Бақылау : 1.Жұқа беткейдегі хроматографияға түсініктеме беріңіз
2. Аскорбин қышқылын хроматография көмегімен анықтау.
Кредит №3 № 1 сабақ Тақырыбы: Карбон қышқылдары. Химиялық қасиеттері. Карбоксилді топтағы нуклеофильді орынбасу реакциялары (SN). Карбон қышқылдарының функциональды туындылары: галогенангидридтер, күрделі эфирлер, ангидридтер, карбон қышқылдарының амидтері. Алынуы және қасиеттері.
Мақсаты: Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындыларының химиялық қасиеттерін оқып үйрену.
Оқыту мақсаты:
Карбоксилді топтың және карбоксилат ионының электрондық құрылысы.
Карбоксил тобындағы SN реакциясының механизмін білу.
Карбоксил тобындағы SN реакциясының механизмі білімдерін функционалды туындыларды (ангидридтер, галогенангидридтер, амидтер, күрделі эфирлер) алу және гидролиздеу реакцияларына қолдану.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеттері. Карбоксилат-ионының электрондық құрылысы.