Оқу бағдарлаамсы бойынша оқытылатын көркем шығармалар тізімі


Көркем шығарманы оқытуға арналған белсенді оқылымның әдіс-тәсілдері



бет5/26
Дата25.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#97098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
5-9 оқылатын шығармалар тізімі (1)

Көркем шығарманы оқытуға арналған белсенді оқылымның әдіс-тәсілдері


Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды жəне т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы: Мəтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мəтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.


Болжау
Мазмұны қандай болатынын жəне қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:Оқушылар мəтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша əрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мəтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дəлелдеулері тиіс.


Танысу үшін оқу жəне сканерлеу
Бұл тəсіл мəтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мəтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тəсілді болжамдарды дəлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мəтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мəтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып, мəтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.


Мəнмəтінге қарап болжам жасау
Бұл тəсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін мəтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Мысалы: Осы тəсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін оқушылар мəтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет