертелетін материалдың (алтын, мыс т.б.) жұқа фольгасына 2 түсіріледі. α -бөлшектер фольгадан шашырап өтіп күңіртті мырыш жағылған жартылай мөлдір экрнға 3 түседі. Экранға түскен әрбір бөлшек экранда жарқыл шығарады (сцинтилляция), оның микроскоп 4 арқылы бақылауға болады. Осы құрылғылардың бәрі ауасы шығарылған ыдыс ішіне ораналасады.
α-бөлшектер дің ауытқуларын зерттей отырып олардың біразы (шамамен екі мыңнан бірі) 900-тан артық бұрышқа ауытқитынын байқады. Олардың максимал тебілу күші Кулон заңы бойынша анықталады.
Fmax= qαq / 4πε0R2 ; qα - α-бөлшектің заряды; qα=2|е|; q– атомның оң заряды; R- атом радиусы; ε0- электр тұрақтысы.
Резерфорд мұнда, атомның оң заряды мен массасы кеңістігін өте кішкентай жеріне шоғырланған болса ғана α-бөлшектердың тебілуі мүмкін екенін түсінген болатын. Сөйтіп Резерфорд атомның түгелдей дерлік массасымен барлық оң заряды шоғырланған кішкентай дене идеясына – атом ядросы идеясына келеді. Ол ядроның өлшемдерін есептеді, Dя≈10-12-10-13 см (әр түрлі ядролардың диаметрі түрліше болады) Dат ≈(10-100 мың) Dя