Қабырғадағы бейне Бірлескен оқылым бойынша мәтіннен кейіпкер бейнесін үлкен флипчарт қағазға көрсетеді. Тыңдаушылардан кейіпкер сұлбасының іш жағына кейіпкер туралы бар білетіндерін жазады. Ал сұлбаның сыртына не ойлайтындары, не білетіндері немесе не сұрағысы келетіндері жайлы жазады.
Бұл жаттығуды ана тілін және өзге тілді үйренушілер орындай алады.
Ыстық орындық «Ыстық орындық» әдісі мінез-құлыққа байланысты және ол зерттеу үшін уәж тудырады. Сонымен қатар, бұл кейіпкер хикаясындағы кедергілерді зерттеудің жақсы әдісі. «Ыстық орындық» жалған немесе шынайы «ыстық орындықта» отырған кейіпкер рөліндегі адам туралы сұрақтар қоюға сыныптың назарын тартады. Ол сұрақтар алдын ала дайындалған немесе сол мезетте құралған болуы мүмкін.
Эмоция кестесі Мұғалімнің басшылығымен оқылатын бүкіл хикая кезінде кейіпкердің эмоциясы қалай өзгеретінін көрсету үшін, тыңдаушылар қарапайым сызықтық кесте құрады. Бұл тапсырмалар мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым, үйге оқуға берілген кітаптарды оқып бітіру жаттығуы, сонымен бірге, тыңдалымға және айтылымға арналған жаттығулар болуы мүмкін.
Хикая картасы Оқыған шығармадағы негізгі оқиғаның мән-жайын жазу және сол оқиғалардың суретін салып мазмұндау. Оқиғаны, әңгімені бірлесіп мазмұндау жаттығуы. Оқылым кезінде, оқылымнан кейінгі жаттығуда өолдануға болады.
Пікірлер сызығы» Мәтінді бірлескен оқылым кезіндегі мәлімдеме байланысын құру, мысалы: «Менің ойымша, ол ..., басты кейіпкер дұрыс шешім қабылдаған жоқ».
Тыңдаушылар пікірлер сызығына бөлінеді (оқу бөлмесінде жіпті қолдана отырып). Яғни, келісетіндер – бір жаққа, келіспейтіндер – бір жаққа. Тыңдаушылар мәтінге қатысты себептерді айта отырып, неліктен ол жерді таңдағандары туралы айтады. Басқа жауап берушілердің айтқан себептеріне сәйкес тыңдаушылар орын ауыстыра алады.
«Үш пікір» Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.