ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет50/98
Дата25.09.2024
өлшемі2,27 Mb.
#145703
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау: ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1.Атомның құрылысы
2.Атомның алғашқы моделі
3.Резерфордтың атомдық моделі
5.Атом ядросы
6.Электрон саны және ядро заряды
7.Бор постулаттары
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин

18 сабақ


5.1. Тақырыбы: Радиоактивтілік.
Сағат саны: 2. 90 мин .
5.2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды атом ядросының құрылымын радиоактивтік, изотоптар, ядролық күштер және сол сияқты ұғымдар негізіне сүйене отырып, түсіндіру.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;

  • сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;

  • өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;

Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 10 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Радиоактивтілік.

  2. Радиоактивтік ыдырау заңы.

3.Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
1896 жылы француз физигі А.Беккерель алдын ала Күн жарығынан сәулелендірілген заттардың соңыннан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылдана жүріп, кездейсоқ заттардың радиоактивтілік құбылысын ашты. Мұндай заттарға, мысалы, Беккерель эксперимент жүргізген уран тұздары жатады. Оның ойында мынадай сұрақ пайда болды: уран тұздарын сәулелендіргеннен кейін көрінетін жарықпен қатар рентген сәулесі де пайда болмай ма екен? Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстіне уран тұзының қиыршықтарын сеуіп, ашық Күн сәулесіне қойды. Айқындағанан кейін пластинаның тұз жатқан бөліктері қарайғанын көрген. Ендеше, уран рентген сәулесі сияқты, мөлдір емес денелерден өтіп, фотопластинаға әсер ететін белгісіз сәуле шығарады екен. Беккерель бұл сәуле шығару Күнсәулелерінің әсерінен пайда болады деп ойлады. Бірақ ауа райы бұлтты болғандықтан, бір күні кезекті тәжрибені өткізу сәті түспеді де, Беккерель үсітіне уранның тұзы себілген мыс крест жатқан плстинаны үстелдің суырмасына салып қойған. Екі күн өткен соң плстинаны алып айқындаған кезде , онда крестің айқын көлеңкесі түрінде дақ пайда болғанын байқаған.
Бұл –уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерінсіз –ақ өздігінен белгісіз сәуле шығаратынын көрсетеді. Қауырт зертулер басталды.
Кеішпей Беккерель, уран тұздарының шығарған сәулесі, рентген сәулелері сияқты, ауаны иондайтын, соның салдарынан электорскоп разрядталатынын байқаған.
Сонымен бірге ол мынадай маңызды фактыны анықтады: сәуле шығарудың интенсивтігі тек препараттағы уранның мөлшерімен анықталады.
1898 жылы францияда Мария Складовская-Кюри және басқа да ғалымдар торийдің сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрі жаңа элементтерді іздеуде негізгі күш салған Мария Складовская –Кюри мен оның ері Пьер Кюри болды және олар мынадай жаңа элементерді ашты: полоний (Польша) және радий (сәулелі).
XIX ғасырдың аяғында реттік номері 83-тен жоғары химиялық элементтердің бәрі де радиоактивті болатындығы анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет