Қосымша әдебиеттер
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.
Тақырып 4. Адамның ерік қасиеті және өзін-өзі реттеу психологиясы
Қарастырылған мәселелер:
1.Ерік турлы түсінік.
2.Ерік теориялары.
2.Еріктің атқаратын қызметі.
3.Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы.
4.Ерікті тәрбиелеу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Карпенко Л.А. Психология. Словарь. М.: Политиздат,-1990.- 494с.
2. Психология. \\ Под ред. Рудика П.А. М., 1974 -512с.
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология Алматы, - 2004
4. Туркпен-Улы Ж., Акмурзина Л.Ж., Абишева Ж.А. Основы психологии. Алматы – 2003 – 80с.
5. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996-224бет.
6. Рогов Е.И. Эмоция и воля/И.Е. Рогов, М.: 2001 – 240с.
7. Ильин Е.П. Психология воли /Е.П.Ильин СПб: 2002.
КОНСПЕКТ
Ерік турлы түсінік.
Ерік дегеніміз адамның қойылған мақсатқа жетуде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті [2, 205 б.].
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды [3, 239 б.].
Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Еріктік іс-әрекеттің анатомиялық – физиологиялық негізі мидың барлық бөліктерінің, үлкен жарты шар қабығының маңдай бөлігінің жетекші рөлі негізіндегі рефлекторлық іс - әрекеті болып табылады [4, 37б.].
Достарыңызбен бөлісу: |