Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет14/47
Дата07.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#72365
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
ξò¿ñò³ê àçàñòàí ìåìëåêåòò³ê ôàðìàöåâòèêà àêàäåìèÿñû

Инулинді өсімдіктер

5

Дәрілік бақбақ

Taraxicum officinale

6

Биік андыз

Inula helenium

7

Кәдімгі цикорий







Шырышты дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

8

Дәрілік жалбызтікен

Althaea officinalis

9

Кәдімгі өгейшөп

Tussilago farfara

10

Үлкен бақажапырақ

Plantago major

11

Бүргелі бақажапырақ

Plantago psyllium

12

Кәдімгі зығыр

Linum usitatissimum

13

Өзекті жөке







Құрамында шайырлары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар

14

Трагакантты астрагал




15

Кәдімгі өрік

Armeniaca vulgaris




Пектинге бай өсімдіктер




16

Жапон ламинариясы




17

Кәдімгі таңқурай

Rubus idaeus




Клетчатка көздері




18

Түкті қоза

Gossypium hirsutum




Құрамында суда еритін полисахаридтері бар ДӨШ

19

Үштармақты итошаған




Құрал-жабдықтар: сағат шынысы, пипетка, заттық шыны, конусты колба, кері мұздатқыш. 250-100мл өлшеуіш колба, фильтр қағазы, воронка, ұстағыш, спирт шам, микроскоп
Лабораториялық оқуға арналған объектілер: ДӨШ сыртқы белгілері (макроскопиялық талдау) және анатомиялық диагностикалық белгілері (микроскопиялық талдау)

    • Дәрілік жалбызтікен

    • Үлкен бақажапырақ

    • Ламинария

    • Дәрілік бақ-бақ

Гистохимиялық реакциялар:

  • Крахмалдың йодпен реакциясы. Зерттелетін обьектіні картоптың кескінің реактивтің тамшысы бар заттық шыныға орналастырамыз да, микроскоптан бақылаймыз. Крахмал дәндері көк немесе күлгін-көк түске боялады. Препарат өте тұрақсыз. Өте тез анықтау керек.

  • Метилен көкпен реакциясы. Метилен көктің спиртті ерітіндісі (1:5000) қолданылады. Зерттелетін обьектіні метилен көк ерітіндісіне бірнеше минутқа саламыз. Сосын заттық шыныға қойып, микроскоптан бақылаймыз. Шырыш көк түске боялады.

  • Тушьпен реакциясы. Тушьты сумен (1:10) қатынаста ерітінді дайындайды. Зерттелетін обьектіні тушьтің тамшысы бар заттық шыныға орналастырамыз. Микроскоптан қарағанда қара фоннан ақшыл дақтар – шырыш жасушаларын байқауға болады.

Сығынды алу
10г зерттелетін обьектіні 250мл конусты колбаға салып, үстінен 100мл су немесе 10-30% этил спиртін құйып, 10-12сағатқа қалдырады, уақытымен араластырып тұрады. Колбаны кері мұздатқышқа қосамыз да, 30 минут электроплитада қыздырамыз. Суытып болған соң 3-5 қабат фильтр қағазынан сүземіз. Келесі зерттеуді сығындыға жүргіземіз.
Сапалық реакциялар



Реактивтер






Белгілері



Крахмал

1г крахмал (жүгері дәні), 100 мл колба, 50мл су, лакмус қағазы, электроплита

100 мл колбаға 1,0 г ұнтақталған жүгері дәндерін саламыз, үстінен 50 мл су құямыз. Қоспаны түссіз клейстер түзілгенше үнемі араластыра отырып, электроплитада 5-7 минут қайнатамыз. Түзілген қоспаның ортасын лакмус қағазбен тексереміз, бейтарап болу керек.

Реакция нәтижесінде түссіз клейстер түзіледі. Ортасы бейтарап.

Йод ерітіндісімен реакциясы

1-ші жұмыста түзілген клейстердің 2мл пробиркаға құйып, үстінен йод ерітіндісін тамызамыз. Түсі өзгереді. Сосын спирт шамда қыздырғанда, көк түс жоғалады. Қыздырған пробирканы суытқанда қайтадан көк түс пайда болады.

Қыздырғанда көк түс жоғалады, суытқанда көк түс пайда болады.

Фелинг реактивімен реакциясы

1-ші жұмыста түзілген клейстердің 2мл пробиркаға құйып, үстінен Фелинг реактивін тамызамыз.

Нәтижесінде алдымен еритін көк тұнба түзіледі, сосын көк түсті кешен пайда болады.

Крахмалдың гидролизі

      1. 1-ші жұмыста түзілген клейстердің 2мл пробиркаға құйып, үстінен 10 тамшы 10% күкірт қышқылыны тамызамыз. Сосын 20 минут сулы моншада қыздырамыз. Ерітінді түссізденеді. Суыған соң үстінен 1 тамшы йодтың калий йод ерітіндісін тамызамыз.

2) Гидролизаттың 2мл пробиркаға құйып, үстінен 2мл Фелинг реактивін құйып, спирт шамда қыздырамыз.

1) Нәтижесінде көк түс түзілмейді. Крахмалдың гидролизге ұшырағанын көрсетеді.
2) Нәтижесінде көк түс жойылып, қызыл-қоңыр түсті мыс оксидінің түзілу реакциясы жүреді.

Целлюлоза

Йод ерітіндісі

Мақтаға йод ерітіндісін тамызамыз.

Целлюлоза сары немесе қоңыр түске боялады.

Калий йодид+мырыш хлорид+ йод ерітіндісі

Мақтаға хлор-мырыш-йод қоспасын тамызамыз.

Целлюлоза көк түске боялады.

Инулин

Αльфа-нафтол немесе тимол ерітіндісі (молиш реакциясы)

Дәрілік бақ-бақтың көлдеңен кесіндісіне 20% альфа-нафтол немесе тимол ерітіндісінің 1 тамшысын және конц. күкірт қышқылының 1 тамшысын тамызамыз.

Уақыт өте күлгін түс пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет