Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет3/47
Дата07.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#72365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Шикізаттың түсін күндізгі жарықта анықтайды. Шикізаттың түсін оның үстіңгі бетіне қарап (жапырақты екі бетіне қарап) және шикізаттың сынығына, кесіндісіне қарап (тамырлары, тамырсабағы, қабығы) анықтайды.
Иісін саусақпен ысқылау арқылы немесе келіге салып анықтайды. Кейде қалыпты құжат бойынша ыстық суға салу туралы нұсқау беріледі.
Дәмін шикізаттың жас немесе кептірілген күйінде дегустация арқылы (жұтпай) немесе 10%-дық қайнатпасының дәмін көру арқылы улы өсімдіктердің дәмін анықтамайды.
3 Микроскопиялық талдау
Суға жібітілген шикізатты 2-3 минут 5 % натрий гидроксид ерітіндісінде қайнатамыз. Сосын қайнатылған шикізатымызды сумен шаямыз. Сосын шикізатты заттың шыны бетіне қойып, срез (кесінді) аламыз. Жапырақтың жоғарғы және төменгі эпидерма қабатын қалдырып, лезвия көмегімен мезофилл қабатын алып тастаймыз. Сосын зерттеп жатқан үлгімізді заттық шыны бетіндегі су тамшысына орналастырамыз. Бетіне глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінен тамшы тамызып, зерттелетін үлгінің жоғарғы жағынан бастап жабындық шынымен жайлап бетін жабамыз. Сосын микропрепаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастармыз. Алдымен кіші обьективтің көмегімен эпидерма жасушасын тауып алған соң, үлкен обьективтің көмегімен эпидерма жасушасының құрылысын анықтаймыз (Үлгідегі жасуша құрылысын, трихомаларды қосымша бойынша анықтаймыз).
Глицерин мен хлоральгидрат айқындаушы сұйықтықтар болып табылады.
6. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін бағалауға арналған бақылау түрлері: Ауызша сұрау. Хаттаманы тексеру. Тест тапсырмалары.
7. Әдебиеттер: негізгі:
негізгі:
1.Патсаев, А. К. Химия природных лекарственных веществ : учебник / А. К. Патсаев, Г. А. Туребекова, К. Дж. Кучербаев. - Шымкент : Әлем, 2016. - 192 с.
2.Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау. Оқу құралы/ Орынбасарова К.К.-Шымкент, 2016
3.Табиғи дәрілік заттардың химиясы : оқулық / Ә. Қ. Патсаев. - Шымкент:Әлем,2016. -188 бет с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет