Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 398.87 Kb.

бет4/5
Дата09.03.2017
өлшемі398.87 Kb.
1   2   3   4   5

Дәметкен Сағидуллақызы 

БАЙҒОЖАНОВА (ЕРМЕКОВА),

Халықаралық  ақпараттандыру  

академиясының корреспондент- 

мүшесі.

10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

Кенді Алтай

ӨЛКЕТАНУ

Экспедициялық сапар естелігі

(Жалғасы. Басы № 6-7, 10  санда.)

Адай СЕКЕНҰЛЫ,

география ғылымының докторы 

Мөлдір махаббаттың символы болған 

Қозы Көрпеш-Баян Сұлудың мазары 

Аягөз даласының төскейіне орналасқан.

Ауданның тағаны 1831 жылы Сәмеке 

деген ханның тұсында, қазақ даласының 

жеті округінің бірі Аягөз (Сергиополь) 

округі болып қаланған. Бұл жер Ресей-

Қытай ортасындағы маңызды сауда 

өткелі болған. 1928 жылы Аягөз өзені 

бойында Аягөз ауданы құрылған. 1931 

жылы темір жол қатынағаннан кейін қала 

боп құрылған. Ауданның аумағы 49 мың 

шаршы километр, Шығыс Қазақстандағы 

үлкен аудандардың бірі.

Аягөз атауы туралы әр түрлі пікірлер 

бар.  

1. С. Нұрқанов пен Е. Қойшыбаев 



қатарлылардың түсіндіруінше, ай-тайпа 

аты гөз, ғұз, үғұз-өзен, яғни ай өзені деген 

сөз дейді.

2. А. Әбдірахманов қатарлылардың 

пайымдауынша, ай-жақсы, гөз көне түрік 

тіліндегі үгіз, ғұз, гөз-өзен деген сөз.

мағынасы жақсы,  әдемі өзен деген сөз

т.б.


Катон-Қарағай: Алтай тауының 

оңтүстік етегіне орналасқан елдімекен. 

Қатон-Қарағай туралы болжамдар: үнді- 

иран тілдер негізінде - қоршау қарағай 

түрік тілдер негізінде - қайың қарағай, 

енді бір болжамдарда топ қарағай немесе 

дөңгелене өскен қарағай десе, тағы 

бір көзқарастар  4506 метр биіктіктегі 

мұзтаудан бастау алатын Қатон өзенімен 

байланыстырып Қатон өзені бойындағы 

қарағай дейді.

Бұл жерге барып жер жағдайын 

көргеннен кейін бәрінің де өзіндік 

негізі бар деп ойладым. Себебі: жердің 

географиялық түзілісіне қарасаңыз, 

 

астау тәріздес ортасы - жазық, айналасы 



тау, бітік өскен қалың қарағай, қайың. 

Бейне қой қамайтын қотанға ұқсайды, 

және Қатон өзені жанынан ағып 

жатыр. Сондықтан осы табиғи құбылыс 

жоғарыдағы көзқарастарға негіз болады.

Қатон-Қарағай

Қатон-Қарағай: Қатон-Қарағай ауда-

ны  1997 жылы үлкен Нарын ауданымен 

біріктіріліп, әкімшілік орталығы үлкен 

нарын болып, Қатон-Қарағай ауылдық 

округ болып белгіленген.

Әйгілі жазушы Оралхан Бөкеев, 

тарихшы ғалым Бошай Кітапбаевтар 

осы Қатонның төл тумасы. Мұнда 

Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық 

табиғи (қорық) бақшасы орналасқан, 

теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары 

таулы өңірге жатады. Бұның негізгі 

құрамына мұзтаудың оңтүстік және 

шығыс беткейлері, Үкөк үстіртінің 

Қазақстан бөлігі, оңтүстік Алтай таулары, 

Сарымсақты және Тарбағатайдың 

Алтайға тірелген жоталары. Шығыстан 

батысқа қарай Оңтүстік Алтай, 

Тарбағатай, Сарымсақты, Листыбига 

болып ұзыннан-ұзаққа созылып жатады.

Кезінде Семенов-Тян-Шанский 

өзінің саяхат естелігінде Қатон-

Қарағайды Планетаның ең әдемі жері деп 

жазыпты. Міне бүгін біз бұған куә болып 

отырмыз. Қатон десе дегендей, нағыз 

жер жәннаты екен, бүкіл өлке орманмен 

көмкерілген, өсімдіктің 2000-нен астам 

түрі, құстардың 270-тен астам түрі, 

насекомдардың 10 мыңнан астам түрі, 

балықтардың 9 түрі, сүтқоректілердің 

68 түрі бар, жаратылыс сыйлаған табиғи 

ген қоймасы. Негізгі су қайнары - мұзтау 

және қатын мұздықтары. Бұқтырма өзені 

өлкенің күре тамыры іспетті. Негізгі 

салалары:  Күрті, Нарын, Ақ берел, 

Тынық, Фадиха (маралды), Сарымсақты, 

Ақсу өзендері, оңтүстік жағында: Арасан-

қаба, Ақ-қаба, Қара-қаба қатарлы өзендер 

аталмыш өлкенің аса мол гидрологиялық 

желісін қалыптастырған. Омарта, марал 

шаруашылығының тарихы ұзақ, жақсы 

дамып,  тіректі кәсіп болып қалыптасқан. 

Көккөл (Рахман қойнауы), Қаракөл 

(тізбекті сарқырамалар), Арасан көлдері, 

өте тамаша ландшафтық аудандары.



Археологиялық база, сақтардың мекені 

- Берел қорымы: 

Орны Қатон-Қарағай ауылынан 

70 километр  мөлшерінде, Сакатушка 

өзенінің бұқтырмаға құйған жеріндегі 

бұқтырма аңғарына орналасқан. Берел 

ауылына 7 километр мөлшерінде. Біз 

Берелге таяған жерде Нарын өзеніндегі 

аспа көпірге машина сыймай, жүруге 

амалсыз қалдық. Күн болса кеш 

болып барады, сонымен машинаны 

жолдастарыма тапсырып, қажетті 

жабдықтарды арқалап қалған төрт 

шақырымдай жерге  жүгіріп бардым, 

барғаныма орай олжалы боп қайттым. 

Таудың теріскей беткейі, үлкенді-кішілі 

тастан үйген қорғандар, археологтардың 

есептеуінше, 5-4 ғасырдағы сақтардың 

қабірі. Мумияланған ер мен әйелдің 

және жылқылардың мүрдесін қазып 

алған. Қабірдің құрылысы күрделі, табыт 

қарағайдан жасалынып қақпағының 

төрт бұрышын алтынмен аптаған 

қоладан жасалған құстардың (мүмкін 

періштелер)  бейнесі оратылған. Теріден 

жасалған кездемелер, өрнекті киіздер, 

суретті тақтайшалар, әшекей бұйымдар 

аң-құстардың мүсіні, әшекей формасы, 

шеберлік деңгейі өте жоғары. Қабір 

тоналғандықтан кейбір өте құнды 

кіиімдер, алтын бұйымдар жоғалған. 

Ғалымдар адамнан, жылқыдан және 

басқа да аңдардан үлгі алып, генетикалық 

талдаудан өткізіп, антропология 

ғылымы бойынша қалпына келтіруге 

мүмкіндіктерін қарастырып жатыр екен.

Қазындылар аң стилімен жасалған деп 

тұрақтандырыпты.

Австриялық жол

Абстриялық Жол - Берел ауылын 

Мәрмәр асуы, Бұрқат асулары арқылы 

Марқакөл,   Теректі (Алексеевка) ауы лын 

тұтастыратын ұзындығы 60 километрге 

жуық, І Дүние жүзілік соғысының 

австриялық тұтқындары 1914-1916 

жылдарда салған жол екен, содан 

австриялық жол деп тарихта аты қалыпты. 

Бұл жол Алтай таулары мен Қатон 

тауларын ландшафтық тұтастыратын 

маңызды желі болғандықтан  оған қатты 

қызықтық. Әсіресе Бұрқат асуы мен 

Мәрмәр асуы  тарихи деректер бойынша, 

маңызды геологиялық құндылықтарға 

ие орындар. Оның үстіне осы  жолмен 

Марқакөлге асып түссек,  500 

километрден астам жолды қысқартуға 

болады. Айналып жүрсек, үлкен Нарын, 

Зырян, Күршім, Боран, Теректі арқылы 

артқа  қайта 600 километр жол жүру  

керек. Машина сенімді болғандықтан, 

мен осы асудан асып Марқакөлге 

түсуге тәуекел дедім. Бірақ жанымдағы 

жолдастар қауіпсіздіктен алаңдады. 

Бірнеше ауыл адамдары да: Кеңес үкіметі 

ыдырағаннан кейін бұл жолдан көлік көп 

жүріп көрген жоқ, оның үстіне сел жауып 

тұр,  өте қатерлі деп жүрмеуді айтып мен 

үшін осы сапардағы бір әттеген-ай болып 

қалды. 

Қатон сахарасында 



көнекөз қариялармен 

сын дар лы 

әңгімелестім. 

Шіркін, қазақтың кеудесі 

алтын сандық қазыналы 

қарттары-ай! Әрқайсысы 

бір түгесілмейтін шежіре, 

таусылмайтын тарих, құлақ 

құрышыңды қандырады. 

Марқакөл. Ауданы 

(Теректі)  1997 жылы 

Күршім ауданымен 

біріктіріліп, әкімшілік 

орталығы Күршім болып, 

Теректі ауылдық округ 

болып белгіленген.

Марқакөл мемлекеттік 

табиғи қорығы 1976 жылы құрылған, 

аумағы 1030 шаршы километр. Оңтүстік 

Алтай тауының биік жоталарына 

орналасқан. Бұнда сирек кездесетін 

өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар, 

құстардың неше ондаған түрлері 

кездеседі. Экологиясы кешенді түрде 

жақсы қорғалып, сұлу табиғаты өз 

қалпында сақтаған.

Біз күн бата көл жағасына ілініп 

қоналқы іздедік, ақыры бір орыс әжейдің 

екі бөлмелі үйін жалға алып жайғастық. 

Таң қылаңдап атып келе жатқанда 

орнымнан тұрып, аяңдап көл жағасына 

тарттым. Жаныңды елітетін сұлу 

табиғаттың әсері ме, ұйқы сергек. Бүкіл 

алқап сан-алуан құстардың сайраған 

даусымен әр-алуан ағаш, шөптермен 

ауаның дымқыл жағымды исі жаныңды 

рахатқа бөлейді. Анда-санда ауыл шетінен 

келгенін сұрастырдым, кей 

біреулер: 

бұрын осы арада Ұранқайлар болған 

болу керек немесе жоңғарлардың қойған 

аты деп екіұдай жауап қатты. Ақыры 

бұл жауаптарға көңілім толмай, осы 

ауылда ұзақ тұрған 80-нен асқан Михайл 

Юрьевич деген орыс карияны тауып 

әңігмелестім. Ол кісінің айтуынша, бұл 

жерде ұранхайлар болды деген дерек 

естіген жоқпын, біздің бала кезімізде әке-

шешелеріміз ұранхай келе жатыр, үйге 

кіріңдер деп боран соға бастағанда үнемі 

айтатын, соған қарағанда боранның аты 

болу керек деді. Расында көлдің шығыс-

терістік жағындағы ашықтан соғатын 

бір жел бар екен. Меніңше, бұл сөздің 

жаны бар сияқты көрінді. Мәселен, 

біздің Қытайдың, Алтайдың Жеменей 

ауданында Нохай деген боран бар.

Ал қазақ топонимикасына үңілер 

болсақ, көне түркі және моңғол тілдерінің 

ортақтығы үнемі кездесіп отыратын 

жайт екен, сондықтан күңгірт ұғымдарды  

моңғол немесе қалмақ тілдеріне тели салу 

дәстүрге айналып кеткен сияқты.  

Қорыта келгенде, біз Кенді Алтай 

үрген иттің дауысы ғана естіледі. Көлді 

жағалап жаяу жүріп келемін, көл бетінде 

терістіктен соққан таңғы самалмен, 

толқынмен жарысқан құстар, тылсым 

табиғат!  

Сағат 6-да ауылға қайтып, таңертеңгі 

асымызды ішіп, көл жағасына қайта 

келдік. Бір ауыл азаматының атын 

сұрап мініп, жалғыз аяқ жолмен терістік 

жақтағы биік төбеге шығып көлдің дәл 

үстінен қарап суретке түсірдім.



Марқакөл

Көлдің формасы бейне балық тәрізді, 

батыс оңтүстік 

жағынан Қалжыр 

өзені ағып шығып 

жатыр.


Қалжыр: А.Аман-

жоловтың па-

йымдауынша,  Қал-

жыр сөзі түрік 

тілдес халықтың, 

алтайлықтардың ті-

лінде асау, долы, 

буырқанған деген 

мағынаны білдіреді 

деп түсіндірген. Кеңес 

үкіметі дәуірінде 

Марқакөлде негізінен 

орыстар мекендеген 

екен, кейін бір 

бөлімі Ресейге, басқа 

жерлерге көшіп кетіп, 

Теректі, Мойылды 

сияқты маңайдағы 

ауылдардан бір топ 

қазақ шаруалары 

көшіп келіпті. Қазір 

жалпы 150-дей 

отбасы бар. Көл 

жағасында Ұранқай 

ауылы, орыстар 

оны Ұранқайқы деп 

атайды екен. Ұранқай 

деген сөздің қайдан 

өлкесінде болған 15 күндік экспедициялық 

сапарымызды сәтті аяқтап, көздеген 

мақсатқа жеттік. Алтай таулары өзінің 

ғажайып  тұмса табиғатымен ғана емес, 

ол адамзат өркениетінің маңызды 

ошақтарының бірі болуымен әлемге 

әйгілі. Бұл өңірге болған ғылыми-зерттеу 

жұмстары әлі де бастапқы кезеңде. Оның 

аңызға айналған сырға толы тарихын, 

табиғатын алдағы уақытта зерттеу 

уақыттың еншісінде.


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

Ынтымақтастық дәлелі

«Қытай тілі көпірі»  

БАЙҚАУЛАР

АУҒАНДЫҚ СТУДЕНТ ЛЕБІЗІ

ЕҰУ-де алғашқы кәріс тілінде республикалық 

шығармалар байқауы өтті. Оңтүстік корейлік 

тараптың демеушілік қолдауымен өткен аталмыш іс-

шара оқу ордамыз бен Қазақстан Республикасындағы 

Корея Республикасы Елшілігінің кәріс мәдени 

орталығы арасындағы тығыз ынтымақтастығының 

тағы бір дәлелі болды.

Байқаудың салтанатты ашылуына халықаралық 

қатынастар факультетінің деканы Б.Ж. Сомжүрек, 

ғылым жөніндегі деканның орынбасары М.М. Әбішева, 

шығыстану кафедрасының меңгерушісі С.А. Төлеуова, 

шығыстану кафедрасының шақырылған профессоры, 

PhD доктор Ким Хё Ёнг, шығыстану кафедрасының 

ОПҚ-лары қатысты. 

Келген қонақтар өздерінің алғысөздерінде ЕҰУ-дің 

кәріс клубының (Korean Club of ENU) белсенді қызметін 

тілге тиек ете отырып, клуб мүшелеріне жаңа табыстар 

мен жетістіктер тіледі. 

Кәріс клубының мүшелері байқау басталмас бұрын 

кішігірім концерт пен 2014-2015 оқу жылындағы клубтың 

қызметі туралы есептік тұсаукесер ұсынды. 

Байқаудың басты талабы «Әлемдік қауымдастық 

жүйесіндегі менің орным» атты тақырыпта шығарма 

жазу болды. Берілген бір жарым сағат ішінде үміткерлер 

тақырыпты толықтай ашып, кәріс тілінде сөйлемдерді 

дұрыс құрастырып, сондай-ақ  креативті әрі сауатты түрде 

көрсету қажет болды. 

Байқау соңында барлық қатысушыларға сертификаттар 

табыс етілді. Барлық шығармалар тәуелсіз әділ қазылар 

алқасына тексеруге жіберілді. Байқау қорытындысы 

бойынша үш бірдей жүлделі орынды шығыстану 

мамандығының кәріс бөлімінің студенттері иемденді: 

І орынды Ш-11 тобының 1-курс студенті Кәмилә 

Ермұханова, ІІ орынды В-42 тобының 4-курс студенті 

Марина Лигай және ІІІ орынды Ш-21 тобының 2-курс 

студенті Айнұр Еркінқызы жеңіп алды. Жеңімпаздарға 

кәріс мәдени орталығы атынан сертификаттар мен бағалы 

сыйлықтар тарту етілді.



Конфуцзы институтының ұйымдастыруымен Астана 

қаласы бойынша қалалық «Қытай тілі көпірі» байқауы 

өтті. 

Аталмыш байқау үш бөлімнен тұрды: бірінші – «Менің 

арманымдағы Қытай» тақырыбында өз ойларын қытайша 

жеткізу; екінші – сұрақтарға жауап беру; үшінші – өнер көрсету. 

Байқауға қытай тілін оқып жүрген жиырма шақты үміткер 

қатысты. Қытай филологиясы кафедрасынан қатысқан 2, 4 курс 

студенттері Индира Ризабекова І орын, Малика Қуанышқан ІІ 

орын, Әнел Ахматуллина, Әсем Жуасова Ақмарал, Мырзабай, 

Жанерке Тұрысбек ынталандыру сыйлығына ие болды. 

Сонымен қатар Индира Ризабекова мен Малика Қуанышқан 

17 мамырда Астана қаласы «Пекин Палас» қонақ үйінде өтетін 

республикалық байқауға қатысады.

«Қытай тілі көпірі» - халықаралық студенттік байқау  

әлемде қытай тілі мен мәдениетін тарату мақсатында Қытай 

үкіметі тарапынан ұйымдастырылып, қаржыландырылады. 

Бұл байқау 2002 жылдан бастап, жыл сайын өткізіледі. Байқау 

қытай тілін жетік меңгерген студенттерге өздерінің қытай тілі, 

мәдениеті, тарихы, өнері, географиясы, музыкасы, әдебиеті 

жайында білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Еуразия ұлттық университетінде 

Ауған елінен келген 46 студент оқиды. 

Бұған «Онда тұрған не бар, қазір шетелдік 

студенттер қайда оқымайды?» деп 

ойлауыңыз мүмкін. Ерекшелігі сол, біздің 

кейіпкер сонша студенттің арасындағы 

жалғыз нәзік жан! Ол заң факультетінің 

халықаралық құқық мамандығы бойынша 

бірінші курста оқитын Адеба Карини. 

Ол Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде оқитын 

әзірге алғашқы және жалғыз ауған қызы. 

Бұл көңіл аударып, құрмет тұтуға әбден 

лайық: назар аударатыны – қазақ тілін еркін 

меңгерген және бір-ақ жылдың ішінде.

Біздің Адебамен таныстығымыз ойда-

жоқта басталды. ЕҰУ-дің Баспасөз қызметі 

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының 

өтініші бойынша қазақ тілінде сөйлейтін 

шетелдік студенттерді жинап жатқан. Әңгіме 

барысында Адеба ашылып сала берді, біз де 

Бейбітшілікке бастар жолды таңдаған

- Менің ата-анам ғалым адамдар. Демек, 

менің мұнда жүргенім сол ата-анамның 

арқасы. Олар сапалы білім алуым үшін маған 

не керектің бәрін жасады. Бірақ салыстырмалы 

түрде алғанда, әрине, Ауғанстанда басқа 

отбасылар да бар. Бірақ оларды да түсіну керек 

шығар. Бір ғажабы, қандай қауіпті жағдай болса 

да ауғандықтар оқуын тастамайды.  Мысалы, 

біздің елдің оқушылары сабаққа бара жатқанда 

әскери ұшақтың дауысын  жиі  естиді:  олар 

дәл мектептің жанынан снарядтардың қалай 

жарылғанын өз көзімізбен талай  рет көрді, 

бірақ оқуға деген құштарлықтары ешқашан 

жоғалған емес, себебі өз болашақтары туралы 

ойлайды. 

Мен Ауғанстанға оралғаннан кейін 

жастарға мұндағы жағдайды түгелдей 

түсіндіріп, айтамын,  олар  менен үлгі алып, 

Қазақстанда оқитын болады. 



- Сенің көзқарасыңша Қазақстан мен 

Ауғанстандағы білімнің арасында қандай 

ерекшеліктер немесе ұқсастықтар бар?

- Қазақстанда білім беру жүйесі бірте-бірте 

электронды үлгіге көшіп келеді. «Платонус», 

яғни емтиханды компьютерде тапсырады, 

т.с.с. Ауғанстанда олай емес, емтихан ауызша 

және жазбаша түрде жүргізіледі. Бұдан бөлек 

аса айырмашылық бар деп ойламаймын. 

Менің баса айтқым келетіні, ЕҰУ 

студенттері барды бағалай білу керек: 

интернет, заманауи техникалық құрал-

жабдық, қаржы-қаражат мәселесі шешілгенін 

айтпағанда, ең бастысы елде тұрақтылық бар. 

Ауғанстанның кейбір жоғары оқу орындары 

мен мектептерінде, тіпті қағаз бен қалам да 

жетпей қалады.

- Сенің алдыңа үлкен мақсат қойған 

жан екенің көрініп тұр. Алдағы уақытта 

қайда жұмыс істейтініңді шешіп те қойған 

боларсың? 

- Әрине. Екі елдің арасында елшілік 

қызметте істегім келеді. Бар алған білімімді екі 

жақтың гүлденуіне арнаймын.



- Соңғы сауал болсын, шетел азамат-

шасы ретінде қазақстандық студенттерге 

қандай кеңес беріп, қандай тілек тілер едің. 

- Мен барлық қазақстандықтарға «барды 

бағалай біліңдер!» дегім келеді. Сендерде бар-

ды біреулер армандайды, бар күш-жігерлеріңді 

елдің дамуына жұмсаңдар. Тілегім сол. 

Ал  жастарға айтарым, ана тілдеріңді сүйіп, 

қатты құрметтеңдер. Қазақ тілі өте әдемі әрі 

бай тіл. Егер ертең дипломат болсам, мен 

қазақ тілінің қандай тіл екенін бүкіл әлемге 

мойындатар едім. Мен ойлаймын, Қазақстан 

жастары да алдарына сондай мақсат қояды деп. 

Тағы да айтарым: өз жеріңді, өз мемлекетіңді, 

өз тіліңді сүйіңдер!

көңіл бөліп барынша тыңдауға тырыстық. 

Сол сол екен, сұрақ-жауап түрінде өрбіген 

әңгімеміз әдемі сұхбатқа айналып шыға келді. 

Біз қағазға түсіре қойдық.

-  Адеба, қысқа мерзімде қазақ тілін 

қалай үйреніп алдың? Құпия болмаса айтып 

берсең? 

- Оның ешқандай құпиясы жоқ, бірінші-

ден, қайырымды да мейірімді ұстаздарыма 

рахмет. Екіншіден, мен тіл оқуды тек сабақпен 

ғана шектеген емеспін. Алғашқыда маған 

бәрі қызық болып көрінді, барынша жаңа 

мүмкіндіктерді іздеуге тырыстым. Өйткені, 

«Ізденген жетер мұратқа» дейді ғой, бос 

уақытымды текке өткізбес үшін Орталық 

базарға жиі барып, елмен танысып, жұртпен 

әңгімелесуді дағдыға айналдырдым. Әсіресе, 

мені тұрмыстық жағдайда қолданатын сөздер 

қызықтырды. Жатақханада қазақтың қаракөз 

қыздарымен бірге тұрдым, мақсатым – ортақ 

тіл табу. Сосын бірте-бірте грамматикаға мән 

беруді бастадым. 

Сенесіз бе, сенбейсіз бе, сөйтіп жүріп 

қазақ тілі мен ауған тілі арасындағы 

3000-ға жуық ұқсас сөз таптым. Мүмкін, 

соның да көмегі тиген болар. Ең бастысы 

мұндай нәтижеге қол жеткізу қазақ тілінің 

байлығы және қазақ халқының көмек беріп, 

өздерінің білетіндерімен әркез бөлісуге даяр 

тұратындығы деп ойлаймын. 



- Сен Ауғанстаннан шыққан жалғыз аяқ 

жолды – Қазақ еліне жалғадың, мәселенің 

мәні осында шығар... Сондықтан осы 

жөнінде  әңгімелеп берсеңіз?

- Біз де өз елімізде сіздер секілді емтихан 

тапсырып, ҰБТ-ға қатысамыз. Мен де сынақты 

ойдағыдай тапсырып, Кабуль университетінің 

заң факультетіне оқуға түскенмін. Алғашқы 

семестр кезінде Қазақстандағы білім гранты 

жөнінде білдім де, дереу құжаттарымды жина-

стырдым. Бәрі дайын болған кезде Қазақстан 

Республикасының Ауғанстандағы Елшілігіне 

құжаттарымды өткіздім. Тағы да сынақ тап-

сырып, нәтижесінде 2010 жылы Алматыға 

келдім. Бір жыл әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық универсиетінің дайындық курсында 

оқыдым. 


Менің таңдауым – Астанадағы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті болды. Алдыма мақсат қойып, 

соның арқасында ЕҰУ-дің заң факультетіне 

халықарлық құқық мамандығы бойынша оқуға 

түстім. Алдағы уақытта магистратураны да 

осында жалғастырмақшымын. Содан  кейін 

әрине, Отаныма ораламын.



- Сенің ұзақ уақыт шет жерде болуыңа 

үй-іші, ата-анаң қалай қарайды? Ауған 

қыздарындағы еркіндік жайы дегендей... 

PS. Адеба Карини өз арманына жеткен мыңдаған ауған қыздарының ішіндегі бірі ғана. Оның 

туған жерінде - Ауғанстанда - ата-анасы күтіп отыр. Сондықтан да Адеба білікті маман болып 

шығу үшін бар күшін салып жүр. Бұл жерде мәселенің мәні – оның Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді 

таңдағаны емес, өзінің – Бейбітшілікке бастар жолды таңдағаны. Адеба сол жолмен жүріп келеді. 

Өйткені, ол өзін күтіп отырған отбасына және аялап өсірген туған өлкесіне сапалы білім, саналы 

тәрбиемен оралуы керек.

Рахмет саған, Адеба! Бүгін біз өзіңмен ашық-жарқын әңгімелесе отырып, даналық пен қайсарлық 

сабағын алдық.

Ләйлә РАХМАНОВА

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 11 (192), 

мамыр, 2015 жыл

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП"Старков С.А." 

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №1715

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

«Е. Бекмахановқа 100 жыл»

Айгүлдің ақ тілегі 



1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал