Ылғал ауаның І – х – диаграммасы. Ылғал ауаның І – х – диаграммасын А.К. Рамзин атмосфералық P=745 мм. Рт. ст. тұрғызды.
Диаграмманың координаттық остері 135 0бұрышпен орналасқан. Ордината осі - энтальпия, абсцисса осі – массалық ылғалдылық.
Кептіру процесін І - х диаграммада бейнелеу. Конвективті кептіру үшін ауа алдымен қыздырылады. Ауаны қыздырғанда оның салыстырмалы ылғалдылығы азаяды. Сондықтан диаграммада қыздыру процесі АВ түзу сызығымен бейнеленеді. Бастапқы нүктесі (t0, x0), ал соңғы нүктесі tн изотермасының бойында жатады.
Суыту процесі кері ВА түзу сызығымен бейнеленеді. Егер Ва сызығын сызығына дейін созсақ, қиылысу нүктесі шықтану температурасын көрсетеді tр. Ауаны одан әрі суытқанда, оның құрамындағы бу конденсацияланады, сәйкесінше, ауаның массалық ылғалдылығы азаяды. Егер материал ылғалы тек қан ауа берген жылу арқылы буланса, кептіру процесін адиабаталық кептіру деп атайды. Бұл кезде ауаның берген жылуы буланған ылғал түрінде қайта оралады. Ауаның массалық және салыстырмалы ылғалдылықтары өседі, ауаның температурасы төмендейді. Мұндай процесс теориялық кептіру деп аталады.
Адиабаталық кептіру кезінде материалдың температурасы тұрақты және ылғал термометрдің температурасына тең болады. Теориялық кептіру процесі тұрақты энтальпия сызығымен жүреді (ВС сызығы). С нүктесі кептіргіштен ауаның күйін сипаттайды. Ылғал термометрдің температурасын анықтау үшін берілген нүкте арқылы І=const сызығын сызығымен қиылыстыру керек. Қиылысу нүктесі ылғал термометрдің температурасын tм.т. анықтайды.
Ауа температурасымен ылғал термометр температурасының айырмашылығын кептіру потенциалы деп атайды. Біздің жағдайымыздағы кептіру потенциалы:
Кептіру потенциалы ауаның материалдан жұту қабілеттілігін сипаттайды.
Ылғалдың материалмен байланыс түрлері. Акад. П.А. Ребиндердің ұсынған жіктемесі бойынша ылғалдың материалмен байланыстарының мына түрлерін ажыратады: физикалық-механикалық, физикалық-химиялық және химиялық. Физикалық-механикалық байланысқан ылғал еркін ылғал деп аталады. Физикалық-химиялық байланыстың екі түрі бар: адсорбциялық және осмотикалық. Адсорбциялық байланысқан ылғал материал бетінде және оның кеуектерінде берік ұсталады. Осмотикалық байланысқан ылғал (немесе ісіну ылғалы) клеткалар ішінде осматикалық күштермен ұсталады. Адсорбциялық ылғалды аластау үшін осмотикалық ылғалды аластауға қарағанда көп энергия қажет етеді. Химиялық байланысқан ылғал материалмен берік қосылған (мысалы, кристаллогидраттардағы ылғал). Химиялық байланысқан ылғал материалды жоғары температураға дейін қыздырғанда немесе химиялық реакция кезінде аластатылуы мүмкін.
Кептіру кезінде, әдетте, тек қана физикалық-механикалық және физикалық-химиялық ылғал аластатылады.
Ылғал материалдың массасын былай көрсетуге болады:
Мұнда Gс, Gвл – сәйкесінше, құрғақ заттың және ылғалдың мөлшерлері, кг. Ылғал массасының материалдың барлық массасына қатынасын абсолют ылғалдылық деп атайды:
(U)
Ылғал массасының материалдың құрғақ массасына қатынасын салыстырмалы ылғалдылық деп атайды:
( U ' )
Кептіру кезінде құрғақ материалдың мөлшері өзгермейді, сондықтан есептеулерде қолданылады.
Соңғы үш теңдеулерден салыстырмалы және абсолют ылғалдылықтардың өзара байланысын анықтаймыз:
; .