Бақылау сұрақтары: Антипириннің темір хлорид ерітіндісімен өзара әрекеттесуі.
Пирамидонның темір хлорид ерітіндісімен өзара әрекеттесуі.
Фурфуролдың суда еруі
Фурфуролдың анилинмен өзара әрекеттесуі.
Сабақ№5 Тақырыбы: Зертханалық сабақ: Алты мүшелі гетероциклді қосылыстар.
Алты мүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялар. Алтымүшелі гетероциклді қосылыстардың тотығуы.
Мақсаты: Студент алты мүшелі гетероциклді қосылыстарға реакциялар жүргізу мақсатында керекті ыдыстарды, құрал жабдықтарды жинай білуі тиіс.
Оқыту мақсаты:
1. Алтымүшелі гетероциклді қосылыстардың химиялық реакцияларын қарастыру
2. Алтымүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялармен танысу
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Алтымүшелі гетероциклді қосылыстардың химиялық реакциялары
2.Алтымүшелі гетероциклді қосылыстарға сапалық реакциялар
Білім берудің және оқытудың ¸äiñòåði:Ñåìèíàð, Зертханалық жұмыс .
Зертханалық жұмыс: №1-Тәжірибе. Пиридиннің суда еруі. Пиридин. Пробиркаға 1-2 тамшы пиридин, теңдей мөлшерде су құйып араластырамыз. Ашық түсті ерітінді аламыз.
Пиридин суда жақсы ериді, барлық қатынастарда араласады. Пиридиннің өзіне тән жағымсыз иісіне көңіл аудару қажет.
Пиридиннің сулы ерітіндісі келесі тәжірибеде қолданылады.
№2-Тәжірибе. Пиридиннің өзіне тән негізділігін анықтау. Пиридин, сулы ерітінді, қызыл лакмус қағазы. Қызыл лакмус қағазын шыныға жайып және оның үстінен 1-2 тамшы пиридиннің сулы ерітіндісін тамызамыз. Лакмус қағазының көгергені байқалады.
Пиридин үшіншілік амин болып табылады және күшті негіздік қасиет көрсетпейді.
Пиридин суда ерігенде негіз түзеді, ОН-ионына диссоциацияланады.
№3-Тәжірибе. Хинолиннің судағы ерігіштігі. Хинолин.
0,5 мл хинолинге 5 мл су қосып және араластырамыз. Хинолиннің суда толық ерімейді. Қоспаны тұндырғанда, пробиркада хинолиннің ауыр тамшыларының жиналғанын байқаймыз. Қаныққан сулы ерітіндіні хинолиннен бөліп келесі тәжірибеге қолданамыз. Хинолин суық суда ериді (6:100).
№4-Тәжірибе. Хинолиннің негіздік қасиеті.