Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтикалыќ академиясы



бет11/29
Дата27.03.2023
өлшемі360,5 Kb.
#76424
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
метод-гистология-практика-мпд-каз

7. Бақылау
Сұрақтар
1. Нерв жасушасының аксоны мен дендриті бір-бірінен қандай морфология-лық және қызметтік белгілерімен ерекшеленеді?

  1. Нерв жасушалары қалай жіктеледі?

  2. Нерв жасушаларының денесінде, нейритінде, дендритінде қандай арнайы органеллалар орналасады?



Тесттер
1 Қаңқалық бұлшық еттерде нерв – бұлшық еттік импульстарды өткізуде медиатор ... қатысады.

  1. ацетилхолин

  2. дофамин

  3. серотонин

  4. гистамин

  5. норадреналин

2 Жалғануниполярлық нейрон ... нейроциттің біртүрі болып табылады.

  1. биполярлық

  2. аполярлық

  3. униполярлық

  4. мультиполярлық

  5. нейробластық

3 Нейроциттегі хроматофилді Ниссль заты ... болып табылады.

  1. түйіршікті эндоплазмалық тор

  2. тегіс эндоплазмалық тор

  3. Гольджи кешені

  4. жасуша орталығы

  5. мембраналық көпіршіктердің шоғыры

4 Нерв тіні ... дамиды.

  1. эктодермадан

  2. мезодермадан

  3. мезенхимадан

  4. спланхнотомнан

  5. энтодермадан

5 Гематонейрондық тосқауыл құрамына ... кірмейді.

  1. нейрон өсінділері

  2. глиоцит өсінділері

  3. нейрон мен гемокапилляр қабырғасы арасындағы жанасу

  4. гемокапилляр эндотелиоциттері

  5. гемокапиллярдың базалды мембранасы



Есептер

    1. Суретте 1 өсіндісі бар нерв жасушасы көрінеді. Бірақ тақырыпта бұл нерв жасушасының дендритті шетке, ал аксоны орталыққа барады деген. Тақырып осы суретке сәйкес келе ме?

    2. Оқулықта 3 нейроцит берілген мультиполярлы, биполярлы, псевдоуниполярлы. Бұл жасушалардың әрқайсысында қанша аксоннан болады?

    3. Кестеде 1 өсіндісі жұлынға, ал дендрит деп аталатын өсіндісі бұлшықет талшығына баратын нейроцит берілген. Бұл нейроциттің қызметтері қандай?

    4. Нейроцит аксонын кескенде оның шеткі бөлімі өледі. Студент оның екі себебі болуы мүмкін депті: 1-сі аксонның шеткі бөліміндегі ақуыз синтезінің бұзылуы. 2-сі оның оттегі мен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Сендер қалай ойлайсыңдар?



Тапсырмалар
1. Нерв жүйесінің қызметін және тіндік элементтерінің аталуын дәптерге жазыңдар.
2. Нейроциттің базофилді заттарына сипаттама беріңдер (хроматофилді субстанция).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет