Есептер Сүйек тінінің екі препараты берілген. Біреуінде-қабатталған сүйек табақшалары көрінеді, екіншісінде сүйек табақшалары болмайды. Сүйектің қай түріне жатады және қайда орналасады?
Электронды микросуретте цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазматикалық торы бар сүйек тінінің жасушасы берілген. Бұл ультрақұрылым жасушаның қай қызметімен байланысты және жасуша қалай аталады?
Электронды микросуретте сүйек тінінің жасушасы берілген. Бұл жасуша цитоплазмасында көп мөлшерде лизосома бар. Бұл құрылым жасушаның қандай қызметімен байланысты? Бұл қандай жасуша?
Тапсырмалар 1. Сүйек тінінің әртүрлі жасушааралық затының құрылымдық ерекшеліктерін кестеге толтырыңдар.