Қабықтың ішкі бетін 1-25 тамшы 10% күйдіргіш натр ерітіндісімен шылайды
қан-қызыл түс байқалады.
10% спиртті күйдіргіш натр
Ұнтақты микроайдаудан өткізгенде сары кристалды жағынды пайда болады, оған 10% спиртті күйдіргіш натр ерітіндісін қосқанда
шие-қызыл түске боялады (антрацентуындылары).
Борнтрегер реакциясы. Шлифі бар 50 мл колбаға 0,5г ұсақталған шикізатты саламыз, үстінен 10мл 10% сілті ерітіндісін құямыз. Егер құрамында иілік заттар, флавоноидтар бар болса, онда сығынды қызыл емес қоңыр болады. Сығындыға 10мл су құямыз, сосын 100 мл бөлгіш воронкаға фильтрлеп аламыз. Фильтратты 10% (тұз қышқылымен) НСІ әлсіз қышқылдаймыз (лакмуспен тексереміз). Бұл кезде қызыл түс жойылады да, суда ерімейтін антрахинон агликондарының тұнбаға түсуінен ерітінді лайланады. Кейін 10 мл хлороформ құйып, бөлгіш воронканы шайқаймыз. Тұнбаға түскен агликондар хлороформда ериді де, хлороформ қабатын сары түске бояйды. 3мл хлороформ сығындысын пробиркаға құйып, тура сондай көлемде үстінен аммиак ерітіндісін құямыз. Антрацентуындылар бар болса, аммиак қабаты шие-қызыл түске боялады (эмодин әсерінен), ал хлороформ қабаты сары түске боялады (хризофанол әсерінен). Хлороформ қабатын 30-50 мл стаканға бөліп алып, хроматографияда қолданамыз. «Силуфол» пластинкасына старт және финиш сызығын жүргізіп, старт сызығының үстінен 5-6 тамшы хлороформ сығындысын тамызамыз. Хлороформ-этанол (9:1) жүйесі бар камераға пластинаның шеті 1 см –дей бататындай етіп орналастырамыз. Еріткіштің фронты пластинаның шетіне 1-2 см аралық қалғанда, оны камерадан аламыз. Кептіреміз, сосын аммиакпен өңдеп болған соң, УФ жарығында көреміз. Сары түсті болып қалады (хризофан қышқылы).
Сандық талдау ХІ том МФ