Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8651
  1   2

 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық   ғылыми-



әмбебап кітапханасы 

 

 

 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

  

 

 

 

 

 

 

«Өлеңім - өмір серігім» 

 

БАЯН БЕКЕТОВА – 55 ЖАСТА 

 

Биобиблиографиялық көрсеткіш 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент -2015ж.

 


 

 

 



Оқырманға 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  ғылыми  әмбебап 

кітапханасы  Қазақстан  жазушылар  және  журналистер 

одағының  мүшесі,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының 

лауреаты, 

талантты 

ақын 

Баян 

Бекетова 

Қадырбайқызының  мерейтойына  орай  биобиблиографиялық 

көрсеткіш ұсынады. Биобиблиографиялық көрсеткіште Баян 

Бекетованың  өмірі  мен  шығармашылық  жолы,  жарыққа 

шыққан  кітаптары  мен  мерзімді  басылым  беттеріндегі 

мақалалары  туралы  жазылған  естеліктер  еніп  отыр. 

Биобиблиографиялық  көрсеткішті  құрастыруда  кітап, 

газет-журнал 

мақалалары, 

интернет 

сайттары 

пайдаланылды. 

Биобиблиографиялық 

көрсеткіш 

жаc 

ақындарға, студенттерге, кітапханашыларға және көпшілік 

оқырманға арналады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірдерек 



 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Бәйдібек  ауданының  

Боралдай ауылында дүниеге келген. КазГУ-дің журналистика 

факультетін  1984  жылы  бітіріп,  жолдамамен  Қазақ 

мемлекеттік  телерадио  комитетінде  редактор,  «Егемен 

Қазақстан»,    «Халық  кеңесі»,  «Ана  тілі»  газеттерінде  әр 

жылдары  тілші,  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған. 

2002-2007  жылдары    Алматы  қаласы  әкімдігі  аппаратының 

Тіл  басқармасында  бөлім  бастығы  болып  қызмет  етіп, 

биылдан  бастап  «Қазақстан»  республикалық  тарихи-

танымдық,  әдеби-мәдени  журналының  Бас  редакторы,  2007 

жылдан  бастап  Алматы  қ.  Тұтынушылардың  құқығын 

қорғау 

департаметінде 

мемлекеттік 

қызметте 

мемлекеттік  тілде  іс    жүргізу  қызметін  атқарады.    2010 

жылдан,  «Жаңа  Шолпан»  республикалық  мәдени-әдеби, 

әлеуметтік  журналының  құрылтайшысы,  шығарушысы 

әйелдерге  арналған  осынау  басылым  өтпелі  кезеңде 

ағартушылық  қызмет  атқарып,  рухани  айналысқа  түсіп, 

ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда көп жұмыстар 

атқаруда. 

             



80-жылдары  үлкен  әдебиет  айдынына        желкенін 

жайған талантты ақындардың бірі.  Оның бірде  алмастай 

өткір, бірде  күн шуағындай жылы,   тау бұлағындай мөлдір, 

нәзік те сыршыл   жырлары     оқырман назарын өзіне бірден 

аударады.  Әсіресе,  адам  жанының  нәзік  иірімдерін,  әйел 

әлемінің  сан  қырларын  бүкпесіз  жырлаған,    жүрек  

толқытып,    жан  тербер    ойлы  өлеңдері    ХХ  ғасыр  мен  ХХІ 

ғасырдың 

тоқайласар 

тұсындағы 

талғампаз 

оқырмандарының  жүрегіне  жол  тауып,  поэзияны  түсініп, 

тұщынып  оқитындар  үшін    іздеп  жүріп  оқитын  авторға 

айналды.  Оның  әсіресе,  «Жалғыздық»  атты  жыр  жинағы 

шыққан кезде өлең түсінетін жамағат жалт қарасып, елең 

еткені де елдің есінде.  Ол - Жаңа ғасырда қазақ поэзиясына 

жаңа леп, жаңа тыныс ала келген нәзік лирик.     

 

 

Оның 



шығармашылығы 

жөнінде 

М.Әлімбаев, 

Қ.Мырзалиев,  Ф.Оңғарсынова,      Т.Медетбек,  К.Ахметова, 

Е.Раушанов,  Р.Ниязбеков  сынды  мүйізі  қарағайдай    т.б. 

көптеген  көрнекті  ақындар  мен  сыншылардың    мақала 

жазып,    жылы    пікірлерін    білдіруі  соның  дәлелі.  Оның 

шығармашылығы жөнінде салмақты мақалаларда оң бағалар 

берілді,  мәселен,  Қ.Мырзалиевтің  «Жиде  жұпар  шашқанда» 

(«Әдебиет  айдыны»,  26.12.2006  ж.  №51(97),  Рафаэль 

Ниязбековтің «Ақынның желкен көтерген ақ кемесі» «Қазақ 

әдебиеті»  15.02.2010ж.),  қаламдасы  белгілі  талантты  ақын 

Бауыржан  Жақыптың  «Күн  астында  күнікей  қыз» 

(«Түркістан» №14  8.04.2010ж.) ағынан жарылып,  өлеңдерін 

талдап, тамаша мақалалар жазды.  

 Өзінің 

қатарластары 

қатарында, 

 

тегеурінді 

толқынның  алдыңғы  легінде  келе  жатқан  талантты  ақын 

2008  жылы  Халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының  

лауреаты, Халықаралық ІІ-Түркі поэзиясы мүшәйрасының,  

Халықаралық  ,,Сорос-Қазақтан,,    қорының  ,,Қазақстандағы 

жаңа  поэзия,,  бәйгесінің  жеңімпазы.  Алматы  қалалық 

әкімдігінің  «Абай  оқулары»,  Қала  күніне  арналған  қалалық 

ақындар мүшәйрасының т.б. жыр додаларының жүлдегері 

атанды.  1994  жылдан  Қазақстан  Жазушылар  одағының

1990  жылдан  ҚР  Журналистер  одағының  мүшесі.  2002 

жылдан 

Қазақстан 

Жазушылар 

Одағы 

басқармасы 

жанындағы Поэзия кеңесінің мүшесі.     

Алғашқы  өлеңдері  «Алғабас»,  «Қазақстан  пионері» 

газеттерінде жарық көріп,  «Аудитория» /1984 ж. ,,Жалын,, 

б-сы./    «Қарлығаш»  /1986ж.  «Жалын»  б-сы./  ,    «Күміс 

күйме»  /2001ж.  ,,Сорос-Қазақстан,,  /,    «Қыз-ғұмыр»  

/2001ж, «Жалын»/,  топтама жыр жинақтарына енген. 

Әр  жылдары  шыққан  6  кітаптың    авторы:      ,,Үмітім 

менің,, ,/,,Жалын,, б-сы. 1982ж. /, ,,Жалғыздық,, /,,Жалын,, б-

сы.  1984ж./,    ,,Сәмбітал,,  /,,Қазақпарат,,  б.,  2001ж./, 

,,Көлбастау,, /,,Жазушы,, б., 2001ж./  ,,Мен сені сағынғанда,, 

 

 

/«Қазақпарат» 



2005ж/, 

«Ұйықтамайды 

жұлдыздар» 

/«Нұрлы  әлем»  бас.  2010ж/,  жарық  көрген.  Орыс  тіліндегі 

өлеңдері  Мәскеуден  шыққан  шығыс  ақын  қыздарының  жыр 

жинағы  «Мадонны  Турана»  /2007  ж,  /  жарық  көрді.  Анна 

Ахматова,  Марина  Цветаеваның,  Қытайдың  классик  ақыны 

Либоның  біраз  өлеңдерін  аударған.    Оның  20-ға  жуық  өлең 

мәтіндеріне  ән  жазылып,  рухани  айналысқа  түскен. 

Әсіресе,оның  сөзіне    жазылған  Заттыбек  Көпбосынұлының 

«Ақ маржан» әні бүкіл қазақ халқының сүйіспендігіне бөленіп, 

хидке айналып кетті. 

Орыс  тілінде  өлеңдері  20014ж.  Мәскеуден  орыс  тілінде 

шыққан 

«Қазақ 

ақындарының 

орыс 

тіліндегі» 

антологиясына «Жемчужина» 2-ші томына енген, жуырда 

Алматыда тұсаукесері өткен 2015ж. «Жыр жауһары» қазақ 

поэзиясының 

10 

томдық 

антологиясына 

енген.   

Шығармасы  мен  қызметі  жөнінде  2004  жылы  шыққан 

«Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» атты анықтамалық-

кітапқа,  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  энциклопедиясына 

кірген. 

   1994  жылдан  Қазақстан  Жазушылар  одағының,  1990 

жылдан  ҚР  Журналистер  одағының  мүшесі.  2002  жылдан 

Қазақстан  Жазушылар  Одағы  басқармасы  жанындағы 

Поэзия кеңесінің мүшесі. 

Оның  шығармашылық  еңбегі  Үкімет  тарапынан 

еленіп,      «ҚР  Тәуелсіздігіне  20»  медалімен,  «Әль-Фараби 

атындағы  Ұлттық  университетіне  80  жыл»  медалімен 

марапатталған.    ОҚО  Бәйдібек  ауданының  «Құрметті 

азаматы». 

 

 

 

 

 

 

 

Кітаптары 

 

 Бекетова  Б.  Ұйықтамайды  жұлдыздар: 



Жыр кітабы. – Алматы: «Нұрлы Әлем». – 2010. – 

Б. 272.  

 

 

 

 

 



Бекетова  Б.  Жалғыздық:  Өлеңдер.  – 

Алматы: Жалын, 1994. – Б. 160. 

 

 

 

 



 Бекетова  Б.  Мен  сені  сағынғанда...:  Өлеңдер. 

– Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. – Б. 172. 

 

 

 

 



Бекетова Б. Сәмбі тал: Жыр жинағы. – Алматы: ҚАЗақпарат, 

2001. - Б. 200. 

 



Бекетова  Б.  Көлбастау:  Өлеңдер.  –  Алматы:  Жазушы,  2001.  – 

Б. 176. 

 

 

 

 

 

 

Баян Бекетованың сөзіне ән жазылған өлеңдер 

 

Мен сені сағынғанда, әні: Т.Әлпекұлы,  Ләззат Қарашева  



 

Ақ маржан  әні:  Заттыбек Көпбосынұлы. 

 

Ана. әні:  Заттыбек Көпбосынұлы. – Еркін  



 

Жалғыздық. әні:  Заттыбек Көпбосынұлы.- Хадиша  

 

Балапан  –  бақыт.  әні:    Заттыбек  Көпбосынұлы.  Гүлнәз  бен 



Самат 

 



Саған, гүлім. әні:  Заттыбек Көпбосынұлы.  

 



Құс қанатындағы хат. әні:  Жарылқасын Дәулетов   

 



 Қыз жолы. әні: Марат Оралхановтікі – Гүлнәр Сихымбаева. 

 



Жоғалып қалған тұмар ең. әні: Жарылқасын Дәулетов,  

 



Мен сені сағынғанда, әні: Қанипа апаның қызыныкі.  

 



Жаныма тағы мұң сіңді. әні: Жарылқасын Дәулетовтікі  

 



 «Қыз  жолы».  Г.Сиқымбаева,  сөзі  Б.Бекетованыкі,  әні:  Марат   

Саттархановтікі. 

 



Бауырларыма. әні: Сәдуақас Салабековтікі  

 



«Адастырмайтын аға бар» әні: Нұрлан Бекетов 

 



«Сен келгенде» әні: Жарылқасын Дәулетов 

 



 Туған тілім – туған шешем әні: Марат Илиясовтікі  

 



Қазақтың сарбаздары  әні: Марат Илиясовтікі 

 



Бақыт вальсі  әні: Марат Илиясовтікі 

 



Гүлдер-гүлдер  әні:  Асқар Әлімбетов 

 



Жеңеше  әні:  Асқар  Әлімбетов 

 



Ізгі аға  әні:  Ошат Рахимовтікі 

 



 Боралдайым  - ботам  әні Әзімхан   

 



 Анама әні:  Нұрлан Бекетов 

 



Көлбастау – көкемнің жайлауы  әні:  Айтмұрат 

 



Мәңгілік ел - әні:  Нұрлан Бекетов 

 



Жан әкем - әні: Марат Илиясовтікі 

 



Махаббат көпірі - Нұрлан Бекетов 

 



Ізде сен мені - әні Әзімхан   

 



Нәзік қанатым - әні:  Нұрлан Бекетов 

 

 



 

Боралдайдың бойында - әні:  Нұрлан Бекетов 

 



Ізде сен мені  әні Әзімхан   

 

Баспасөз беттерінен 

 



Бекетова Б. Тұлпар тұяқ: // Халық кеңесі. – 1993. – 17 ақпан. – 

Б. 1.                

 



Бекетова  Б.  Сәмбі  талың  мен  сенің:  [өлең]  //Оңтүстік 

Қазақстан. – 1999. – 5 маусым. – Б. 5. 

 



Бекетова  Б.  Мен  Күнбағыс;  Баян  әлем;  Өлең  жазам  апыр-ау, 

несіне мен?;...Сен өзіңнен қашқың келді-Сен едің!; Тырналар тізбегі-

тағдырым:[өлеңдер] // Қазақ әдебиеті. – 2000. – 2 маусым. – Б. 1. 

 



Бекетова  Б.  Бақыттың  тілі  –  құс  тілі;  Құштарлық;  Бір 

қолымда қаламым...Заманыма тіл тиді:[өлеңдер] // Жұлдыз. – 2002. - 

№4. – Б. 116-118. 

 



Бекетова 

Б. 

Сағи 



жұлдыз 

шақтанып...; 

Ізде; 

Балбалдар:[өлеңдер] // Қазақстан әйелдері. – 2002. - №1. – Б. 4. 

 



Бекетова  Б.  Жүк  түсіріп  жүрекке;  Жігіт  арманы; 

Сенім:[өлеңдер] // Қыз құпиясы. – 2002. - №2. Б. 4-5. 

 



Бекетова Б.Жүк түсіріп жүрекке:[өлең] // Денсаулық. – 2002. - 

№6. – Б. 23. 

 



Сын - әдебиет айнасы десек, оның бүгінгі деңгейі қандай?: 

[пікірлер] //Алтын Орда. – 2004. – Б. 18-24. – Авт.:Б. Сарбалаев, Ж. 

Кәрібаева, Б. Бекетова, О. Жанайдаров. 

 



Бекетова Б.Байыпқа зәру баба тіл  //Отбасы және денсаулық. – 

2004. - №4. – Б. 18-19. 

 



Бекетова Б. Мен мөлдір шықпын[өлеңдер] // Парасат. – 2004. - 

№3. – Б. 34.  

 



Бекетова  Б.  Армантауға  сапар  шегіп  ағардым...:[өлеңдер]  // 

Қазақ әдебиеті. – 2005. – 4 ақпан. – Б. 1. 

 



Бекетова Б. Сүю мен сүймеу: [өлеңдер] // Жас алаш. – 2005. – 7 

сәуір. – Б. 1. – Мазм.: Бала бұлт; Көктемгі түстер; Сәмбі тал. 

 

 



 

Бекетова  Б.  Тілін  білмегеннен  түңіл!:  [Алматыда  өткен  «Тіл 

апталығынан»] // Алматы ақшамы. – 2005. – 6 қазан. – Б. 1. 

 



Бекетова Б. Көк жүзіне сөз айттым: [өлеңдер] // Отбасы және 

Денсаулық. – 2006. - №3. – Б. 23. – Мазм.: Көктемгі түстер; «Сәлем 

айттым  жоқ  жанға...»;  Арман  бізді  армандар;  Алақанымда  – 

ақырет!... 

 



Бекетова Б. Мұрагермін көк сия, қағазыңа:[өлеңдер] //Жалын. – 

2006.  -  №10.  –  Б.  21-23.  –  Мазм.:  «Адамзаттың  ойы,  ары,  көсемі 

ең...»;  Сары  көзді  сары  аяз  немесе  Желтоқсан  жайлы  жыр; 

Боралдайдың  бойында  немесе  Ауылым  –  Астанам;  Теңіз-теңіз 

тербелдім  тереңінде;  Ауыл.  Апам.  Күз;  «Көлбастау»  -  көкемнің 

жайлауы; «Мөп мөлдір» айна ғазалы ма екен..." 

 



Бекетова Б. Өзің туралы егіліп естелік жазу ойымызға келіп пе 

екен... // Жас алаш. – 2007. – 17 наурыз. – Б. 1. 

 



Бекетова  Б.  «Көгершін  боп  кеткенмін»:  [өлең]  //  Оңтүстік 

Қазақстан. – 2007. – 3 мамыр. – Б. 1. 

 



Бекетова  Б.  Менің  жаным  білмейді  жеңілуді...:  [өлеңдер] 

//Оңтүстік Қазақстан. – 2008. – 8 наурыз. – Б. 1. – Мазм.: Ұлым мен 

гүлім;  Ана;  «Жаныма  тағы  мұң  сіңді...»;  «Өмір  бәйге...»;  «Саған 

берген еншімді, егілуді». 

 



Бекетова  Б.  Құм  -  дала  қалқыған  арман  жүзіп...:[өлең]//Жас 

қазақ үні. – 2008. – 21 қазан. – Б. 1. 

 



Бекетова  Б.  Базына;  Талай;  Іздеу  аксиомасы;  Ақ  ұлпа  қар;  Ақ 

шағала: [өлеңдер] // Жұлдыз. – 2009. - №3. – Б. 115-116. 

 



Бекетова Б. Өлең жазып байыған адамды көргенім жоқ [ақын 

Баян  Бекетовамен  сұхбат]  /Сұхбаттасқан  Ү.Алтаева  //  Оңтүстік 

Қазақстан. – 2010. – 23 қаңтар. – Б. 1. 

 



Бекетова  Б.  Өлең  жазу  деген-сұлулыққа  іңкәрлік:  [ақын  Баян 

Бекетовамен  әңгіме]/Әңгімелескен  Қ. Байдәулетова //Айқын.  –  2010. 

– 31 наурыз. – Б. 1.

 

  

 



Аян  .  Бозторғай  –  боздың  бұлағы:  [ақын  Баян  Бекетованың 

шығармашылығы жайлы] // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 27 сәуір. – Б. 5. 

 

 

Баян Бекетова туралы лебіздер 



 

ҚАДЫР  МЫРЗАЛИЕВ 

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік  

сыйлықтың лауреаты  

 

Жиде жұпар шашқанда..

 

Қазақтың  теңіздей  терең,  мұхиттай 

шалқар  әдебиет  айдыны  тірі  организм 

секілді  үнемі  динамикалық  қозғалыста 

болатыны  мәлім.  Ол  әрдайым  жаңарып, 

жасарып,  өркендеп,  өсіп,  молығып,  толығып  отырады.  Үлкен 

әдебиет  айдынына  жылдар  ағымымен  лек-легімен  жаңа  толқын 

келіп,  желкенін  жайып,  жаңа  есімдер  ашылып,  тұлпарын  бәйгеге 

қосып жатады. Ол - заңды құбылыс. 

Тоқсаныншы  жылдардың  басында  үлкен  әдебиетке  бір  шоғыр 

жас  келіп  косылды.  Осы  шоғырдың  ішінен  өзінің  нәзік  те  шыншыл, 

табиғи  да  шынайы  өлеңдерімен,  өзіне  ғана  тән  колтаңбасымен 

оқырманын  елең,  еткізген  -  Баян  Бекетова.  Оның  әдебиет 

айдынында  керген  аппақ  желкені  расында  да  ерекше  көрінді.  Бұл 

есімі  бұл  күндері  жыр  сүйер  кауымға  жақсы  танымал.  Сол 

тұстарда  Жазушылар  үйінде  жиі  өтіп  жататын  поэзия  кештері 

мен  жыр  бәйгелерінде  жырлары  жүлдеден  көрініп,  жастар 

арасындағы  бір  бәйгеде  қазақтың  кабырғалы  ақыны  марқұм  Сағи 

Жиенбаев  (қазылар  алқасынын,  төрағасы)  сахнада  тұрып,  жас 

ақынның  сол  жолғы  өлеңдері  үшін  Қазақстан  Жазушылар  одағына 

мүшелікке алу туралы ұсыныс бергені туралы айтқаны да бар-ды. 

Бұл  автор  туралы  «Жыл  корытындысы»  деп  аталатын 

жиналыстарда  мінбеден  сөйлеген  сыншылардан  жылы  пікірлер 

есітіп  жүретінмін.  Өзім  де  көптен  бері  оның  сезімге  толы  нәзік 

лирикасын мерзімдік баспасөздерден оқып келемін. 

«Үмітім  менің»  деген  пышақтың  қырындай  тұңғыш  жыр 

жинағымен-ақ  оқырманын  елеңдетіп,  әдеби  кауымды  шуаққа  бөлеп, 

ертеңіне үкілі үміт байлатқан. Сол жинақта: 

 

Біле-білмей жолында құз-жар барын, 

Жасқа малып жүреді қыздар жанын. 

Кей адамдар түсінбей пәк ойымды

 

 

Үмітімді үcimmім ызғарға мың. 



Мият көріп көңілдің гулзар бағын, 

Aқ желкен бon айдында жүздi арманым. 

 Саусақтарым дірілдеп ұсынамын, 

Өлеңімнің  қып-қызыл  қызғалдағын,  -  деп  өлең 

өлкесінің  табалдырығын  ибамен  атғаған    биязы  Баян  қызымыздың 

жаңа кітабындағы өлеңдері әр алуан гүлден өрген гүлдестедей әсер 

еткенін айту ләзім. 

Одан  кейін  «Жалғыздық»,  «Көлбастау»,  «Сәмбі  тал»  секілді 

қадау-қадау  жыр  кітаптарын  бepіn  үлгеріптi.  Өлеңде  кітаптан-

кітапқа көшкен сайын өcin келе жатқанын аңғарам... 

Менің  қолыма  кездейсоқ,  автордың  жуырда  шыққан  калың  да 

емес,  жұқа  да  емес,  сырты  жасыл  түcтi  «Мен  ceнi  сағынғанда» 

атты өлеңдер кітабы түсті. 

Жыр  жинағы  көрнектi  ақын  апасы  Фариза  Оңғарсынованың 

алғы сөзімен, бата-тілегімен ашылыпты. 

«Баян  Бекетованың  өлеңдерідегі  шындықтың  шыңғырған  ащы 

айқайы  өлең  түсінетін,  поэзияны  іздеп  оқитын  адамды  жалт 

қаратады» деп жазыпты Ф.Оңғарсынова. 

Жыр жинағы «Аққу кие», «Өмір-жыр», «Мен сeні сағынғанда» 

деп  аталатын  үш  бөлімнен  құралыпты.  «Аққу  кие»  бөліміндегі 

өлеңдеріне  негізінен  ел  мен  жер  тағдыры,  өзі  өмір  cүpin  отырған 

қоғамдағы  құбылыстар,  тіл  мен  діл,  туған  ауылы,  гүлі  мен  қыры, 

шуақты  күні  мен  сүмбіле  түні,  жазира  жайлауы,  туған  анасы, 

бауырлары жырға арқау болған. 

Б.Бекетова-  өзіңмен  сырласып  отыратын,  бар  шындығын 

бүкпесіз  алдыңа  жайып  салатын  ақ  жарма,  талантты  ақын.  Оны 

оқырманымен жақындастыра түсетін қасиеті  де  осы айкөл  көңілі, 

адалдығы,  иненiң  жасуындай  жасандылығы  жоқ,  шынайылығы 

болса керек. Heнi жырласа да жанымен беріліп жырлап, жүрегімен 

тербеп,  айтайын  деген  ойын  ceзіміне  құндақтап,  жып-жылы  етіп 

ұсынуы - ақынның айқын ерекшелігі. «Аққу кие» өлеңінде: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет