Оқу бағдарлаамсы бойынша оқытылатын көркем шығармалар тізімі



бет6/26
Дата25.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#97098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
5-9 оқылатын шығармалар тізімі (1)

Басқа сөздермен айту
Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.
Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нəрсені қорытады. Жаттығуды күрделі жəне қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.


Соңғы сөз – сөйлемнің басы
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады.


Анықтамасын табу
Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ араластырылған күйінде оқушыларға беріледі. Олар əр сөздің анықтамасын табу керек.
Мысалы:
Салыстыру Жансыз затқа адамға тəн сипаттар берілуі.
Метафора Екі элементтің арасын салыстыру, мысалы «А Ə- ға ұқсайды» немесе «А дəл Ə сияқты».
Кейіптеу Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.


Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру
Оқушылар мəтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады. Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде орналастырылуы (қате тəртіпте) мүмкін.
Мысалы:
Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық қылып сəулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты болған жоқ.


A – Я
Оқушылар тақырыппен байланысты тірек сөздерді əліпби əріптерімен сəйкестікте жазады, олар қанша əріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы, егер тақырып поэзия болса, онда оқушылар былай істей алады:
A – Абай
Ə – Əсірелеу
Б – Байғанин Нұрпейіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет