Хинолин, тұз қышқылы, концентрлі, күйдіргіш натрий, 10% ерітінді. Хинолиннің бірнеше тамшысын судың екі есе көлемімен араластырамыз және концентрлі тұз қышқылын хинолин толық ерігенге дейін тамшылатып құямыз. Қоспа қызады. Алынған біртекті ерітіндіге күйдіргіш натрийдің ерітіндісін тамшылатып қосамыз. Пробиркаға бос хинолин түрінде ауыр тамшылары жиналады.
Хинолин немесе бензопиридин, пиридинге ұқсас, әлсіз үшіншілік негіз болып табылады. Күшті минералды қышқылдармен ол суда еритін тұздар түзеді. Бұл тұздар негіздерді ыдыратады.
№5-Тәжірибе. Хинолинге тотықтырғыштардың әсері. Хинолин, сулы ерітінді, KMnO4, 1% ерітінді, көмірқышқылды натрий, 10% ерітінді. 0,5 мл хинолиннің сулы ерітіндісіне 1-2 тамшы 1% KMnO4 ерітіндісін және бірнеше тамшы көмірқышқылды натрий қосамыз. Егер де түрлену жүрмесе, пробиркадағы қоспаны қыздырамыз.
Хинолин марганецқышқылды калиймен жеңіл тотығады. Тотығу бензол сақинасында жүреді (пиридин сақинасы тұрақты және бұл жағдайда өзгермейді), екі негізді хинолин қышқылы-пиридин-2,3 дикарбонды түзіледі.
°äåáèåò: Íåãiçãi: 1.Ïàòñàåâ À.Ê., Æàéëàó Ñ.Æ. Îðãàíèêàëûº õèìèÿ íåãiçäåði, Øûìêåíò, 2005, 3-êiòàï, -Á. 39-64-269.
²îñûìøà: 1.Ïàòñàåâ °.Ê., Ñåéòåìáåòîâ Ò.Ñ., С.А. Шитыбаев, Қ.Н. Дауренбеков Áèîîðãàíèêàëûº õèìèÿ, îºó º½ðàëû, 2005, -Á. 271-317.
2. À. Ïàòñàåâ, Ñ. Æàéëàóîâ. Îðãàíèêàëûº õèìèÿ íåãiçäåði. Àëìàòû, “Áiëiì”, 1996, -Á. 361-371.
3.Ә.Қ. Патсаев, Қ.Н. Дауренбеков Биоорганикалық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба, Шымкент, 2005, -Б. 252-282.
Бақылау сұрақтары: 1.Пиридиннің суда еруі.
2.Пиридиннің негізгі қасиетіне сипаттама.
3.Хинолиннің негізгі қасиеттері.
4.Хинолинге тотықтырғыштардың әсері.
№ 6 сабақ
Тақырыбы: Зертханалық сабақ: Ацетилсалицил (аспирин) қышқылының синтезі.
Мақсаты: Ацетилсалицил (аспирин) қышқылын алу үшін қажетті ыдыстарды дұрыс дайындай білуі қажет.