2 Қабілет теориялары. Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.
Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.
Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |