Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады


тілдерінде жарық көрген «SOUNDS OF KOBYZ» - «Қобыз сарындары»



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата09.03.2017
өлшемі9,36 Mb.
#8650
1   2   3   4   5

тілдерінде жарық көрген «SOUNDS OF KOBYZ» - «Қобыз сарындары» 

атты кітабының таныстырылымы өтті. 

Ақын, аудармашы, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан 

Тобаяқовтың «Қобыз сарындары» атты өлеңдер жинағы АҚШ-тың Нью-Йорк 

шаһарындағы «Либерти» баспа үйінде ағылшын және орыс тілдерінде басылып 

шыққан болатын. Кітаптың алғысөзін жазған танымал көсемсөзші әрі ғалым, 

аталмыш баспаның директоры, американдық баспагер Илья Левков. 

Көлемі 115 беттік, әсем безендірілген басылым ағылшын тіліне орыс 

тілінен тәржімаланған. Ақынның осынау лирикалық кітабында Отанға деген 

сүйіспеншілік туралы өлеңдері, философиялық ой-толғамдары, махаббат 

жырлары топтастырылған. 

«Либерти» баспасы 2013 жылы қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл 

Нұрпейісовтің екі томдығын ағылшын тілінде жарыққа шығарған болатын.

ЕҰУ-дің филология факультеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы 

кафедрасы ұйымдастырған тұсаукесер рәсімді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 

профессор Дихан Қамзабекұлы оқу ордасының басшысы Ерлан Бәтташұлының 

атынан кітап авторына Еуразия ұлттық университетінің ең жоғары наградасы 

«Гумилев» медалін табыс етті.

ЕҰУ жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының доценті, 

филология ғылымдарының кандидаты Ж. Бейсембаева ақынның аударма 

өлеңі туралы арнайы баяндама жасап, содан кейін кітаптың салтанатты 

тұсаукесер рәсімі болды. ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, ЕҰУ философия 

кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім және ақын, 

халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы ағылшын-орыс 

тілдерінде жарық көрген кітаптың тұсауын кесіп, қалам иесін құттықтады. 

Салтанатты шара одан әрі келісілген тәртіп бойынша баяндамалармен 

жалғасты. «Әдебиет – биік өнер», «Тобаяқов тұғыры», «Аудармадағы 

ұлттық ой», «АҚШ-тың рухани олжасы» тақырыбында ЕҰУ қазақ әдебиеті 

кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, ЕҰУ 

философия кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, ЕҰУ 

қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы 

Серік Негимов және ЕҰУ жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының 

доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ә.Бейсембаева, ЕҰУ орыс 

филологиясы кафедрасының оқытушысы, филология магистрі Д.Е. Байғозинова, 

«Аударма ісі» мамандығының магистранттары Б.Ипатов, О.Ковтун, 

Т.Жақыпбаев, А.Жалмұханбетов және басқалар  ақынның шығармашылығы 

жайлы кеңінен әңгіме қозғап, орыс және ағылшын тілдерінде оның өлеңдерін 

оқыды. 


 Сондай-ақ, «Бақытжанның бағы» туралы ақын, халықаралық «Алаш» 

сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы мен ақын, композитор Сламқожа 

Қарақыстақ жырсүйер қауымға арнау өлеңдерін поэзия тілімен жеткізді. Кештің 

соңында ақынның өзі де «Өлеңім - өмірім» деп жаңа жырларын оқып, қара 

шаңыраққа рахметін айтса, студенттер мен әншілердің орындауында Бақытжан 

Тобаяқовтың сөзіне жазылған әндер орындалып, әсерлі кештің көрігі қызғандай 

болды. Мұндай мүмкіндікті «Хабар», «Мир» телеарналары мүлт жібермей 

таспаға жазып алып, мерзімді басылым өкілдері суретке түсіріп жатты. 

Басқосу соңында жиналған қауым автордан қолтаңба алып, шат-шадыман, 

әдемі көңіл-күйде тарқасты.



М.ОТАШЕВ

«Қобыз сарындары» 

АҚШ-та жарық көрді 

Кездесуді Ғылыми кітапхана 

қызметкерлері (жауапты - Н. 

Баядилова) 

мен филология 

факультеті практикалық қазақ тілі 

кафедрасының доценттері Г. Өтелбай 

және ғылыми кітапхана жанынан 

ашылған жастардың «Сырғалым», 

«Алқа» клубтары өткізді.

Кездесу кешін филология 

ғылымдарының кандидаты 

Г.Т. Өтелбай жүргізді. Іс-шара 

барысында автордың қызмет жолына, 

жарияланымдарына және отбасына 

арналған слайдтар көрсетіліп, 

шығармашылық ғұмырнамасына шолу  

жасалды.  Олардың мазмұны К.Ә. 

Әлпейісова «Лениншіл жас» (қазіргі 

«Жас алаш») газетінде, «Қазақстан 

әйелдері» журналында, ҚР 

Жоғарғы Кеңесінде, ҚР Президенті 

жанындағы Әйелдер ісі, отбасылық 

демографиялық саясат комитетінде, 

ҚР Парламенті Сенатында 

әртүрлі қызметтер атқарғанынан 

(корректор, консультант, ілеспе 

аударма секторының меңгерушісі, 

бөлім меңгерушісінің орынбасары 

болғанынан) мәлімет берді. 

Автор көп жылғы шығармашылық 

ізденіс барысында «Мәдени 

мұра» бағдарламасы бойынша 

шығарылған «Әлемдік саясаттану 

антологиясында» грек ойшылдары 

Демокриттің, Аристотель мен 

Платонның, Сократтың, батыс 

ойшылдары Бенедикт Спинозаның, 

Джон Локтың, Паскаль Блездің 

жекелеген еңбектерін, тағы да басқа 

шығармаларды аударды.

Кеш барысында қонаққа 

әңгімелер жинағына, аударма 

жұмыстарына, қызмет жолына 

байланысты: «Жазушы болуыңызға 

не әсер етті? Әңгімелеріңіздің бәрі 

өмірден алынған. Солардың ішінде 

өзіңіз прототип болатын кейіпкеріңіз 

немесе таныс адамдарыныңыз бар 

ма? деген сияқты сұрақтар қойылды.

Өз кезегінде сөз алған жазушы 

К. Әбілқасымқызы: «Жазушылық 

мен үшін үлкен міндет. Мен өз 

қабілет-қарымымды байқаған соң 

алғашында кішкентай дүниелерді 

жазудан бастадым. Ол үшін әрине 

алдымызды үлгі-өнеге, тәлім алатын 

аға-апаларымыз болды ғой. Ерінбей, 

мемлекеттік қызметпен қатар, 

шығармашылықты да алып жүруге 

талаптандым. Алғаш жарияланған 

еңбегім де көз алдымда, ондай 

қуаныштар адам баласына күш-

жігер, қайрат сыйлайды ғой. Қазіргі 

жастар жан-жақты ізденімпаз, 

қажырлы болуы қажет. Біз әрқашан 

да бабалар өсиетін кеңейтіп, ұлттық 

дәстүрлерімізді сақтап отыруға 

тиіспіз. Жастар рухани сауатты болса 

деген тілегім бар» деген лебізін 

білдірді. «Жазушылықтан басқа 

неге қабілеттісіз, өнер мен мәдениет 

жағынан қандай қырларыңыз 

бар?» деген сұрақ арқылы оқырман 

К. Әлпейісованың «Отбасым» 

ұлттық құндылықтар» орталығы 

төрағасының орынбасары ретінде 

ұлттық киімдер мен  тағамдарды 

насихаттау конкурсында қазылар 

алқасы қатарында болғандығынан 

хабардар болды. Сондай-ақ 

қонағымыз  поэзия әлемінен де сыр 

шертіп, бірқатар өлең жолдарын 

оқып берді. 

Ғалым-аудармашы К. Әбілқасым-

қызының тағы бір еңбегі – 

ілеспе аударма жасаудың шебері 

болуында. Ғалымның бастамасымен 

республикамызда көптеген жұмыстар 

атқарылып, қазақ ілеспе аударма 

жасау жұмысы дамып келе жатыр. 

Бұл туралы ЕҰУ жалпы тіл білімі және 

аударма теориясы кафедрасының 

доценті, ф.ғ.к. Майнұр Бөрібаева жан-

жақты айтып,  педагогтік қызметіне 

арнайы тоқталды. 

Кездесу барысында «Сырғалым» 

және «Алқа» клубтарының 

жастары «Шекара асқан сағыныш» 

әңгімесінен  қойылым көрсетіп, 

әсем ән шырқады. Кеш соңында 

ЕҰУ ғылыми кітапхана директоры, 

философия ғылымдарының 

кандидаты  Б.Ә. Оразалиев 

қорытынды сөз сөйлеп, авторға «Ең 

көп оқылған кітап»  номинациясы 

бойынша алғыс хат табыс етіп, 

шығармашылық жеміс  тіледі. Автор 

осындай іс-шара өткізіп, шақырғаны 

үшін оқырмандар мен жастарға, 

университет басшылығына риясыз 

көңілін білдірді.



Айнұр НАЙМАНБАЙ,

филология ғылымдарының 

кандидаты, доцент

дейді ғалым-аудармашы Камал Әлпейісова

Жастар рухани 

сауатты болсын, -



Жуырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 

«Кітап – білім бұлағы» апталығы аясында Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі, ғалым-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты 

Камал Әбілқасымқызы Әлпейісовамен кездесу кеші  болып өтті. Бұл шара 

К.Ә. Әлпейісованың шығармашылығына және «Айтылмаған әңгіме» 

кітабына арналды.

ПОЭЗИЯ

8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

Е. Бекмахановтың 100 жылдық 

мерейтойы  аталып өтті

 «Екінші дүние жүзілік соғыс: жаңа деректер 

және интерпретациялар»

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС 

КОНФЕРЕНЦИЯ

Тарих факультетінде 

Ке не сары  ханның  шы­

найы бейнесін Кеңестік 

кезеңде де тайсалмай 

жазып халқына таныта 

білген  атақты  тарихшы                    

Е.Бекмахановтың туға­

нына 100 жыл толуына 

орай «НЕ? ҚАЙДА 

ҚАШАН?» атты интел­

лектуалдық сайыс өтті. 

Аталмыш сайысқа Ха­

лықаралық қатынастар, 

Журналистика және саясат­

тану, Әлеуметтік ғылымдар  

факультеттерінің І курс 

студенттері қатысты. Іс­

шара Е. Бекмахановтың 

өмірі мен еңбегі туралы 

бейнебаянмен басталды. 

Тарих факультетінің деканы 

т.ғ.д., профессор Т.С. 

Садықов жастарға Е. 

Бекмахановтың ұлт 

тари хында 

алатын 


орнын атап өтіп, 

қатысушыларға сәттілік 

тіледі. 

Интеллектуалдық 

са  йыс қа  Л.Н.  Гумилев 

атын дағы 

Еуразия 

ұлттық 


университеті  

Жас ғалымдар кеңесінің 

төрайымы А.Ж. Тур­

ханова, Студенттер ғы­

лыми қоғамының төрағасы 

А.Арғынғазинов 

ша қы­

рылды.


Сайысқа студенттер 

2 топқа бөлініп қатысты. 

Халықаралық қатынастар 

фа культетінің  студенттері 

«Жас қыран» тобы болса, 

Журналистика және сая­

саттану факультеті мен 

Әлеуметтік ғылымдар фа­

культетінің 

сту денттері 

бі 

рігіп «Шаңырақ» то­



бын құрды. 12 раундқа 

негізделген барлық кезеңде 

де қатысушылар өздерінің 

бі лімділіктерін, 

ізде нім­

паздықтары мен кез­

келген сыннан сүрінбей 

өте тіндіктерін 

дәлелдеді. 

Жарысқа төрелік еткен уни­

верситетіміздің  про фессоры 

К.И.Искакова, Қазақстан 

тарихы 

кафед расының 



мең герушісі 

Г.Т.Муса ба­

лина, 

де кан ның 



тәрбие 

ісі жөніндегі орынбасары 

Р.Ж.Екібаев, аға оқытушы 

Ж.О.Хасенова, 

оқы тушы 

Ж.С.Ерденбекова сту­

денттердің білімін 

саралады. Барлық 

қатысушыларға Алғыс 

хаттар мен сый 

лық 

ретінде қазынаға толы 



кітап табыс етілді.

Факультеттегі 

Сту         денттер 

ғылыми 


қоғамының төрағасы 

Н. Әбдіғали жә 

не 

студенттер А.Иман­



ғалиев, А.Бөстекбаева, 

А.Балчих, Ж.Тұр­

сынбек іс­шараның жоғары 

деңгейде өтуіне өз үлестерін 

қосты. 

Үш факультеттің І курс 



студенттері «Қазақстан 

тарихы» пәнінен дәріс оқып, 

іс­шараны ұйымдастырған 

т.ғ.к., доцент, деканның 

ғылыми жұмыс жөніндегі 

орынбасары Қ.О. Сейт­

казинаға алғыстарын 

білдірді.



Ардақ ҚАСЫМХАНОВ, 

Журналистика және 

саясаттану факультетінің 

І курс студенті 

Жуырда Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университеті Тарих факуль­

тетінің ұйымдас тыруымен Ұлы 

Отан соғысының 70 жылдық 

мерейтойына 

арналған  

«Екін 

ші дүниежүзілік соғыс 

тарихы: жаңа деректер 

және интерпретациялар» 

тақырыбындағы халықаралық 

ғылыми­практикалық кон­

ференция болып өтті.

Конференция жұмысына 

Ресей Федерациясы, Түркия, 

 

Өзбекстаннан ғалымдар 



шақырылды. Олардың ішінде 

Нижневартовск мемлекеттік 

университеті профессоры, 

ф.ғ.д. Наталья Сапожникова, 

Курск мемлекеттік университеті 

профессоры, т.ғ.д. Елена 

Кравцова, А.С.Пушкин атындағы 

Ленинград мемлекеттік 

университеті профессоры, т.ғ.д. 

Валентина Веременко секілді 

белгілі ғалымдар болды. 

Сонымен қатар ҚРБҒМ ҒК 

Мемлекет тарихы институтының  

ғалымдары, Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш 

Президенті­Елбасы атындағы 

ұлттық қорғаныс университетінің 

жоғары шендегі мамандары, 

Алматы, Қарағанды, Павлодар, 

Семей жоғары оқу орындарынан 

оқытушы­профессорлар, док­

торанттар, аспиранттар, 

магистранттар қатыстырылды. 

Мемлекеттік мұрағаттардың 

басшылары мен қызметкерлері 

шақырылды. Астанадағы 

орта мектептер мен лицей, 

гимназиялардың оқушылары мен 

мұғалімдері де қалыс қалмады. 

Ғылыми шараны Тарих 

факультетінің деканы, тарих 

ғылымдарының докторы, 

профессор Тілеген Садықов 

жүргізіп отырды. Кіріспе сөз 

алған 

Университетіміздің  



Әлеуметтік­мәдени даму 

жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА 

корреспондент мүшесі Дихан 

Қамзабекұлы конференция 

жұмысына сәттілік тілей келе, 

Ұлы Отан соғысы тарихының 

зерттелуі бүгінгі таңда үлкен 

қызығушылық тудырып 

отырғанын және бүгінгі ұрпақтың 

тарихқа деген қызығушылығының 

арта түскені ерекше құптарлық 

екенін баса айтты.  Тілеген 

Садықұлы өз сөзінде,  биыл 

Қазақ хандығының құрылғанына 

550 жыл, Қазақ халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР 

Конституциясының 20 жылдығы, 

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 

70 жылдығын  және Қазақстан 

Республикасы  Халықтары 

Ассамблеясының қолдауымен 

өткізілген Президент сайлауында 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 

қайта сайлануы сияқты оқиғалар 

тізбегі ұлттық тарихымызды 

айшықтай түсетінін айтты.

Конференцияның тағы да 

бір ерекшелігі – факультетте 

құрылған «ПОИСК» жобасы 

факультет ұжымының соғыста 

ерлік көрсеткен және хабарсыз 

кеткен әкелері мен аталары 

жайлы ақпарат беретін деректерді 

сүйінші етті. Бұл жобаны 

жүзеге асыруда аға оқытушы 

Т.В. Кошманның еңбегін айта 

кеткеніміз орынды. 

Бүгін де соғыс 

ардагерлерлерінің саны 

саусақпен санарлық екені белгілі. 

Олармен сұхбаттасып, сұм 

соғыстағы өшпес ерліктерін өз 

құлағыңмен есту бір ғанибет. 

Міне, осы мақсатта Тарих 

факультеті жанынан жасақталған  

«ПАРЫЗ» студенттер 

қоғамының атқарған жұмыстары 

видео­дерек ретінде ұсынылды.

Ғылыми­практикалық кон­

ференция аясында Қазақстан 

тарихы 

кафедрасының  



ұйымдастыруымен «Ұлы Отан 

соғысы: тарих және қазіргі 

заман» тақырыбында мектеп 

оқушыларының Республикалық 

эссе байқауы өткізілген 

болатын. Сайыс қорытындысы 

жарияланып, Маңғыстау, 

Теміртау, Қорғалжын 

мектептерінен келген жеңімпаз 

оқушылар марапатталды.

Конференцияда төрт 

секцияға біріктірілген 

мәселелердің кең ауқымы 

талқыланды. Атап айтсақ, 

«Ұлы Отан соғысы тарихы 

бойынша тарихи деректер 

және тарихнама», «Ұлы 

Отан соғысы майданындағы 

қазақстандықтар және әскери 

күнделікті өмір», «Ұлы 

Отан соғысы жылдарындағы 

саяси репрессиялар мен 

халықтардың жер аударылуы», 

«Отансүйгіштік Ұлы Отан 

соғысындағы Жеңістің қозғаушы 

күші ретінде».  Баяндамаларда 

қазіргі тарихнамадағы Екінші 

дүниежүзілік соғыстың 

гуманитарлық мәселелері 

қарастырылды. Қазақстандық 

және шетелдік мұрағаттардағы 

Екінші дүниежүзілік соғыстың 

тарихы бойынша мұрағаттық 

деректерді  зерттеу және 

жағдайын талдауға назар 

аударылды. Ұлы Отан 

соғысы ардагерлерінің 

құжаттар жинақтары және 

жеке қорлары, естеліктері 

талданды. Қазақстанның және 

қазақстандықтардың Ұлы 

Жеңіске қосқан үлесі сөз болды. 

Жиынға қатысушылар 

келесі күні Астана іргесіндегі 

«АЛЖИР» мемориалдық­ 

мұрағаттық кешенінде болып, 

тарихтың ақтаңдақ беттерінен 

сыр шертті. Өзара ой бөлісіп, 

естелік суретке түсті.

Қ.О. СЕЙТКАЗИНА,

Тарих факультеті 

деканының ғылыми

 жұмыс жөніндегі 

орынбасары


9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

«Ер – елінің қорғаны»



ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ

ОЛАР ОТАН ҮШІН ШАЙҚАСТЫ

немесе бір үйден соғысқа аттанған ағайынды үш азамат туралы

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА

Еуразия ұлттық универ­

ситетінің Әскери кафедра 

ұжымы тәлімі мол тағылымды 

шара өткізді. 

Шара барысында Қарулы 

күштер қатарында қызмет еткендер 

мен сапта жүргендерге барынша 

құрмет көрсетіліп, Ұлы Отан 

соғысы ардагерлері, ерлік пен 

батылдықтың өлшеусіз үлгісін 

көрсеткен жауынгерлерге тағзым 

жасалды. Еліміздің  Әнұраны 

 

ойналып біткен соң ЕҰУ-дің әскери 



кафедра меңгерушісі генерал-майор 

Уәли Еламановқа сарбаздардың 

сапта дайын тұрғаны жеткізілді. 

Сол-ақ екен мерекелік іс-шара 

Еліміздің Әнұранымен басталып 

кетті. Алғашқы кезекте ЕҰУ-дің оқу 

ісі жөніндегі проректоры Еркін 

Оңғарбаев сөз алып, ректор Ерлан 

Сыдықовтың ыстық сәлемін жеткізді. 

Сондай-ақ, Астана қаласы Қорғаныс 

департаментінің өкілдері мен ҰОС 

ардагерлері де қос мерекемен 

құттықтады. Олардың сөздерінен 

Отанға сүйіспеншілік іспетті адами 

құндылықтардың тұрақтылығы 

мен өлшеусіздігі, оның мүдделерін 

қорғауға әзірлік, патриотизм мен 

ерлікті құрметтеу сынды ізгі тілектер 

есіп жатты.

Халқымызда «Ер – елінің 

қорғаны» деген аталы сөз бар. ЕҰУ-

дің әскери кафедра ұжымы осындай 

жандардың ержүрек істеріне құрмет 

көрсете отырып, олардан өнеге алып 

өсетін жас ұрпақты тағылымды шара 

арқылы Отанына адал қызмет етуге 

баулуда. Олай дейтініміз, бүгінгі шара 

соның бір айқын дәлелі. 

Сондай-ақ, шара барысында 

генерал-майор Уәли Еламанов 

запастағы офицерлерді даярлау 

ісіндегі жеткен жетістіктері, 

жас буынға көрсеткен үлгі-

өнегесі, көтерген бастамалары 

және студенттерді оқыту мен 

тәрбиелеудегі ынта-жігері үшін 

бірқатар қызметкерлерге алғыс хат 

тапсырып, құрмет жасады. «Самұрық 

шоу-балет» театрының өнерпаздары 

өнер көрсетіп, «Еуразия» тобының 

әншілері жеңіс жырын шырқады: 

сарбаздар тарапынан соғыс және тыл 

ардагерлеріне шын жүректен бақыт 

пен татулық, ізгіліктер мен игіліктер 

айтылып, ардақты ардагерлеріміздің 

дені сау болып, солдаттар мен 

офицерлеріміз табысты қызмет етуіне 

тілектер білдірілді. Отан үшін от 

кешкен аға ұрпақ құрметіне арнайы 

дастархан жайылып, сарбаз ботқасы 

берілді. Жеңіс туралы өлеңдер 

оқылып, патриоттық тақырыпта 

әңгімелер қозғалды.

Күні кеше аталып өткен «Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы» мерекесі талайды 

толғандырғаны анық. Солардың бірі мен 

едім. Мереке жақындаған сайын қолға қалам 

алмау күнә сияқты. Мен әңгімені, алысқа 

кетпей, өз жанұямызда сұрапыл соғысқа үш 

бірдей ұлын аттандырған Ермек әйелі Жа-

ния әжеміз (неге екенін білмеймін, әжемнің 

фамилиясы өзінің күйеуінің аты болатын, 

Ермекова Жания) бен осы үлкен мерекеге 

жетпей кеткен оның ұлдары жөнінде сөз 

қозғап, оларға «Үрім бұтағымыз атынан – 

Тағзым» еткенді жөн көрдім. Ермек атамыз 

әкем он жасар кезінде дүние салған. Әжеміз 

96 жас өмір сүрді. Ең бақытты, заманауи 

«Әже» еді.

Біздің ұрпақтарымыз «Ашаршылық» 

кезін бастан кешіп, туған жерлері 

Қызылорданың Қазалы деген жерінен, ша-

масы 1929-1931 жылдар аралығы шығар 

сірә, (дәлдігін көзі тіріде сұрамаппыз) 

Өзбекстан Республикасының Төрткүл 

ауданының Намуна колхозында тұрақтаған. 

78 жасында қаза болған әкем Сағидулла 

сұрапыл ашаршылық кезеңде, өзін аман 

алып қалған өзбек еліне «Рахметін» ай-

тып, бізді осында жерлеңдер, ал сендер өз 

«Отандарың Қазақстанға» жылжыңдар 

деп  өле-өлгенше айтып кетіп еді. Сол әкеміз 

айтқан өсиетті орындап, қазір 8 баланың, 

жетеуі – Қазақстанға келіп Астана, Алматы 

және Талдықорған қалаларында өмір сүріп, 

елімізге адал еңбек етудеміз.

1941 жылы үлкен Ұлы Ермеков Нұрылла 

мен Үбайдулланы аттандырса, 1942- жылы 

қолында қалған жалғыз кенже ұлы әкеміз 

Сағидулланы аттандырған. 

Ермеков Нұрылла Беларуссияның 

оңтүстік батысында орналасқан 

«Брест қамалын» қорғауға қатысқан. 

Содан соң хабарсыз кетті. Кейін 

 

Өзбекстан Республикасының «Халық 



қаhармандарына!» арналған «Хабарсыз 

жоғалғандар»  атты кітаптағы тізімнен бір-

ақ көрдік. Ол тізімде Украинаның «Жи-

томир» қаласын қаһармандықпен қорғау 

барысында жоғалғандар тізіміне енген екен. 

Әжеміздің екінші ұлы Үбайдулла атамыз 

аты аңызға айналған Батыр бабамыз Ба-

уыржан Момышұлының басшылығындағы 

«№8-гвардия дивизиясында» «Артил-

лирист» болып жаумен қарсы шайқасқан 

майдангер. Әкеміз Үбайдулла Бауыржан 

Момышұлы жөнінде: "Оның даусы керемет 

болатын, команда бергенде микрофонсыз-ақ 

даусы полктың басы мен аяғына жаңғырып 

есітілетін»,  - деп айтып отырытын еді – 

дейді кенже ұлы Тұрмағанбет (Шымкентте 

тұрады).

Ермеков Үбайдулла 1945 жылы оң 

қолынан оқ тиіп 2-топтағы мүгедек болып, 

елге оралған. «Маршал Гречконың» қолынан 

алған наградалары мен кейінгі берген ор-

ден-медальдары жеткілікті. Өкінішке орай, 

суреттері Өзбекстандағы Беруни қаласында 

тұратын балаларында сақталған. Екінші ата-

мыз жұбайы Базаркүлмен өсіп өнген. Балала-

ры: Қатиша (Катуша), Бүркіт, Тоқмағанбет, 

Айтмағанбет, Сермағанбет, Тұрмағанбет, 

Ғалия және Әлия есімді балалары бүгінде 

өсіп-өніп, бір ел болып отырған жағдайы 

бар. Тұрмағанбеттен басқасы Өзбекстанда. 

Ғалия Абай атындағы Қазақ педагогикалық 

институтын бітірді. Қалғандары Ташкент 

қаласында білім алған, ауқатты жанұялы 

жандар. Ермеков Үбайдулла 2006 жылы 86 

жасқа қараған шағында  өмірден озды. Тірі 

болғанда 30-немересі мен 20-шақты шөбере 

ортасында болар еді.

Өз әкеміз, Ермеков Сағидулла 1942 

жылы 17 жасында соғысқа аттанған. Бірақ 

мен соғыс жайлы неге сұрамағанмын деп 

өкінемін. Ол кісіден естігенім, Украинада 

(Львов шамасы) «Құпия ма, әлде ішкі істер 

әскерлерінде ме» қызмет еттім, - дейтін. 

Інім Қошмағанбеттің есінде қалғаны: «Біз 

тұтқынға түскен немістерді» жұмыс жасата-

тынбыз. Сонда менің бойым аласа болатын, 

винтовкам жерге тиіп жүретін. Бір күні бір 

неміс солдаты сапта тұрған жерден сыты-

лып шығып қашпақшы болғанда, оны ұстап 

бергенмін»  дегені есімде дейді. Мұның бәрі 

тарих қой.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де 

оларды 5 жыл бойы жібермей, сонда қызмет 

атқарған. 1950 жылдары елге оралған. Мынау 

соғыстан кейін қалған жалғыз сурет.

Әкеміз украин қызы Валяға үйленген, 

одан Саша деген баласы болған. Бірақ  сурет-

ті жақында табуымызға байланысты әлі ізде-

медік. Енді «Бармысың бауырымға» жіберу 

жоспарда. Тұрғылықты халықтағы туыстары-

мыз өзге ел қызын қабылдамапты.

Әкеміз 1950 жылы елге аман-есен ора-

лып, Бұхараның педагогика институтын 

бітіріп, 46 жыл бойы Төрткүл ауданы, «Ай-

бек» мектебінде математик, физик болып 

еңбек етті. Бірнеше рет орден-медальдар-

мен наградталды. Суреттері ауылда, ор-

нында қалған кенже баласы Әлмағанбетте 

сақтаулы. Әкеміз 8 балалы: Қатира, Қалдыгүл, 

Дәметкен, Қошмағанбет, Шарапат, Нағима, 

Әлмағанбет және Набира есімді балала-

ры болып, Анамыз Жұмагүлмен бақытты 

ғыұмыр кешті. 2001 жылы 78 жасында, 

өмірден озды.  Бүгінде тірі болғанда: 28 

немересі мен 16 шөбересінің ортасында 

70 жылдықты тойлар еді. Отан үшін қиян-

кескі ұрыста шейіт болып, жас қалпында 

жүрегімізде қалған Нұрылла атамызға; 

«Отан қорғауда» сұрапыл соғыстан аман-

есен елге оралып, еліне ерінбей еңбек еткен 

әкелеріміз: Үбайдулла мен Сағидуллаға және 

оларды дүниеге әкелген ата-әжемізге мың 

алғыс! Жандарыңыз жәннаттан орын алғай!  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет