ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет32/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау: ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Тербелмелі қозғалыс және оның параметрлерін атаңыз;

  2. Еркін және еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді атаймыз?

  3. Механикалық резонансты түсіндір;

  4. Маятник және оның түрлерін атаңыз?

Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма беру. 5 мин

14 сабақ


5.1. Тақырыбы: Жарықтың электромагниттік табиғаты.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: жарықтың электромагниттік табиғаты,жарықтың таралу жылдамдықтарын оқып үйрену.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Оптика туралы түсінік.
2.Линзаның түрлері
3.Шағылу заңы дегеніміз не?
4.Линзаның оптикалық параметрлері.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Оптика – бұл ғылымның жарықты оқып үйренуге арналған бөлімі, бұл жарықтың жұтылуы, таралуы, сәуле шығару заңдылықтары қарастырылатын физиканың бір бөлімі. Оптика грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді.
Бұл бөлімнің дәрігерлер мен биологтарға объектіні зерттеу үшін де маңызы зор. Мысалы, микроскопия, спектрометрия, рефрактометрия, поляриметрия және т.б.Бұл бөлімде біз электромагниттік толқындарды оқып – үйренуді бұған дейінге қарағанда әрі қарай жалғастырамыз. Мұндай толқындарды жарық толқындары деп атайды.
Жарық көзінен, мысалы, шамнан, жарық барлық жаққа тарайды,айналадағы нәрселерге түседі, атап айтқанда оларды қыздырады. Жарық көзге түскенде жарық көру әсерін туғызады- біз көреміз. Жарық таралғанда бір денеден (жарық көзінен) екінші денеге (жарық қабылдағышқа) әсер беріледі.
Жалпы бір дене екінші денеге әр түрлі екі тәсілмен әсер етеді: жарық көзінен жарық қабылдағышқа зат тасмалы арқылы, немесе зат тасымалынсыз,денелер арасындағы ортаның күйі өзгеру арқылы.
Сөйтіп, әсер бір денеден екінші денеге толқын арқылы беріледі.
Жарық әсерінің жарық көзінен қабылдағышқа берілуінің мүмкін болатын екі тәсіліне сәйкес, жарықтың не екені, оның табиғаты қандай болатыны жөнінде бір-бірінен мүлде өзгеше екі теория туды және дамыды. Бұл теориялар 17 ғасырда бір мезгілде дерлік дүниеге келді.
Бұл теориялардың біреуі Ньютонның, ал екіншісі Гюйгенстің есімдеріне байланысты болды.
Ньютонның теориясы бойынша жарық дегеніміз жарық көзінен жан-жаққа кететін бөлшектердің ағыны ( зат тасмалы).
Гюйгенстің ойлауынша жарық дегеніміз – бүкіл кеңістікті толтырып барлық денелердің ішіне өтетін ерекше гипотетикалық ортада – эфирде таралатын толқындар.
Бұл екі теория да жарық табиғатын, жарықтың таралу заңдарын жеткілікті түрде түсіндіре алды. Сөйтіп , бір жағынан жарық дегеніміз электромагниттік толқындардың дербес жағдайы болса, екінші жағынан жарық шығарылғанда және жұтылғанда бөлшектер ағыны сияқты сипатқа ие болады екен.
Жарық қасиеттерінің толқындық крпускулалық дуализмі(екі жақтылылығы) туралы ілгеріде әңгімелейтн боламыз.
Жарық жылдамдығын анықтаудың ғылымдағы маңызы зор болды. Ол жарық табиғатын білуге көп көмектесті.
Жарық жылдамдығын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жүргізілген. Солардың бірі жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық тәсілі. Бұл тәсілмен жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы О. Ремер өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық жолы - өте ұзақ болды. Ол жол - күн жүйесіндегі планеталардың ара қашықтығы.
Өлшеу жұмыстары, Жер өзінің Күнді айнала қозғалысында Юпитерге ең жақын келген кезде жүргізілді. Бірнеше айдан соң дәл осындай өлшеулер Жер Юпитерден қашықтағанда жүргізілген, осындай өлшеулер ойламаған жерден, Ионың белгілі айналу периоды бойынша есептеп шығаруға болатын серіктің көлеңкеден 22 минут кешігіп шыққанын көрсетті.
Ремер мұны былай түсіндірді: Ионың кешігіп көрінген уақытын, соған сәйкес ара қашықтықты біліп, осы ара қашықтықты кешіккен уақытқа бөліп, жылдамдықты табуға болады.жылдамдық аса зор шама болып шықты, шамамен 300 000 км/с1 . жарық бір секундта Жер экваторының ұзындығынан 7,5 есе артық ара қашықтықта жүріп өтетіні белгілі.
Вакуумдегі жарық жылдамдығы эксперимент жүзінде анықталды. Жуықтап алғанда ол 300 000км/с-қа (3108м\с) тең. Барлық орталарда жарық жылдамдығы вакуумдегіден аз. Мысалы, судағы жарық жылдамдығы, вакуумге қарағанда 4\3 есе аз болады. Жарық жылдамдығының ерекше мәні болғанының себебі – дүниеде ешбір дененің жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық бола алмайды.

Жарық жылдамдығын 1676 ж. алғаш рет өлшеген дат ғалымы О. Ремер болды. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с-қа тең.


Жарықтың шағылу және сыну заңдарын толқындардың жай-күйін сипаттайтын ортақ бір принциппен шығарып алуға болады. Бұл принципті алғаш Ньютонның замандасы Христиан Гюйгенс ұсынған еді. Гюйгенс принципі бойынша: ортаның ұйытқуы барып жеткен әр бір нүктесі екінші реттік толқындардың көзі болып шығады.
Шағылу заңы: түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең. (α= )
Ш ағылдырушы бет айналық және дифузиялық
болып бөлінеді.Айналық бет – бұл оған түскен параллель сәулелер, шағылғаннан кейін де параллель болып қалатын бет.
Айналық бет жазық және сфералық болып келеді.
Жазық айна жарық шоғының бағытын өзгертеді және
жалған кескін береді. Жазық айнадан заттың кескінін тұрғыз үшін заттың әрбір нүктесінен түрліше екі сәуле қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет