Оқу бағдарлаамсы бойынша оқытылатын көркем шығармалар тізімі
5-9 оқылатын шығармалар тізімі (1)
2.11 3-үлестірмелі материалдар Поэзияны оқытуға арналған тапсырмалар Бұл тізімде поэзияны оқуға, түсінуге жəне одан лəззат алуға қатысты бірқатар ұсыныс жасалған. Бұл толық тізім емес, оны бастапқы нүкте деп санауға болады. Тізімнің төмен жағына өз ойларыңызды қосып, оларды басқа мұғалімдермен бөлісіңіз. Өлеңнің атауына қарап оның не туралы екенін болжау Басқа атау ұсыну Өлеңнің «тарихын» 100 сөзбен əңгімелеп беру Өлеңнен ұнатқан жолыңызды «Маған қатты ұнататын өлең жолдары» деген плакатқа жазу Қалдырылып кеткен сөздерді толықтыру Қалдырылған аралықтарды синонимдер тобынан алынған дұрыс сөзбен толтыру; Өлеңді қайтадан дұрыс ретіне қайтару Қалдырылып кеткен жолды табу Ұсынылған нұсқалардың ішінен қалдырылып кеткен дұрыс жолды таңдау Түсінікті/түсініксіз сөздерді бөліп көрсету жəне оларды серігіңізбен бірге нақтылау Əртүрлі лексикалық өрістерді бөліп көрсету, мысалы, оң/теріс Өлеңнен ұнатқан эпитеттерді таңдап, оларды қағазға түсіру Өлеңнің əлеуметтік, мəдени жəне тарихи мəнмəтіндерін зерттеу Ақынның өмірбаянын жазу Өлеңдерді топтарға сұрыптау/артығын анықтау Бүкіл сынып болып өлеңді оқып шығу – өлеңдерді хормен ұсыну үшін, сыныптағы əрбір оқушы өлеңнің бір жолынан жаттайды Өлеңнің суретін салу – негізгі образдарын Өлеңді сүйемелдей алатын сурет табу Өлеңдегі көңіл-күйге немесе оның тақырыбына сəйкес келетін музыка таңдау Өлең туралы пікір жазу Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып, ақынға хат жазу Поэманың оқиғасын əңгімелеушісі бар стоп-кадрлар түрінде ұсыну Өлең/ақын туралы мектеп журналына мақала жазу Оқушылар басқа оқушыға сұрақ қояды; сұрақтарға жауап береді, бұл ретте мəтіннен əртүрлі реңктегі тиісті бөліктерінен дəлелдер пайдаланылатын болады Нақты əдістерді/тəсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу Салыстыру кестелерін пайдалана отырып, кем дегенде екі өлеңді салыстыру Нақты əдістер мен тəсілдерді белгілеу үшін өлеңнен бөліп көрсету: салыстыру, кейіптеу, метафора, ұйқас, аллитерация, үндестік, қайталау, оң жəне теріс жауап; жекелеген салалар, лексика. Туындының мағынасына əсер ететін тиісті құрылымына баса назар аударған жөн. Неліктен ол осы түрде бөлінген? Неліктен ол парақта осы түрде орналастырылған? 2.11 4-үлестірмелі материалдар жүктеу/скачать 0,86 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |