1. Тақырыбы: Фармакопиялық, фармакогностикалық және фитохимиялық талдауды меңгеру әдістері.
2. Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізатының шынайылығын анықтау әдістерін меңгеру
3. Оқу мақсаттары:
1. Дәрілік өсімдік шикізатының шынайылығын анықтайтын нормативтік құжаттар
2. ДӨШ қабылдау, талдауға сынама алу
3 Шикізаттың тауарлық анализі
4. Шикізаттың ұсақтығын, қоспасын, ылғалдылығын, жалпы және 10% тұз қышқылынды ерімейтін күлді анықтау
5. Әсер ететін және экстрактивті заттарды анықтау
6. Шикізаттың қойма зиянкестерін зақымдануы
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын көрсететін нормативті құжаттар(ДӨШ дайындау, жинау ережелері, кептіру ережелері)
Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау
Талдауға сынама алу
Шикізаттың тауарлық талдау
Шикізаттың ұсақтылығын, қоспасын, ылғалдылығын, жалпы және 10% тұз қышқылында ерімейтін күлділігін анықтау
Әсер етуші және экстрактивті заттарды анықтау
Қамбалық зиянкестер жұқтыруын бағалау
5. Пәннің соңғы ОН қол жеткізудің негізгі формалары / әдістері / технологиялары: Зертханалық жұмыс. Шағын топтардағы жұмыс.
Лабораториялық оқуға арналған объектілер: шілтер жапырақты шайқұрай, жалаң мия, бұрыш жалбыз, үлкен бақа жапырақ
Жабдықтар: сито, ұнтақтағыш құралдар, пинцет, фильтр қағазы, тигель, бюкс, индикатор қағазы, 10% тұз қышқылы, воронка, 100 мл колба, ұстағыш, таразы, ұстағыш, сутек пероксиді, концентрлі НNO3 немесе 10%-ті аммоний нитраты, күміс нитрат ерітіндісі, шыны таяқша, сулы монша.
№ 1 жұмыс. Ұсақтылығын анықтау.
ДӨШ ұсақтылығын №1 аналитикалық сынамадан анықтайды. Берілген шикізаттың ұсақтылығын МФ көрсетілген фармокопеялық мақалада берілген ДӨШ рұқсат етілген ұсақтылық шегіне сәйкес қорытынды жасайды. ДӨШ ұсақтылығын анықтау методикасы МФ көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |