Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы


Сабақ №4 Тақырыбы: Зертханалық сабақ



бет36/40
Дата02.10.2023
өлшемі348,5 Kb.
#112629
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
метод-ЛПЗ-орг-хим-фармация-каз

Сабақ №4
Тақырыбы: Зертханалық сабақ: Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар.
Бес мүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялар.Бес мүшелі гетероциклді қосылыстардың тотығуы.
Мақсаты: Студент бес мүшелі гетероциклді қосылыстарға реакциялар жүргізу мақсатында керекті ыдыстарды, құрал жабдықтарды білуі тиіс.

Оқыту мақсаты:


1.Бес мүшелі гетероциклді қосылыстардың химиялық реакцияларын қарастыру
2.Бес мүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялармен танысу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Бес мүшелі гетероциклді қосылыстардың химиялық реакциялары
2.Бес мүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялар
Білім берудің және оқытудың ¸äiñòåði: Ñåìèíàð, зертханалық жұмыс .
Зертханалық жұмыс:
1-Тәжірибе. Фурфуролдың суда еруі. Фурфурол
1 мл фурфурол мен 4 мл суды араластырады. Қоспаны фурфурол суда толық ерігенше баяу шайқайды (8:100). Фурфуролдың сулы ерітіндісі келесі тәжірибеге қолданылады.
2-Тәжірибе. Фурфуролдың анилинмен өзара әрекеттесуі. Жаңа айдалған фурфурол, анилин, жаңа айдалған сірке қышқылы, концентрлі этил спирті.
Сағат шынысына 1 тамшы анилинді 1 тамшы сірке қышқылымен араластырып және осы қоспаға 1 тамшы фурфуролмен спирт қосамыз. Біршама тұрған соң қызғылт-қызыл бояу пайда болады және күлгін түсті тұнбаға түседі.
3-Тәжірибе.Антипириннің темір хлорид ерітіндісімен өзара әрекеттесуі. Антипирин, 1% темір хлорид ерітіндісі, натрий нитритінің қаныққан ерітіндісі.
Антипириннің 200 мг-н 0,5 мл суда ерітіп, алдымен оған натрий нитритінің 1-2 тамшысын, сосын 1-2 тамшы темір хлорид ерітіндісін тамызамыз. Осы кезде жоғалмайтын қызыл түс пайда болады. Антипирин 4-ші көміртек атомындағы қозғалғыш сутегі атомы әсерінен, ол темір хлоридімен қызыл түс беретін таутомерияның енолды түріне өзгере алады.
4-Тәжірибе.Пирамидонның темір хлорид ерітіндісімен өзара әрекеттесуі. Пирамидон, 1% темір хлорид ерітіндісі, натрий нитритінің қаныққан ерітіндісі.
Пирамидонның 200 мг-н 0,5 мл суда ерітіп, алдымен оған натрий нитритінің 1-2 тамшысын, сосын 1-2 тамшы темір хлорид ерітіндісін қосамыз. Бірден тез жоғалып кететін қою күлгін түс пайда болады. Пирамидон – антипириннің туындысы.Антипириннің 4-ші көміртек атомындағы қозғалғыш сутегі атомы диметиламин тобына алмасқан, сондықтан енолды таутомерия түзе алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет