Оқу бағдарлаамсы бойынша оқытылатын көркем шығармалар тізімі



бет12/26
Дата25.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#97098
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
5-9 оқылатын шығармалар тізімі (1)

Сыныпты жоспарлау
Қозғалу және сөйлесу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе жеткілікті орын болмаса, оқушыларға төрт пікір жазылған карточка беріледі (келісемін, келіспеймін, толық келісемін, үзілді-кесілді келіспеймін). Әрбір ой айтылғаннан кейін оқушылар белгілі бір карточканы көтеруге тиіс.
Жұмыс алгоритмі
1. Бірқатар тұжырымдар оқылады да, әр тұжырымды әртүрлі бұрышқа телиді.
2. Оқушыларға бұл тұжырымдарға қатысты өз пікірлерін ойлануға уақыт беріледі.
3. Бұдан кейін оқушылар өзі келісетін пікірдің бұрышына барады. Оқушылар «тобыр» соңынан еріп жүрмеулері керек, өйткені бұл жерде дұрыс, бұрыс жауап жоқ.
4. Пікірлер оқушыларға ой салуға тиіс (мысалға, «барлық футболшылар тым көп ақша табады» деген ойға қарағанда, «футболшылар тым көп ақша табады» деген ойды пайдаланған жақсы, өйткені екінші пікірталас тудыруға мүмкіндік береді).
5. Оқушылар осы бұрышты неге таңдағанын түсіндірулері керек. Барлық төрт бұрыштың пікірін тыңдау қажет.
6. Күрделі сұрақтарды қарастыру үшін, не алғашқы ойды мұқият талдау үшін қосымша сұрақтарды пайдалануға болады.
7. Әрбір пікірді талқылау кезінде туындаған сұрақтар өздерінің алғашқы көрқарастарына шүбә келтірген жағдайда, оқушылар орын ауыстыра алады.
8. Егер оқушылар пікірлерін өзгертіп жатса, неге екенін түсіндірулері керек.
9. Тапсырманы орындағаннан кейін жүргізілетін жауап алу барысында келісімге қол жеткізілген сұрақтарды және сыныпты бөлген сұрақтарды талқылауға болады.

2.10 5-үлестірмелі материал




Фильм бойынша сұрақ қою


Кейіпкер
Басты кейіпкер кім?
Оқиғаны кім баяндайды?
Басты кейіпкер қалай бейнеленеді?
Кейіпкерлер қалай сөйлеседі және не туралы сөйлеседі?
Сіз кейіпкерлердің не ойлайтыны мен не сезінетіні туралы қайдан біле аласыз?
Олар өздерін қалай ұстайды? Басқалармен қандай қарым-қатынас жасайды?
Сізді ең қызықтыратын кейіпкер кім?


Камера
Сіз артқы көріністе нені байқадыңыз?
Үлкейтіліп көрсетілгеннен нені байқадыңыз?
Біз кімнің көзқарасымен көреміз?
Әртүрлі кейіпкерлердің көзқарастарынбіз қалай көреміз?
Оқиғаны баяндауда камераның көмегі қандай?


Түстер
Сіз қандай түстерді байқадыңыз?
Негізгі түстер қандай?
Түстер тәулік мезгілін қалай білдіреді?
Түстер қай кезд еөзгереді?
Түстер қай кезде өзгереді?
Ақ пен қаратүстердің ара қатынасы қандай болды?


Оқиғасы
Бұло қиғаның барысында не болады? (оқиғаның өрістеуі, проблемасы, шешімі - композициясы)
Қандай маңызды оқиғалар болады?
Ол қайжерде болады?
Бұл оқиға кім туралы?
Оқиға барысында уақыт қалай өтеді?
Әрі қарай не болуы мүмкін?
Бұл оқиға белгілі бір оқиғаларды ескетүсіреді ме?


Дыбыстар
Сіз қандай дыбыстарды естисіз?
Фильмде музыка бар ма?
Музыка сізге қандай сезімдерді ұялатады?
Музыка сіздің көңіл-күйіңізге қалай әсер етеді?
Тыныштық сәттері бар ма? Оның әсері қандай?


Декорация
Оқиға қай жерде болады?
Неліктен ол дәл осы жерде болады?
Декорациялар қай кезде ауысады? Мұның оқиғаға әсері қандай?
Егер декорациялары басқа болса, бұл оқиға қалай өзгеруі мүмкін еді?
2.11 6-үлестірмелі материалдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет