Егер қызғылт түстен қызыл-күлгін түске боялса, онда окси-антрохинон бар екендігін дәлелдейді. Сары-қызыл түс пайда болса, онда 1,6- және 1,8-диокситуындылар бар екендігін көрсетеді. Күлгін түс пайда болса – 1,2-диокситуындылар, сұр түс пайда болса – 1,4-диокситуындылар бар екендігін көрсетеді.
10% күйдіргіш натр, эфир, аммиак, хлорлы сутек қышқылы
0,5г ұсақталған жапырақты 10 мл 10% күйдіргіш натр ерітіндісінде бірнеше минут қайнатады, сүзеді. Фильтрат суыған соң сұйытылған хлорлы сутек қышқылымен әлсіз қышқыл реакция болғанша қышқылдайды. 10 мл эфирмен шайқайды. Эфир қабаты жасыл-сары түске боялады. 5 мл эфирлі сұйықты бірдей мөлшерде аммиак ерітіндісімен шайқайды,
соңғы түс шие-қызыл түске боялады ( оксиантрахинондар)