5. Пәннің соңғы ОН қол жеткізудің негізгі формалары / әдістері / технологиялары: Зертханалық жұмыс. Шағын топтардағы жұмыс.
Өзбетінше оқуға арналған өсімдіктер:
№
Қазақша
Орысша
Латынша
І
Құрамында изохинолин туындылары бар өсімдіктер:
Сары глауциум
Мачок желтый
Glaucium flavum
Кәдімгі бөріқарақат
Барбарис обыкновенный
Berberis vulgaris L.
Үлкен сүйелшөп
Чистотел большой
Chelidonium majus L
Ұсақ жемісті маклея
Маклея мелкоплодная
Macleaya microcarpa
Жалаң стефания
Стефания голая
Stephania glabra
Виктора Унгерниясы
Унгерния Северцева
Унгерния Виктора
Северцев Унгерниясы
Ungernia victoris
Ungernia sewertzowii
Апиын көкнәр
Мак снотворный
Papaver somniferum L
ІІ
Құрамында индол туындылары бар өсімдіктер
Инкарнатты пассифлора
Пассифлора инкарнатная
Passiflora incarnata L
Жыланды раувольфии
Раувольфия змеиная
Rauwolfia serpentina Benth
Стрихнос нукс вомика
Чилибуха
Strychnos nux vomica
Қызғылт катарантус
Катарантус розовый
Catharanthus roseus
Қара күйе
Спорынья
Claviceps purpurea Tulasne
ІІІ
Құрамында пурин туындылары бар өсімдіктер:
Қытай шәйі
Чай китайский
Thea sinensis L
IV
Құрамында стероидты алкалоидтары бар өсімдіктер
Тармақты алқа
Паслен дольчатый
Solanum laciniatum Ait.
V
Құрамында дитерпенді алкалоидтары туындылары бар өсімдіктер:
Торжемісті тегеурінгүл
Живокость сетчатоплодная
Delphinium dictyocarpum
Зертханалық оқуға арналған обьектілер: Сасық меңдуана, Қара меңдуана,Қырықбуын қылша,Кәдімгі бөріқарақат. Үлкен сүйелшөп. Жабдықтар: Фарфорлы келі келсабымен, 25 мл сыйымдылықтағы жайпақ колба, 50, 100, 200 және 500 мл сыйымдылықтағы конусты колба, 15,50,100 мл сыйымдылықтағы өлшегіш цилиндр, фильтрлеуге арналған диаметрі 5 см шыны воронка, 300 мл сыйымдылықтағы шыны стакандар, пипетка, заттық шыны, аузы кедір-бұдырлы колба, бюретка, сулы монша, фарфорлы табақша
Реактивтер: Эрдман реактиві, Фреде реактиві, Марки реактиві, Вагнер-Бушард реактиві, Драгендорф, 5% танин ерітіндісі, 1% фосформолибден қышқыл ерітіндісі, 1% фосфорлывольфрамды қышқыл ерітіндісі, пикрин қышқылы, 1% кремнефольфрамды қышқыл ерітіндісі, 1% хлорсутек қышқыл ерітіндісі, 5% сірке қышқыл ерітіндісі, хлороформ, аммиак ерітіндісі, натрия сульфат.метиленді қызыл, фенолфталеин, сутек пероксиді.
Сығындыны бөліп шығару: 1. 1,0 гр шикізатты аузы кедір-бұдыр колбаға салып, үстінен 25мл 1% хлорсутек қышқыл ерітіндісін құямыз, 30 мин сулы моншада араластыра отырып, қыздырамыз. Суытып болған соң, фильтрлейміз. Сапалық реакция жүргізуге 2-3мл аламыз.
2. Ұнтақталған шикізатқа 1:10 қатынаста сірке қышқыл ерітіндісін құямыз, 1 сағат бойы магнитті араластырғыш көмегімен араластырамыз, сосын фильтрлейміз.
3. 2гр шикізатты аузы кедір-бұдыр колбаға салып, үстінен 15мл хлороформ, 1мл концентрлі аммиак құямыз, 1 сағат бойы араластырамыз. Фильтрлеп алған соң, сулы моншада құрғағанша қыздырамыз. Құрғақ экстрактінің үстінен 5мл 0,1М хлорсутек қышқыл ерітіндісін құйып, ерігенше қыздырамыз да, фильтрлеп аламыз. Сығындының сапалық реакцияға 2-5 мл қолданамыз.
Тұнбаға түсіретін реакциялар:
Реактивтер
Реакцияның өту жағдайлары
Белгілері
Вагнера, Бушард және Люголь реактиві
Калий йодидтегі йодтың ерітіндісі
Қоңыр түсті тұнба немесе ерітінді қоңыр түске боялады
Драгендорф
Висмут нитратының негіздік ерітіндісі; калий йод және сірке қышқылы
Алдымен аморфты тұнба, сосын көк және жасыл түске боялады
Шейблер
Фосфорновольфрам қышқылы
Түрлі түсті тұнба, жиі ақ тұнба түзіледі
Бертран
Кремневольфрам қышқылы
Ақ тұнба
Хагер (пикрин қышқылы)
Тринитрофенол
Сары түсті тұнба немесе ерітінді сары түске боялады
5 % танин
Жаңа дайындалған: 10г танин + 90 мл су + 10 мл спирт
Ақ немесе сары түсті тұнба
Мурексидті сынама
Сығындыға концентрлі су-тек пероксидін, сұйытылған хлорсутек қышқыл ерітін-дісімен өңдейді, сосын сулы моншада сары-қызыл түс пайда болғанша қыздырады. Құрғақ қалдыққа аммиак-тың концентрлі ерітіндісін тамызғанда түсі өзгереді.
Қызыл-күлгін түс
Эрдман реактиві ( H2SO4+HNO3 (1:1)
Түрлі түсті немесе сары түске боялады
Натрий нитропруссиді + натрий гидроксиді
1мл 5% Натрий нитропруссидтен және 1мл 5% натрий гидроксидтен қосамыз