ОқУ – Әдістемелік кешен құрастырған: доцент А.Қ. Ералина Түркістан курс туралы курстың мәні «Психология»



бет4/59
Дата31.12.2021
өлшемі301,39 Kb.
#23327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Ресейлік ғалымдар жұмыстарындағы мотивация. ХХ ғасырдың басында адам мінезі мен тәртібінің мотивациясы мәселелері туралы А.Ф.Лазурскиидің 1906 жылы жарық көрген «Очерк науки о характерах» деген еңбегі ерекше атап өтерлік. Бұл еңбекте тілектер мен қызығушылық, мотивтер күресі мен шешім қабылдау, шешім тұрақтылығы мен қозғаушы күштерді іштей аяушылықпен байланысты мәселелерді дәйекті талқылауға көп орын бөлініп, осы тұжырымдар бүгінгі уақытта да өз құндылығын жойған жоқ.

Адамның құштарлығы, тілектері мен қалаулары туралы мәселелерді орыс психологы И. Ланге (1974)да өз еңбектерінде кең талқылаған. Атап айтқанда, ол «құштарлықты» қалаудан бөліп алған да, соңғысы белсенді әрекетке көшетін құштарлық деп түсіндіреді. Ол үшін «қалау»- тек әрекеттенуші ерік- жігер.

1920 жылы одан кейінірек мінез мотивациясының мәселелері В.Боровский (1927) мен Н.Войтонис (1929, 1935) еңбектерінде қарастырылған.

1940-шы жылдары мотивацияны «қондырғы теориясы» позициясы тұрғысынан Д.Узнадзе қарастырған. Ол белсенділік көзі болып табылатын қажеттілікті, өзі кең мағынасында түсінген, дене құрылысына керек ұғым деп түсіндіреді.

Көптеген шетелдік мотивациялық тұжырымдамаларға мінез- құлықты түсіндіретін орталық психикалық процесс ретінде шешім қабылдау қабылданады. Бұл мотивация теориясының кемшілігі мотивациялық процестерді оларды біріктіруге тырыспай жекелеген қырлары тұрғысында қарастыруында. Ол кейбір ғалымдардың әмбебап мотивация теориясын құрудың принципі мүмкіндіктерінен бас тартуына байланысты.

Қазіргі кезге дейін философиялық, биологиялық және психологиялық әдебиеттерде адамдардың ғана емес, сонымен бірге жан- жануарлардың да мотивациялары мен мотивтері туралы айту орын алған. Нәтижесінде мотивация астарында адамдардың және жан- жануарлардың кейбір іс- әрекеттері де қабылданады. Мысалы, Н.Войтонис қорқыныш, өшпенділік мотивациясын, ал П.Симонов (1975) жануар мотивіне олардың биологиялық қажеттіліктері жататынын айтады.

Адам, тұлға мотивациясын психологиялық құбылыс ретінде қарастыруда ғалымдар көптеген қиындықтарға кезігуде. Ең алдымен терминологиялық көмескілік пайда болды: бірдей, тіпті синоним түрінде «мотивация» мен «мотив» терминдері пайдаланылады. «Мотивацияны» көбірек қолданады, өйткені, оның астарында адам мен жан- жануар белсенділігінің терминсіздендіру процесі, немесе іс әрекет тудырушылықты қалыптастыру түсіндіріледі (А.Орлов, 1989). Шын мәнінде, мотивацияны қажеттілік пен мотив, адам дүниетанымы мен оның өзі туралы түсінікпен, жекелеген ерекшеліктері мен функционалды қалпымен және оны өзгерту болжамдарымен, күтілетін соңғы нәтижелер мен басқалар туралы пікірімен байланыстырылады (В.Иванников, 1985).

«Мотив» туралы түсінік те мәз емес. Оның сипаты ретінде көптеген түрлі психологиялық құбылыстар аталады: ұсыныстар мен мұраттар, сезімдер мен уайымдар (Л.Божович, 1968), қажеттіліктер мен қызығушылықтар, түрткілер мен бейімділіктер (Х.Хекхаузен, 1986), қалаулар мен тілектер, әдеттер, ойлар және жауапкершілік сезімі (П.Рудик, 1967), моралды- саяси ұстанымдар мен ниеттер (А. Ковалев, 1969), психикалық процестер, тұлға сипаттары мен қалпы (К.Платонов, 1986), сыртқы дүние заттары (А.Леонтьев, 1971), қондынғылар (В.Вилюнас, 1990). Дәрігерлер тіпті «мотивацияланбаған (!) бас ауруы» деген диагноз қойып, шамасы, мотивті- кез келген құбылыстың кез-келген себебі деп түсінеді. А.Леонтьев мотивациямен жұмыс мәселесі жүйелендіруге келмейді деп бекер жазбаған, себебі «мотив» терминінің қолданылу аясы өте кең, ол бір көптеген заттар салынған үлкен қап сияқты. Ал «мотив» түсінігін әдебиетшілер, публицистер, заңгерлердің еркін қолдануы туралы айтпай-ақ қойса да болады. Адамзаттың тарихи және экономикалық дамуының себептері мотив деп аталады.

Шетелдік психологияда мотивация теориясының 50 шақты түрі бар. Осы жағдайға байланысты В.Вилюнас (1990) «мотивтің» түсіндіруінің маңыздылығына күмән келтіреді. Орнына ғалым назарды нақты белгілерге аударып, жекелеген тұлғалардың түрткі белсенділігіне тоқталуды ұсынады.

Кейбір жұмыстарда «мотив» ақыл- ой әрекетінің интелектуалды өнімі ретінде қарастырылады. Ж.Годфруа (1994) айтуынша «мотив»- бұл субъекті әрекетке түсетін ұғымдар. Одан да қаттырақ Х.Хекхаузен (1986) айтуында: «мотив» «ойлау үйлесімі» яғни нақты өмірдегі психологиялық құбылыс емес, керісінше теориялық құрылыс. Ол «... шын мәнінде ешқандай «мотив» жоқ, олар ешқашан байқалмайды және шындық әрекет ретінде танылмайды. Олар біздің ойлауымыздың қосымша үйлесімдерін түсінуді жеңілдететін шарттары...» [6,89]

Сонымен бірге мотив пен мотивацияның қимылға ма, әлде қызметке қатысы арасында да қарама- қайшылықтар бар. А.Леонтьев 1956 жылы мотивтің жекелей, меншікті әрекетке түрткі болатынын жазған болатын. Алайда, кейінгі еңбектерінде мотивтің қызметке қатысын, ал әрекеттің өзіндік мотиві болмайтынын айтады. Егер де бұны әрекетті орындаудың жеке күйі деп қабылдасақ, онда А.Леонтьевтің тұжырымдамасы шындыққа жанасып, әрбір әрекет жалпы қызмет құрамында жекелеген мотивке ие болмайды, бірақ бұл әрекеттер мотивацияланбады деген сөз емес. Жалпы әрекет пен қызметтің жалпы мотиві бар.

Сөйтіп, мотивация мен мотив мәселелері әлі де талас тудыратын, экспериментальды түрде аз зерттелген күйінде қалып отыр. Көптеген шетелдік мотивация теориялары жан- жануарлармен тәжірибе жүргізу негізінде құрылған, сондықтан кей жағдайларда адамды тура айқындау мүмкін емес. Оған қоса осы теорияларды шынайы мотивацияланған күйінде қарастыруға бола ма деген сұрақ туындайды.

Алайда, П. Якобсонның айтуынша (1969) «тұлға психологиясына деген қызығушылықтың өсуі, оның әрекеттері мен қызметінің күрделі динамикалық өзгерістеріне деген көзқарастың артуы психологиялық ғылымда адам мінезінің мотивациясын оқып- үйренудің қажеттілігін көрсетеді». Демек, қалыптасып отырған көзқарастарға қатысты сындарлы қарастырулар мен мәселені шешу жолында тың ізденістер қажет.

Мотивацияны оқып білу- бұл оның ілгерілеулері мен нақты деңгейін, әрбір үйренушінің дамуындағы көрінісін табу. Оқып білу нәтижелері қалыптасу процесі кезінде оның тың көздері ашылады, сондықтан нақты оқып үйрену мен диагностика қалыптастыру барысында орындалады. Түсінік қалыптастыру мақсатты жүзеге асып, оның нәтижелері мен көрсеткіштері екшеленіп отырады. Демек, нақты жұмыстар кезінде оқып үйрену мен мотивацияны қалыптастыру бір- бірімен тығыз байланысты. Оқып білу мен үйренудің мотивтерін қалыптастыру- мотивациялық әрекеттердің құрамдас бөлігі екендігі анық. Бұл екеуін бір- бірінен ажыратпаймыз. Мотивация мен мотив сипаттарын танып- білу әрекеттері шынайы зерделілікті, ғылыми дәлдіктерді талап етеді. Сондықтан да осы егіз екі ұғымдардың жалпы болмыс сипаттарына, мәнеріне, құрылымдарына түсініктеме берген ләзім. Алдағы мұрат- міндет осы.

Мотивацияның барлық анықтамаларын екі бағытта қарастыруға болады. Біріншісі, мотивацияны құрылымдық жағынан, яғни факторлар мен мотивтер жиынтығы тұрғысынанқарастырады. Мысалы, В.Шадриков (1982) тізбесіне сәйкес, мотивация жеке тұлға мақсаттары мен қажеттіліктерімен, мұраттары мен (объективті, сыртқы, оған қоса субъективті ішкі- білім, білік, дағды, мінезі) және осы тұлға дүниетанымы, бағыттары мен сенімдері мен шарттасады. Осы факторларды ескере келе шешім қабылдау, мүдде қалыптастыру жүзеге асырылады. Екінші бағыт мотивацияны статикалық емес, керісінше динамикалық білім, процесс, механизм түрінде қарастырады.

Алайда, мотивация бірінші және екінші жағдайда да авторлар түсіндіруі бойынша алғанда білім, құбылыс мотивіне екінші бағыт болып көрінеді. Оған қоса, екінші жағдайда мотивация қолда бар мотивтерді жүзеге асыру тетігі жәнеқұралы түрінде көрінеді: егер қолда бар мотивті жүзеге асыратын жағдай қалыптасса, онда мотивация пайда болады, яғни іс- әрекет процесі мотивпен реттеледі. Мысалы, В.Иванников (1983) мотивация процесі мотивті өзектендіруден басталады деп есептейді. [9,24] Бұндай мотивацияның ұсынылуы мотивтің қаншалықты өтеуші ұғым ретінде түсіндірілуіменайқындалады, яғни мотив адамға дайын болуы үшін берілген. Оны өзектендіру керек (оның бейнесін адам санасында қалыптастыру).

Бірақ бұндай келісте көп нәрсе түсініксіз болады: біріншіден, ниет не береді- жағдай ма әлде мотив пе; екіншіден, мотивациядан бұрын көрінген мотив қалай пайда болады. Авторлардың мотив пен мотивацияға қатысты пікірлері бұл мәселені анықтай алмайды. Ал, А.Пилоян былайша жазады, мотив пен мотивация- өзара тығыз байланысқан, шарттасқан психикалық категориялар және іс- әрекет мотивтері белгілі бір мотивация негізінде (яғни, мотивтер екінші кезекте деген сөз) құрастырылады. Оған қоса ол жекелеген мотивтерді жасау арқылы біз мотивацияға тұтастай әсер ете аламыз дегенді бекітеді (яғни мотивация алғашқы болып табылатын мотивке тәуелді деген сөз). Одан бөлек, автор мотивтер іс- әрекетке, ал мотивация- қызметке тәуелді деп ешқандай да түсініктеме берусіз есептейді. Мотив пен мотивацияның ара қатысын И.Джирдарьян (1976) еңбегінен де анықтауға мүмкін емес. Ол мотивацияға қарағанда мотивтің өте тар мәні бар деп жазады. Онда тікелей психологиялық мазмұны айтылған, атап айтқанда, тұтастай алғандағы мінез мотивациясының процесі кең таратылған. Тек мотив қана уақыттың әр сәтінде адам әрекеттерін бағыттайды және қуаттандырады. Мынадай сұрақ туындауы мүмкін- сонда егер мотив көмегімен барлығы орындалатын болса, онда мотивация қызметі неде? Бұндай жағдайда «мотивация» түсінігі артық болып саналады.

В.Леонтьев (1992) мотивацияның екі түрін атап көрсетеді: бастапқы, яғни қажеттілік, қызығушылық, әуестілік және екінші мотив түрінде көрінуі демек, бұндай жағдайда мотивті мотивациямен теңдестіру орын алып отыр. В.Леонтьев тұлға деңгейіндегі мотив мотивация түрі ретінде пайда болып және бір мақсатқа жету үшін белгілі бір әрекетке түсудегі тұлғалық дәйектемені қамтамасыз етеді деп жорамалдайды, бұнымен келіспеу мүмкін емес. Көп жағдайда психологтар (ал биологтар мен физиологтар- үнемі) мотивация ретінде мінезді терминсіздендіру деп есептейді, сондықтан ішкі және сыртқы мотивацияларды ерекшелейді. Психологтармен бірге мотивация мен мотив мәселелерін криминалистер де қарастырады. Олардың арасында да мотивацияны біркелкі түсіну жоқ. Бір жағдайда ол тұрақты ниет, яғни мотив тұрақтылығы жүйесі арқылы тұлғаның өзін- өзі басқару әдісі деп түсініледі (К. Игошев, 1974), басқа жағдайда- мінез-құлық мотивациясын қалыптастыру процесі деп түсініледі (В.Филимонов, 1981), үшінші жағдайда- қарама- қайшылықты және күрделі, өзгермелі динмикалық жүйе (Н.Кузнецова, 1975) түріндегі мотивтер жиынтығы деп түсініледі.

Сөйтіп, мотивация мәні, оның мінезді реттеудегі қызметі, мотивация мен мотив арасындағы өзара байланыстарында көзқарастар бірлігі жоқ. Бірқатар еңбектерде осы екі түсдайдан шығу жолын біз мотив қалыптастырудың динамикалық процесінен көреміз.

Мотив - бұл адам қажеттілігі жүйесінен туындаған және олардың сезіну немесе сезінбеу дәрежесіне лайықты мінез- құлықтық актіні орындауға ниеттенуі. Мінез- құлықтық орындау процесі кезінде мотивтер динамикалық білім бола тұрып, трансформациалана (өзгере) алады, сөйтіп қылық көрсетудің барлық кезеңіндегі мінездік актісін бастапқыға қарағанда, сирек өзгермелі мотивациялаумен аяқталады.

Қазіргі заманғы психологияда «мотивация» термині кем дегенде екі психикалық құбылыспен белгіленеді: 1) тұлға белсенділігін шақырып, дәрежесін анықтайтын ниеттер жиынтығы, яғни мінезді детерминдеуші себепкер шарттар жүйесі; 2) белгілі бір деңгейде мінез белсенділігін қолдап және ынталандыратын мінездеме процесі, мотив қалыптастыру, білім процесі.

Адамның әр қылығының артында белгілі бір мақсаттар, тілектер жасырын тұрады, ал дау- жанжалдың артында- бір адамның жеке басының мүддесі екіншісінің мүддесінен жоғары тұратындығы, қарым- қатынас кезіндегі әріптестер қалауының бірікпес қақтығысы көрінеді. Атап өтеріміз: егер алуан түрлі тілектерді қанағаттандыруға кедергі келтіретіндер- дау- жанжал шығу көздері болса, онда «ауыр мінез», өзін- өзі нашар сезіну, көңіл- күй, адам психологиясын білмеу және қарым- қатынас техникасының кемшіліктері- барлығы да тұқырушы мен қоздырушы факторлары, катализаторлары.

Қажеттілік өзінің физикалық және психикалық қалыпты күйін қолдау мүмкін емес шарттарына ұмтылу қабілетін арттырумен сипатталады. Қажеттілік – адамның бір нәрсеге тәуелділігін ұғынып және уайымдайтын қалпы. Жете түсіеген қажеттіліктер- бұлар тілектер. Оны адам қалыптастырып, орындау үшін әрекеттер жоспарын жасайды. Тілек неғұрлым күшті болса, қол жеткізу жолында энергиялық қарқын соғұрлым жоғары болады. Егер ойланатын болсақ: біздің әрқайсымызда көптеген тілектер бары анық, денсаулығымыз жақсы болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді, сүйе және сүйікті болғымыз келеді, балаларды өсіріп, олардың жетістігіне қуансақ дейміз, қызықты жұмысымыз болса, мақтау, мойындау, рахаттану, әдемілік, ән- күй, жаңа танымдар мен ақпараттарға қол жеткізсек дейміз. Түсіністікке ие болып, не үшін өмір сүретінімізді білгіміз келеді. Бұлар тек көптеген тиянақты тілектер, ал қаншама ауыспалы тілектер бар. Осылардың барлығы да біздерді белгілі бір мақсаттар мен әрекеттерге жетелейді. Қанағаттандыру жолындағы кедергілер тұлғааралық қақтығыстар себебі, әсіресе, негізгі қажеттіліктер мен тілектер арасындағы қайшылықтар болады.

Қажеттіліктер топтастырылуы төмендегідей: 1) алғашқы, виталды (тума, биологиялық) қажеттіліктер: тағамға, суға, ұйқыға, демалысқа, қорғанысқа, ата- аналық, жыныстық қажеттіліктері. Бұл табиғи қажеттіліктердің қоғамдық- жекелеген сипаттары бар, оларды орындау, тіпті тікелей жеке қажеттіліктердің өзінде қоғамдық еңбектену мен белгілі қоғамдық ортада тарихи қалыптасқан тәсілдер мен амалдарды пайдалануға байланысты, яғни барлық қажеттіліктердің әлеуметтік мәні бар; 2) мәдени, қалыптасқан қажеттіліктердің өзіндік пайда болу табиғатына қарай қоғамдық сипаты бар, олар қоғамдағы тәрбие әсерінен құрастырылады. Мәдени қажеттіліктер арасынан материалды және рухани қажеттіліктер ерекшеленеді. Рухани қажеттіліктер қатарына қатынас, сезімталдық жылылық, сыйластық, танымдық, қызмет ету, эстетикалық, өмір мәнін түсіну қажеттіліктері жатады. Тіпті осы сұрақтарға жауап таба алмай қалғанның өзінде, біз өзіміздің нақты мақсаттарымыз бар екенін денсаулық, білім күшімізді жұмсау әрекеттері арқылы дәлелдейміз. Ал мақсаттар алуан түрлі болады: ғылыми шындық, өнерге қызмет, бала тәрбиесі. Кейде бұлар мансапқа қол жеткізу мақсатына: саяжай алу, көлік алу және т.б. жұмсалады. Егер кімде- кім не үшін өмір сүретінін білмесе, әрине, тағдырына қанағаттанбайды.

Алайда, тілектерге жете алмау себептерін біліп қою жеткіліксіз болады. Ең негізгісін, мақсатына жету үшін адам барабар әрекеттер жасай алғандығын ұғынуы керек. Көбінесе, өз алдына объективті және субъективті себептерге байланысты орындалмайтын мақсаттар қойған адамдарды сәтсіздіктер күтеді.

Адам мінез - құлқы мен мінез - құлық мақсатының мотивтері сәйкес келмеуі мүмкін: түрлі мотивтерді басшылыққа алу арқылы, алдыға бір мақсатты бірнеше рет қоюға болады. Мақсат - адамның неге ұмтылатынын, ал мотив- оған неге ұмтылатынын көрсетеді.

Мотивтің күрделі ішкі құрылымы бар: 1) мазасыздану сезімі, қанағаттанбаушылықпен қабаттасатын бірнәрсеге деген қажеттіліктің пайда болуынан мотив басталады; 2) мотивті сатылап түсіну: басында қанағаттанбаушылық сезімінің себебі неде, нақты уақытта адамға өмір сүру үшін не қажеттігі түсініледі, соңынан нақты қажеттілікке жауапты және оны қанағаттандыра алатын объект түсініледі, кейіннен мақсатқа жету қалай, қандай әрекеттер көмегі арқылы мотивтің энергетикалық компоненттері орындалатындығы түсініледі. Мотив, егер қажеттілікті түсіну нақты керек мақсаттармен сәйкес келмесе, адам өз мінезінің дәл себебін білмегендіктен қанағаттанбаушылық туындаса, онда түсінілмейді. Түсінілмеген мотивтер: әуестік, арбау, нұсқау, фрустрациялық жағдай.

Әуестік- жеткіліксіз дәл анықталмаған қажеттілік, яғни адам неге қызығатынын, қандай мақсаттары барлығын, не керек екендігін толық білмейді. Әуестік- адам мінезінің мотивтерін қалыптастыру кезеңі. Әуестік түсініксіздігі өтпелі, яғни пайда болған қажеттілік не жоғалады, не түсініледі.

Арбалу- ұзақ уақыт түсінілмеген күйінде қалуы мүмкін, жасанды сипатқа ие, «сырттан» енгізілген. Ал орнату мен фрустрация түсінілмеген күйінде табиғи жолмен пайда болады да адамның көп жағдайдағы мінезін анықтайды.

У. Фолокнер «Адам- өзінің өткен тәжірибесінің жиынтығы» деген болатын. Шынында, адамның өмірлік тәжірибесі оны еріксіз дәл солай істеуге итермелейді. Мысалы, Альф пен Петровтың «Алтын торпақ» кітабының белгілі кейіпкері Шура Балаганов қалтасында 50 мың сомы бола тұра трамвай ішінде құны 1 сом 70 тиындық әйелдің қол сөмкесін ұрлап алады. «Бұл не болды? Мен байқамай қалдым» деп өзін қоршағандарға ақтала сөйлейді.

А.Толстой «Крейсерлі соната» повесінде ұрысушы ерлі- зайыптылардың қарым- қатынасын сипаттай келе, әрқайсысы ұрыс басталмай- ақ, екіншісінің қателесіп тұрғанына сенімді болатынын атап көрсеткен.

Екі мысалда да адам бойында белгілі мінез- құлықтық ерекшеліктерге салиқалы дайындықтың жоқтығын, қандай да бір жағдайға оң немесе теріс көзқарас қалыптастыратындығын айтады. Тірек ойлар әдеттігі ойлаулардан, елестетулерден, әрекеттерден көрінеді. Бір кезде пайда болғандар ұзақ уақытқа сақталады. Тірек ойлардың пайда болуы мен өшуі жылдамдығы әр адамда әр түрлі болады. Қоршаған ортаның белгілі бір қырынан танылуына негізсіз дайындық мақсаты нақты жағдайды толық түсінбей, бағаламай, адамның жеке өмірлік тәжірибесі немесе басқалардың ықпалы негізінде қалыптасады.

Тұлғаның тәрбиеленуі мен өзін-өзі тәрбиелеуі көбінесе бірнәрсеге тиісінше көңіл аудару дайындығы біртіндеп қалыптасатындығын көрсетеді, басқаша айтқанда бұл нұсқауды, адам және қоғам пайдасына лайықтап дайындауды танытады. Ертерек, бала кезде ата- аналар ерікті және еріксіз түрде тәртіп түрлерін қалыптастыра бастайды. «Жылама- сен еркексің», «Үстіңді былғама- сен қыз баласың» және т.б., яғни бала «қайырымды -мейірімсіз», «әдемі- ұсқынсыз», «жақсы- жаман» деген нұсқаулар алады. Кейін, өсе келе біз өзімізде, жан дүниемізде бекітілген сезімдер, пікірлер, көзқарастар, нұсқаулар барлығын байқап, олардың жаңа ақпараттарды жинақтау мен қоғамдық ортаға қатысын қалыптастыруға әсер ететінін көреміз. Осы түсініксіз нұсқаулар адамға үлкен күшпен ықпал етіп, айналаға бала кезден бар нұсқаулар аясында әрекет етуге итермелейді.

Нұсқаулар қандай да бір адамға, құбылысқа дұрыс және теріс қатынас орнатуымызға орай, қате және оң болуы мүмкін. Бұндай теріс, алдын- ала бекітілген көзқарастар («Барлық адамдар- өзімшілдер, барлық мұғалімдер- формалистер, барлық сауда қызметкерлер- адал адамдар емес») нақты адамдардың шынайы түсінілуіне қарсылық көрсетуі мүмкін. Адамдар алуан түрлі құбылыстарды әр түрлі түсінеді. Бұл олардың дербес нұсқауларына байланысты. Сондықтан, барлық сөздер бірдей қабылданбайды деп таңдануға болмайды. Әңгіме барысында теріснұсқау мыналарға бағытталуы мүмкін: 1) әңгімелесішінің өз басы (егер басқа біреу айтса, сіз басқаша қабылдайтын едіңіз); 2) әңгіме мәніне («сену мүмкін емес», «бұлай айтуға болмас»); 3) әңгімелесу жағдайына («бұны талқылайтын жер бұл кез, жер емес»). Егер сіз ұсынған ұсыныстардың әңгімелесуші тарапынан қарсылыққа ұшырағанын байқасаңыз, онда оған өз пікірін айту үшін оң нұсқау беруге тырысыңыз. Ол үшін сенімді фактілермен ұсыныстарыңыз пайдасына шешілетін сөздер дайындаңыз. Фрустрациялық қалып адам мотивацияларында елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін, оны барлық жандарға агрессивті- қызғанышпен қарауға (неге бұндай істейтінін түсінбей), немесе өзін бәріне кінәлі, дәрменсіз, артық, шала (регрессивті фрустрация, өзін- өзі кінәлау) сезінуге итермелейді. Адам фрустрациясы- оның фрустрациялық қалпының анық көріну деңгейі- оны әртүрлі жағдайдағы қалыптасқан көңіл аудару формаларына итермелеуді анықтайтын күшті түсінілмейтін фактор болады. Егер адам мақсатына жету жолында анықталмай пайда болған жағдайларға тап болса фрустрация ұлғаюы мүмкін: 1) мақсатқа жету үшін ішкі мүмкіндіктер мен сыртқы құралдардың жетіспеуі; 2) түзетуге келмейтін шығындар; 3) дау- дамайлар. Егер адам өзін- өзі басқару әдістерін, іс- әрекеттерге батыл кірісу, сезімдік тепе- теңдіктіорнатып, меңгеруге тырыспаса фрустрация ұлғая береді. Фрустрация деңгейін Розенцвейг тесті көмегімен анықтауға болады.

Түсінікті мотивтер қатарына қызығушылық, сенімдер жатады, олардың, әсіресе, сенімнің қозғаушы күші жоғары- олар адамның мінез және бүкіл өмірін басқара алады, тіпті өзін- өзі басқару түйсігін арттырады (өзіне өте сенімділер кейде өлімге де бас тігуі мүмкін).

Адамзат әрқашан өмірлік мақсатын табуға, өзінің бүкіл қызметінің қарапайым ортақ бөлшегін, тіршілігінің динамикалық ұстанымдарын табуға тырысады. Өмір мақсаты- шексіз тіршілік. Адам- өмірдің бір бұтағы. Өзінің барлық таным- тірек және түсінігінде бір нұсқауға ғана сүйенеді, ол- «өмір сүру».

«Өмір сүру» түсінігі алғашында өз тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған адам әрекеті деп қарастырылған. Бірақ бұндай келіс адам мінезінің қырларын түсіндіре алмады: жауынгер Отаны үшін жанын қияды, анабаласы үшін өмірін беруге дайын. Содан мынадай мұрат пайда болады: адам топтық мәнді өмірінде дамып, жетіле бастаған, жан- жануар сияқты күресті өмірін топтық тіршілік тұрғысынан қабылдауға болады. Сөйтіп, адамның қауымдық тіршілік үшін өмір сүретіндігі дәлелденеді. Мұрат дұрыс болып көрінгенімен, көптеген байқаулар нәтижесі адамның мінезін толық көрсетіп бере алмады. Нәтижесінде адам мінезі бүкіл адамзат қауымы ауқымында түсіндіріле бастады. Бұл адамның бүкіл адамзат мақсаты жетегінде өмір сүретіндігін дәлелдейді. Ал шын мәнінде бұл тетік жұмыс істемеді. Соңынан адам өмірі мен оның іс- әрекетінің жыныстық қатынастарға деген пейілі еске түсіп, көріне бастады, яғни адамның тіршіліктегі бар ынтасы кейде жыныстық қатынасқа арналатыны түсіндірілді. Бірақ бұл таным- бақылаулар нәтижесі де адам мінезін таратып бере алмады.

Қазіргі заманғы психологиялық әдебиетте іс- әрекеттің мотивациялары байланысының бірнеше ұстанымдары бар (қарым- қатынас, мінез- құлық). Соның бірі- себепті белгілер теориясы. Себепті белгілерге басқа адамдар мінезінің мотивтері мен себептері жекелей қабылдау және осы негізде олардың алдығы мінез ерекшеліктеріне болжам жасай алушылық мүмкіндіктерін дамытудағы субъектінің түсініктемелері жатады. Себепті белгілердің тәжірибелі зерттелуі төмендегідей: а) адам өз мінезін басқалар мінезіндей түсіндіре алмайды; б) себепті белгілер жүйесі логикалық мөлшерлерге бағынбайды; в) адам өз әрекетінің сәтсіз тұстарын сыртқы, ал сәттіліктерін ішкі факторлармен түсіндіруге бейім тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет