Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата09.03.2017
өлшемі9,36 Mb.
#8650
  1   2   3   4   5

Кітаптың 

тұсаукесері 

Кембридж 

университетінде 

өтті

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі



(Жалғасы келесі санда)

№ 11 (192),  

мамыр, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

«МӘҢГІ ЕЛ»  МҰРАТЫНЫҢ 

ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ

 

Елордамыздың төрінде орналасқан Л.Н. Гумилев атындағы 



Еуразия ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бос 

жұмыс орындарының жәрмеңкесі-2015» іс-шарасы болып өтті. Оған 

еліміздегі 232 компания, 2000-нан аса бітіруші түлектер қатысты. 

Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігі жанындағы туризм комитеті, Стратегиялық 

жоспарлау департаменті, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Әділет 

министрлігі, «KEGOC» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «НИТ» 

АҚ, ҚР Мәдениет министрлігі мәдениет жөніндегі комитетінің 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы» республикалық 

мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ, «BІ 

group» Холдингі, «Холдинг «Касипкор» ҰАҚ, «Казконтент» АҚ, 

Эйр Астана, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, ҚР БҒМ мемлекет 

тарихы институты, "Промстройконтракт-А" ЖШС, Украин мәдени 

орталығы, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация 

министрлігі «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ә.Х. Марғұлан 

атындағы «Археология институтының» Астана филиалы, Мемлекеттік 

қызмет істері жөніндегі Агенттігі, «Казахстан инжиниринг» ЖШС, 

Заманауи зерттеу институты, «Астана су арнасы» МКК,  т. б.  бар.

«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі-2015» іс-шарасын ЕҰУ 

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА мүше-

корреспонденті Дихан Қамзабекұлы ашып, шараның маңыздылығына 

тоқталды. 2014 жылы Еуразия ұлттық университетін 3305 түлек бітірсе, 

оның 87 пайызы, яғни 2870-і жұмысқа орналасқанын, олардың ішінде 

833 магистрант, 58 докторант барын жеткізді. Сондай-ақ, университет 

түлектерінің дені үштұғырлы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін 

меңгергенін, сондықтан биылғы көрсеткіш былтырғыдан жоғары 

болатынына сендірді. 

«Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі – 2015» іс-шарасы талай 

жастың болашағына жол сілтеп, соның нәтижесінде еліміз білімді де 

білікті мамандармен толығатыны сөзсіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті 

лауазымына кірісу рәсімінде: «Президент сайлауы Қазақстан халқының 

кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке 

сенімін танытты. Мәңгілік Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. 

Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы! – деп 

тебірене сөзін бастаған еді.   

Иә, ғасырлар тоғысында, яғни XX ғасырдың  аяғы мен XXI ғасырдың  

басында Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіз, еркін туы қайта желбіреп, 

«бәйтеректей» шаңырағы биіктеп, сол бәйтеректің бұтақтары секілді берік 

уықтары да «шаншылды». Бір кезде, ортағасырларда қазақ мемлекеттілігінің  

бастауын қалаған, сол кездегі алып империялармен иық тірескен Түрік 

қағанаты Күлтегін бітіктасына «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясын 

халқына саяси манифест, үндеу ретінде жариялаған еді. «Осы құндылықтарға 

адалдық біздің Мәңгілік Ел – ғасырларға ұласатын  күшті де тиімді мемлекет 

құру туралы арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді»  – деп, Елбасы 

өзінің бесінші президенттік сайлаудағы жеңісіне арналған ұлықтауда қуаттай 

түсті.  


Ал осы егеменді мемлекеттің бастапқы қиын-қыстау кезеңінен бастап, 

бүгінгі өркендеген Қазақстанға әлемдік өркениеттілік кеңістігіне кіретін 

үлкен тарихи жолдың көшбасшы тұлғасы кім десек, әрине  кеше ғана бесінші 

президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

өзі. Енді міне, Елбасының ант беру рәсімінен кейін  халыққа өзінің «Ұлт 

Кембридж 

универ си­

те 

тінде Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры 

Ерлан Сыдықовтың ағылшын 

тілінде жарық көрген "Sha­

karim. The life of a kazakh 

poet" атты кітабының 

тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер барысында вице-

президент Питер Нолан мен 

Кембридж профессорларымен 

кездесу ұйымдастырылып, Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті мен 

Кембридж университеті арасында 

ғылыми жұмыстар жүргізу және 

өзара ынтымақтастық жөніндегі 

меморандумға қол қойылды.

Кембридж университетінің 

профессоры Сидхарт 

Саксен: "Шәкәрімнің 

шығармашылығымен танысу 

мен үшін Қазақстанды жаңа 

қырынан тану болды және 

ақынның философиялық 

ойлары мені ерекше тебірентті" 

десе, мәдениеттану докторы 

А.Тайзенхаузен: "Бұл кітапта 

қазақ ақыны, философ әрі 

педагог Шәкәрімнің бүкіл өмірі 

баяндалған. Бұл жерде бір 

ақынның өмірбаяны ғана емес, 

сонымен қатар бүкіл ұлттың 

тарихы жатыр" деп баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, 

қазақтың ұлы ақыны туралы кітап 

қазіргі таңда 4 тілде - қазақ, орыс, 

ағылшын, түрік тілдерінде жарық 

көрді, алдағы уақытта қытайлық 

оқырмандардың сұранысы 

бойынша күншығыс елінің тілінде 

жарық көрмек.

Университет ректоры осы 

сапар барысында "Болашақ" 

бағдарламасы бойынша білім 

алып жатқан қазақстандық 

студенттермен де жүздесті.

Тағы да атап өтетін бір жайт 

- Қазақстан ректорлар Кеңесінің 

төрағасы Ерлан Сыдықов 

QS Халықаралық рейтинг 

агенттігінің негізін қалаушысы әрі 

қазіргі таңдағы төрағасы Нунция 

Куакуареллимен кездесті. 

Жоспарын» түсіндіре отырып,  алға   қойылған  міндеттерді  шешудің жолдары  

еркіндік пен елдікті аңсаған ата-бабалар дәуірінің мұратына деген адалдық пен 

тарихи сабақтастықтан   бастау алатынын  көрсетті.  



Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым

Қызыл қанымды төктім,

Қара терімді ағыздым.

(Тоныкөк  жазуы,  XXXXII  жол)

«Дағдарыстар мен жанжалдар дүниенің төрт бұрышын біздің көз 

алдымызда тітіркендіріп отыр. Азаматтары қайыршылықта өмір сүріп немесе 

әскери жанжалдарда қаза тауып жатқан жолы болмаған мемлекеттер саны 

ұлғая түсуде. Тұрақсыздық Орталық Азияның шекараларына да тым жақын 

келіп тұр. Соңғы 2-3 жылда жаһандық проблемалардың өсе түскенін көре 

отырып, мен Қазақстанымызды қалай нығайту мен қауіпсіздендіру және аса 

табысты 30 елдің қатарына ену жолынан адастырмау туралы ойладым. Мен 

жағдайды басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен талқыладым. Барлық 

жауапкершілікпен ұлтқа мына жайды ескерткім келеді. Біздің әрі қарайғы 

дамуымызға әлі 5 жаңа сыртқы сын-қатерлер қауіп төндіруін жалғастыруда» 

– дей келіп, Елбасы оларды атап өтіп қана қоймай, одан  сүрінбей өтудің 

тетіктерін де айшықтады.

Сатай СЫЗДЫҚОВ


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС

ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ

Маңызды мәселелер қаралды

Очередная победа Елнура

 «Нұрлы жол – 

жастардың тірегі»

Еуразия ұлттық университетінде 

ЖОО проректорлары, декандары 

мен басқа да қызметкерлердің 

қатысуымен ректораттың кезекті 

отырысы өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 

баяндамалар оқу ордамыздың бірінші 

проректоры Жәмилә Нұрманбетованың 

басшылығымен тыңдалды. «ARTA 

компаниясының электрондық кадрлық 

жүйесі мен құжат айналымы жүйесін 

енгізу туралы» ARTA ЖШС қолдау 

қызметінің жетекшісі Е.Е. Қамыров 

баяндама жасады. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Еуразия 

ұлттық университеті электрондық 

кадрлық жүйе мен ARTA Sinergy құжат 

айналымы жүйесін енгізген болатын. 

Бұл платформа кәсіпорында бірлескен 

жұмыстар атқару, стратегиялық 

менеджменттен жылдам жобалар мен 

жоспарларды басқару, тапсырмаларды 

бақылау мен тайм-менеджментті 

қосқанда ұйымдарда басқару кезеңін 

шапшаңдататын веб-шешім болып 

табылады. Платформа бірыңғай 

контент қоймасын, деректер қорын, 

ақпараттарды жылдам семантикалық 

түрде іздестіру және басқа да 

мүмкіндіктерді қамтиды. 

Компания өкілі Е.Е. Қамыровтың 

баяндамасына қатысты қызметкерлерді 

басқару бөлімі, құжат айналымы 

мен басқару  бөлімі  және басқа 

да құрылымдық бөлімшелердің 

қызметкерлері тарапынан көптеген 

сауалдар мен ескертулер туындады. 

ARTA Sinergy жүйесінің көптеген 

атқарымдары екі жыл бойы соңына 

дейін жасалынбаған. Ұқсас ескертулер 

ректоратта құрылған аталмыш мәселені 

қарастыруға арналған арнайы комиссия 

тарапынан да айтылды. Ректорат 

мүшелері бірауыздан шешім қабылдады: 

ARTA компаниясына айтылған 

кемшіліктерді 1 ай көлемінде түзетуге 

мүмкіндік беріп, ректораттың келесі 

отырысында есебін тыңдау ұсынылды. 

«ASIIN халықаралық аккредиттеуге 

дайындық туралы» екінші мәселе 

бойынша декандардың есебі тыңдалды: 

жаратылыстану ғылымдар факультеті 

(Н.Л. Шәпекова), физика-техникалық 

факультет (А.Т. Ақылбеков), ақпараттық 

технологиялар факультеті (Ж.Қ. 

Нұрбекова), механика-математика 

факультеті (Н.Ж. Жәйшібеков). Сөз 

сөйлегендер аккредиттелетін білім 

беру бағдарламаларының дайындығы, 

оқу ғимараттарының жағдайы, ASIIN 

халықаралық рейтингтік агенттігінің 

жұмыс тобының жұмыс бағдарламасы, 

факультет сайттарының жағдайы 

туралы әңгімеледі. «Модульді білім 

беру бағдарламаларын әзірлеуде жұмыс 

берушілердің атсалысуы» атты үшінші 

мәселе жөнінде Академиялық мәселелер 

жөніндегі департамент директоры Ш.Б. 

Палымбетов баяндама жасап, жұмыс 

комиссиясының есебі тыңдалды. 

Жұмыс берушілермен өзара қарым-

қатынасты талдау 2012, 2013 және 2014 

жж. бакалавриат пен магистратураға 

қабылдауда модульді білім беру 

бағдарламалары негізінде (МБББ 

мазмұны туралы жұмыс берушілердің 

пікірі, кафедра отырыстарының 

хаттамалары) өткізілген болатын. 

Еңбек нарығының талабына сәйкес 

элективті курстар кәсіби жетілдіре 

оқытуды қажет етеді. Мысалы, 2014 

жылғы бакалавриатқа қабылдауда МБББ-

де жұмыс берушілердің бастамасымен 

халықаралық құқық кафедрасында 

«ЕАЭО құқығы» , «Инвестициялық 

құқық» сынды пәндер қосылды. 

Мұнымен қоса, комиссия тарапынан 

аталмыш мәселелер бойынша бірқатар 

ұсыныстар айтылды – «МБББ бекіту 

тәртібі» нұсқауын қосымша толықтыру, 

МБББ әзірлеу мен сараптамасына 

қатысу үшін жұмыс берушілер 

қауымдастығымен келісім жасау және т.б. 

Сонымен қатар ректорат отырысының 

үш мәселесі ЕҰУ-дің әлеуметтік-мәдени 

өміріне арналды. 

2014-2015 оқу жылындағы 

Студенттер үйінде әлеуметтік-мәдени 

іс-шараларды өткізу туралы есеппен 

Студентер үйі дирекциясының 

директоры Е.Е. Нұғманов таныстырды. 

Әлеуметтік және азаматтық даму 

департаменті директорының 

орынбасары Н.М. Романенко 

балалар үйі, интернат, қарттар үйін 

қолдау бойынша волонтерлердің 

студенттік қайырымдылық қозғалысын 

ұйымдастыру туралы сөз етті. 

Бүгінде білім ордамызда 

«Қайырымдылық» атты студенттік 

волонтерлер клубы жұмыс істейді. 

Оның құрамында 32 адам бар. Аталмыш 

клуб мұқтаж жандарға әлеуметтік және 

психологиялық қолдау, әлеуметтік 

маңызы зор іс-шараларды (тренингтер, 

акциялар және т.б.) өткізуде көмек 

көрсетумен айналысады. Және клуб 

қайырымдылық қорларымен және 

қозғалыстарымен тығыз байланыста. 

Есептік кезеңдегі клуб тарапынан 

өткізілген шаралар да баяндалды.

Сондай-ақ, Н.М. Романенко 2015 ж. 

мамыр айында өткен іс-шаралар туралы 

(Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Күлтегін 

күні) айтып өтті.

Тарих тереңіне үңілсек, Мәңгілік 

ел идеясы адамзат баласының сан 

ғасырдан бергі арманы болып 

келгендігін аңғарамыз. Әлемдік 

қауымдастықта көш бастап тұрған, 

мәңгілік  елге айналған алып 

империялар мен халықтар бар. 

Қазіргі таңда Қазақстан - әлем 

бедерінде мәңгілік елдің іргетасын 

қалаған, болашаққа сеніммен 

қарайтын қуатты мемлекет. Бүгінгі 

күнгі қазақтың Мәңгілік ел идеясы 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2014 

жылғы  «Қазақстан жолы – 2050: 

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 

сонымен қатар биылғы «Нұрлы жол 

– болашаққа бағыт» жолдауында  әрі 

қарай өз жалғасын табады.

Елбасымыз өз сөзінде: «Біз 

жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді 

басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің 

даму даңғылын Нұрлы Жолға 

айналдырдық. Қажырлы еңбекті 

қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы 

Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай 

тер төгуіміз керек,» - деп, жолдау 

аясында атқарылар істердің үлкен 

жауапкершілікті қажет ететінін атап 

көрсетеді. Бұл бағытта жастарға 

артылар міндеттер де бар. 

Осы мақсатпен Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дің  №5 Студенттер 

үйінде   филология факультеті қазақ 

тіл білімі кафедрасының профессоры 

Г.О.Сыздықова мен «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» мамандығының 2 курс 

магистранттары А.Рсымбетова, 

А.Кәрімбекова, Қ.Құрметұлының 

ұйымдастыруымен «Нұрлы жол – 

болашаққа бағыт» Жолдауы аясында 

және Қазақ хандығының құрылғанына 

550 жыл толуына орай тәрбие сағаты 

өткізілді. Шара барысында ҚТӘ-33 

тобының студенттері А.Боданов, 

З.Саликова, А.Құрманбаева, 

Б.Райхановалар тақырып бойынша 

баяндама оқып, қатысушылар 

жолдаудың 7 бағыты туралы, Қазақ 

хандығының құрылуы жайында өз 

көзқарастарын ортаға салды. Білімді 

жастарымыз еліміздің мәңгілігінің 

жолында өз үлестерін де қосатынын 

айтты.

Моңғолиядан ата жұртына білім 



іздеп келген қандасымыз, РЭТ-11 

тобының студенті Нұрболат Жандос 

«Елімнің болашағына кәміл сенемін! 

Өзімнің осындай патриот жастардың 

ортасында болғаныма қуанамын»,  - 

деп ағынан жарылып, «Моңғолиядағы 

азғантай ғана қазақ атадан қалған киелі 

өнерімізді өлтіріп алмауға тырысып 

бағамыз. Осындай оймен үйренген 

күйлерімді сіздерге тарту етейін»,  -  деп 

Д.Нүрпейісова, Н.Тілендиев тәрізді 

атақты  күйшілеріміздің туындыларын 

үлкен шеберлікпен орындады. 

Қазақтың қастерлі өнері мен еліне 

деген сүйіспеншілігін екі шекті 

домбыраға салып берген Жандостың 

орындаушылық шеберлігіне таңданған 

жұрт қимай тарқасты.



А. ҚҰРМАНБАЕВА, 

ҚТӘ-33 тобының студенті

На традиционных «Жуасовских 

чтениях -19», прошедших в КарГУ 

им.Бокетова и посвященных 

Великой Победе в  Отечественной 

войне, снова «засиял» один из 

талантливых студентов Евразийского 

университета Ешим Елнур, студент 

4 курса специальности «Археология 

и этнология». Из 19 отобранных 

участников с лучшими докладами, 

он занял почетное Первое место в 

секции «Исследование исторических 

личностей», заметно оторвавшись 

от своих конкурентов, набравший 

наибольшее количестиво баллов и, 

конечно же, завоевавший   симпатии 

строгого и высокого жюри.

Напомним, что буквально 

недавно на конкурсе «Лучший 

молодой исследователь-историк», 

организованном Национальным 

конгрессом историков, он занял также 

1 место из более чем 80 претендентов, 

оставив позади и некоторых молодых и 

маститых кандидатов наук ув возрасте 

до 35 лет! 

А в прошлом 2014 году году на 

Всероссийском этнологическом 

форуме молодых исследователей, 

состоявшемся в Новосибирске,  он 

занял 2 место, представив строгой 

комиссии весьма интересный 

доклад по истории многоженства 

в Казахстане, сделав настоящий 

фурор перед светилами российской 

этнологии. В том же году он вошел в 

призеры Республиканской олимпиады 

по истории алашского движения, 

ежегодно проводимого партией «Ақ 

жол».       

Напомним, что он является 

учеником и дипломником Ученого 

секретаря Национального конгресса 

историков, автора школьного 

учебника по «Истории Казахстана» 

за 8 класс Зиябека Кабульдинова.

От имени всего коллектива 

ЕНУ желаем перспективному, 

 

талантливому и многообещающему 



исследовтелю крепкого здоровья, 

отличной учебы и новых больших 

Побед! Думаем, что евразийская 

молодежь поддержит почин Елнура 

Ешима».

 Е.САДВАКАСОВА


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

ТҰСАУКЕСЕР

НАША БИБЛИОТЕКА

Презентация  книги «Тозақ шеңберлері» 

(«Круги ада»)

«Ержүрек» он томдығы жарық көрді

Жиында сөз алғандар кең даланы 

ат тұяғымен дүбірлетіп өткен батыр 

ата-бабаларымыздың ерлігіне 

арналған онтомдықтың жастарға 

патриоттық тәрбие берудегі рөлі 

айрықша болатындығына тоқталды. 

«Отаншылдық сезім тілден бастау 

алады. Бізде бұрын барлық әскерилер 

антты орыс тілінде қабылдап, 

бұйрықты орыс тілінде орындады. 

Бірақ бұл олардың кінәсі емес. Қазір 

олай емес. Дегенмен де әлі кемшін 

тұстар өте көп. Жастар өздері оқып 

отырған тарихқа жеткілікті деңгейде 

қызығушылық танытпайды. Бүгінге 

жарық көріп отырған кітап сол 

олқылықтың орнын толтыруға қызмет 

етуі тиіс», - деді профессор Мырзатай 

Жолдасбеков.

Кітапта көпғасырлық қазақ 

тарихына қатысты әдеби шығармалар 

ондағы бейнелейтін оқиғаларға 

байланысты хронологиялық ретпен 

орналастырылған. Бірінші томға 

қазақ халқының ежелгі дәуірдегі 

өмірінен хабар беретін «Қисса 

Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер 

Көкше», «Қобыланды батыр», «Ер 

Тарғын» жырлары енгізілген. Екінші 

және үшінші томда Алтын Орда 

ғасырындағы «Едіге жыры», «Ер 

Қосай», «Сайын батыр», «Қисса 

Нәрікбай – Шора», «Орақ- Мамай», 

«Төрехан батыр» дастандары, ал 

төртінші томда «Аңшыбай батыр және 

оның ұрпақтары», «Қарадөң батыр 

және оның ұрпақтары» көрініс тапқан. 

Ал бесінші томнан ХVII ғасырдағы 

ерлік оқиғаларын суреттейтін 

«Орақты батыр», «Қарасай-Қази», 

«Еңсегей бойлы ер Есім» эпостық 

жырларын оқи аласыз.

Антологияның алтыншы және 

жетінші томдарына Абылай хан 

билігі тұсындағы батырлар туралы 

«Бөгенбай», «Қабанбай батыр 

туралы жыр», «Хан Абылай», 

«Олжаш батыр», «Сәтбек Батыр», 

«Райымбек батыр», «Ер Жасыбай», 

«Жидебай батыр» және тағы да 

басқа тарихи эпостары, тоғызыншы 

томға қазақ халқының отаршылдыққа 

қарсы күресіне арналған «Исатай-

Махамбет», «Кенесары», «Ағыбай 

батыр», «Батыр Науан», «Жасауыл 

қырғыны», «Сұраншы батыр» 

сияқты поэмалар біріктіріліпті. Соңғы 

оныншы том Ұлы Отан соғысындағы 

жауынгерлердің фашизмге қарсы 

күресіне арналған «Абдолла», 

«Мәншүк», «Болашақ үшін», 

«Әлия» сынды таңдаулы поэмаларды 

құрайды. Айта кетейік, көптомдық 

«Фолиант» баспасынан жарық 

көрген. Кітаптың алғашқы жүз данасы 

ҚР Қорғаныс министрлігіне беріледі.

Тұсаукесер кешінде ақын Серікзат 

Дүйсенғазы, күйші Айбек Бекбосын 

жиналған қауымға өз өнерлерін тарту 

етті. 


Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ

Университетімізде қазақ батырлық жырлары мен поэмалары 

жинақталған «Ержүрек» атты 10 томдық ірі еңбек жарық көрді. Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ мен ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлесіп іске 

асырған жобасы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Кітап 

тұсаукесеріне ректор Ерлан Сыдықов, белгілі ғалым-профессор Мырзатай 

Жолдасбеков, ақын Несіпбек Айтұлы, әдебиеттанушы Сейіт Қасқабасов, 

тағы да басқа ғалымдар мен оқытушылар, ҚР Қорғаныс министрлігі 

өкілдері, университеттің әскери кафедрасы курсанттары мен офицерлік 

құрамы, студенттер қатысты. «Ержүрек» көптомдығын құрастырған 

ғылыми топқа жетекшілік еткен филология ғылымдарының докторы Сейіт 

Қасқабасов еңбекке үлес қосқан барлық азаматтарға алғысын білдірді. 

Кітап тұсаукесері рәсімі барысында университет ректоры Ерлан Сыдықов 

оның бағалы әрі маңызды еңбек екенін ерекше атап өтті. 

В Евразийском национальном 

университете им. Л.Н.Гумилева 

состоялась презентация первого 

двуязычного - на испанском и 

казахском языках - издания книги 

«Тозақ шеңберлері» («Круги ада»), 

автором которой является выдающийся 

испанский поэт Хусто Хорхе Падрон. 

Данная встреча стала возможной 

благодаря поддержке ректора ЕНУ им. 

Л. Н. Гумилева Е.Б. Сыдыкова и декана 

факультета международных отношений 

Б.Ж.Сомжүрек.

Хусто Хорхе Падрон признан самым 

значимым ныне живущим поэтом Испании. 

Под его руководством были организованы 

несколько конгрессов и фестивалей 

поэзии в Европе. Он является основателем 

и главным редактором международного 

поэтического журнала «Экиваленсиас», 

обладателем более 50 международных 

литературных призов и премий, в том числе 

Европейской литературной премии 1986 

г., Международной премии Шведской 

Академии 1972 г. и др.

Его книга «Круги ада» была признана 

самой важной поэтической книгой за 

1973-1977гг. и была награждена Премией 

Фастенрат Испанской Королевской 

Академии языков, чего удостаивался до 

этого только Федерико Гарсия Лорка. На 

биеннале Ассоциации шведских писателей 

эта книга была отмечена как «Лучшая 

Европейская поэтическая книга за 1975-

1976 гг».

Будучи переведенной на более чем 

тридцать языков, испано-казахское 

 

двуязычное издание «Кругов ада» 



представляет собой первую испанскую  

книгу поэзии, переведенную на казахский 

язык, издание которой  стало возможным 

благодаря поддержке Посольства 

Испании в Казахстане. Перевод 

поэтических произведений выполнен 

молодой  казахской поэтессой Танакоз 

Толкынкызы. 

На презентации присутствовали автор 

книги Хусто Хорхе Падрон, проректор 

ЕНУ по социально-культурному развитию 

Дикан Камзабекулы, Чрезвычайный 

и Полномочный Посол Испании 

в Казахстане Мануэль Ларротча

переводчик книги Танакоз Толкынкызы, 

представители Посольства Испании 

Педро Соса, Элена Таладрид, 

видные писатели Казахстана – Серик 

Тургынбеков, Койшыгара Салгараулы и 

другие известные деятели культуры.

С приветственным словом выступил 

проректор ЕНУ Д. Камзабекулы, который 

ознакомил присутствующих с биографией 

Х.Х. Падрона и торжественно наградил 

писателя Почетной медалью ЕНУ 

им. Л.Н. Гумилева за вклад в развитие 

сотрудничества между Испанией 

и Казахстаном в области культуры. 

Посол Испании М. Ларротча выразил 

благодарность ректору ЕНУ Е.Б. 

Сыдыкову, декану ФМО Б. Сомжурек 

за содействие в организации данного 

мероприятия. Поэта и его переводчика 

приветствовал также известный казахский 

поэт и драматург, лауреат международной 

премии «Алаш», заслуженный деятель РК 

Серик Тургынбекулы.

Хусто Хорхе Падрон рассказал в свою 

очередь о своем пути в искусстве и истории 

создания книги «Круги ада». Танакоз 

Толкынкызы поделилась историей 

знакомства с испанским поэтом, рассказала 

об особенностях перевода, необходимых 

для  сохранения оригинального стиля 

автора. 

Аудитория с большим интересом 

слушала, как Х.Х. Падрон и Т. Толкынкызы, 

студенты ФМО, изучающие испанский 

язык зачитывали отрывки из «Кругов 

ада» на казахском и испанском языках. 

По окончании презентации Х.Х. Падрон 

и Т. Толкынкызы дарили свою книгу с 

дарственными надписями.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет