Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата09.03.2017
өлшемі9,36 Mb.
#8650
1   2   3   4   5

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА  

Салауатты өмір салтын серік еткен

СӨЗЖҰМБАҚ

МАРАФОН

Құрастырған: Сырым ХАСЕНОВ

Жуырда  Алматы қаласында қайырымдылық 

марафоны өткізілді. Осымен төртiншi рет 

ұйымдастырылып отырған ауқымды iс-шараға 

Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен және шет елдерден 

15 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында қала 

тұрғындарымен қатар, белгiлi спортшылар, олимпиада 

чемпиондары: Бақыт Сәрсекбаев, Сергей Котенко, 

Жақсылық Үшкемпiров, Юрий Мельниченко, Ермахан 

Ибраимов, Ольга Шишигина және олимпиаданың күмiс 

жүлдегерi – Елена Хрусталёвалар болып, кәсiпкерлермен, 

жоғары оқу орындарының, Алматы әкiмдiгiнiң 

өкiлдерiмен бірге жарыс жолына шықты.

«Алматы марафоны» спорттық шарасының басты 

мақсаты – салауатты өмiр салтын насихаттау, бұқаралық 

спортты және қайырымдылықты дамыту. Аталған шара 

жылдан-жылға көп қатысушылардың басын қосып отыр. 

Ең бастысы, марафон арқылы алматылықтар мен басқа 

да қалалардың тұрғындары салауатты өмiр салтына бет 

бұруда. Бұл салауатты өмiр салтын қалыптастырып, 

1. Атасы. 2. Кенесары 

қарындасы Бопайдың 

ұлы. 3. Батыс Сібір 

облысының шенеунігі. 4. 

Батыс Сібір облысының 

бастығы. 5. Кенесары 

көтерілісін жырлаған 

ақын. 6. Кенесарының 

бас батырының 

бірі, Аманкелдінің 

атасы. 7. Хиуа ханы. 

8. Е.Бекмахановқа 

қарсы болған ғалым. 9. 

Кенесары алған бекініс. 

10. Кенесарының ұлы. 

11. Орта Азиядағы қала. 

12. Хан ұрпағы.  13. 

Хиуа ханы. 14. Орыс 

ғалымы, академик. 15. 

Орыс ғалымы, ұстазы. 16. 

Айдауда болған Жамбыл 

облысындағы ауыл. 17. 

Хан ордасы болған тау. 

18. Орта жүз тайпасы. 19. Кенесарының інісі. 20. Кенесарыға 

қарсы болған аға сұлтан. 21. Ұлт, әрі орта ғасырда қолданылған 

альфавит. 22. Е.Бекмахановты қадірлеген қазақтың көрнекті 

жазушысы. 23. Кенесарының батыр інісі. 

Сөзтізбек Е.Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 

жылдарында»деген еңбегі бойынша құрастырылды.

спортты дамыту үшiн көп жұмыстардың атқарылып 

жатқандығының бір дәлелі.

2013 жылы «Алматы марафоны» – Марафондардың 

халықаралық ассоциациясы мен AIMS мүшелiгiне өтiп, 

Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондары сияқты 

белгiлi марафондар қатарына қосылған едi. Марафон 

3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, эстафеталық 

«экиден» және 42 шақырым 195 метрлiк қашықтықта 

болды. 


Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия университетінің 

спорт сүйер қауымы да бұл жарыстан тыс қалған жоқ. 

21 шақырымдық жарыс жолына университетіміздің 

әлеуметтану кафедрасының доценті Рамазан Сәттарұлы 

Салықжанов қатысып, 46-49 жастағылардың арасында 

4-ші, ал 46 жастағылар арасында ол 2-орынды иемденіп, 

Қазақстан Спорт және туризм академиясының 

тағайындаған медалімен марапатталды. Рамазан әуесқой 

спортшы, ол футзалдан университет бойынша төрт 

дүркін чемпион атанған азамат. 

– «Алматы марафоны» 2012 жылдың 27 мамырынан 

бастап, қоғамдық марафондар өткiзiп тұратын iрi әлемдiк 

астаналардың қатарына ендi. Алғашқы қайырымдылық 

марафонына 2500 адам қатысты. Бiр жылдан кейiн 2013 

жылы 28 сәуiрде жарыс сөресiне 6000 желаяқ шыққан 

едi. Ендi мiне, бұл жолы 15 мыңдай адам қатысып отыр. 

Биылғы марафон есте қаларлықтай болды. Жарысқа 

менен басқа да университетіміздің мұғалімдері мен 

студенттері қатысты. ЕҰУ-нің спорт клубы біздің жүгіріп, 

жаттығуымыз үшін және жарысқа қатысуымызға барлық 

мүмкіндіктер жасады. Соның нәтижесінде алғашқы 

бестікке еніп, оқу ордамыздың намысын қолдан бермей 

қайттық. Ендігі мақсатым алда өтетін жарыстарда 42 

шақырым 195 метрлiк жүгіріс жолына бағымды сынап 

көру, - дейді әуесқой желаяқ.  

Жүгіру ассоциациясының күнтізбесіне еніп, 

дәстүрлі додаға айналған спорттық шарада Рамазан 

Сәттарұлының жеңіс туын желбірететініне сеніміміз мол. 



Жүніс ОРМАШҰЛЫ

Тігінен: 1. Бадана. 2. Сақ. 3. Қасым. 4. Айқап. 5. Най. 6. Отаршы. 9. Қарасай. 

10. Қарахан. 11. Мұсабай. 12. Жасыбай. 17. Уақ. 18. Тас. 19. Құн. 23. Барымта. 

24. Жалайыр. 26. Алаша. 30. Ойрат. 31. Тат. 32. Уфа. 35. Бұланты. 36. Батырақ. 

37. Потанин. 38. Аралбай. 43. Ант. 44. Шаш. 45. Жақ. 47. Боғыра. 50. Талхир. 51. 

Қайып. 52. Фараб. 57. Раң. 58. Сап.

Көлденеңінен: 7. Қапаған. 8. Айбалта. 13. Адат. 14. Қытай. 15. Бұхар. 16. 

Орда. 20. Қаратай. 21. Тағанақ. 22. Тұғырыл. 25. Алаш. 27. Лабас. 28. Қаһар. 

29. Қожа.33. Бақауыл. 34. Гасфорт. 39. Ұзақ. 40. Аттан. 41. Болыс. 42. Отар. 46. 

Шайбани. 48. Сығанақ. 49. Балталы. 53. Тоға. 54. Қалан. 55. Қимақ. 56. Алма. 59. 

Арқалық.60. Намания. 

Газеттің №10 санында жарияланған сөзжұмбақтың жауабы:

7 мамыр Отан қорғаушылар күні ерлер қауымының мерекесі ретінде де аталып өтіп 

жүргені белгілі. Осыған байланысты университетімізде өткен мерекелік іс-шарада 

оқу орны ректоры Ерлан Бәтташұлының атынан бірқатар оқытушы, қызметкер ер-

азаматтар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Университеттің әлеуметтік-азаматтық 

даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы сөз алып, баршаны осынау айтулы 

мейраммен құттықтады. 

Іс-шара одан әрі танымал әнші, актриса, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 

иегері Айгүл Иманбаевамен «Отаным» атты кездесу кешімен жалғасты. Оны тамашалауға 

студенттерден бөлек ақын, ҚР Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы 

Несіпбек Айтұлы, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, профессор, 

әдебиеттанушы Сейіт Қасқабасов, саясаттанушы Нәубет Қалиұлы, әнші Кенжеғали 

Мыржықбай және университеттің профессор-оқытушылары қатысты. Кештің 

ұйымдастырушысы – «Жігер» мәдени-танымдық бірлестігі. Кездесу тізгінін аталмыш 

бірлестік жетекшісі, күйші Айбек Бекбосын ұстады. Кеш қонағының қолқалауымен 

белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы арнау өлеңімен отырыстың пердесін ашып берді. Одан 

әрі ақынның өзі де кездесуді жүргізіп, Айгүлдің шығармашылық жолымен таныстырып 

отырды. 


Студенттер Айгүл Иманбаеваның өмір жолына, шығармашылығына, туған жеріне 

байланысты өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап тапты. Әңгіме арасында әнші 

өз театрының бүгінгі жеткен жетістіктеріне тоқталып, қазақ өнері дамып жатқанын 

айтты. Естеріңізде болса, 2011 жылы Айгүл Иманбаева «А. И.» атты драма театрын 

ашқан болатын. Қазір де шығармашылық ұжым бірнеше халықаралық фестивальдерден 

жүлдегер атанып үлгерген. Сонымен қатар кеш қонағы «Сізге әншілік пен актрисалықты 

қатар алып жүру ауыр соқпай ма?» деген сұраққа «Мен әртіспін, ал әртістің бойында 

әншілік те, актрисалық та, бишілік те болу керек. Театр сахнасы осы барлық өнердің 

жиынтығы көрініс тапқан жер, синтездік өнер», - деді.

Кездесу барысында Айгүл Иманбаева «Жақсы көрем», «Таңғы елес», «Ана туралы 

жыр» тағы да басқа әндерін шырқап, домбырамен де бірнеше ән орындап берді. Фариза 

Оңғарсынованың поэзиясынан үзінді оқып, эстрада жұлдыздарына пародия салып, 

жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй, шынайы күлкі сыйлады.

Университет ректоры Ерлан Сыдықов Айгүл Иманбаеваның арнайы келіп отырғанына 



алғысын білдіріп, баршаны Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады. 

Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет