Практиканы ұйымдастыру. Оқу практикасы өндірістен қол үзбей VI семестрдің соңында 2 кредит немесе 30 сағат сабақ көлемінде (аптасына 5 күн күніне 4,5 сағат жұмыспен қамтылған жағдайда 2 апта) өткізіледі.
Курс студенттері кіші топтарға бөлінеді (білім алушылар санына байланысты), әр топ жұмысты өз басшысының тікелей бақылауымен орындайды. Практиканы жалпы басқаруды, оны маршруттық дайындауды, топтардың қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді факультет басшысы жүзеге асырады.
Барлық студенттер бірдей далалық және маршруттық бақылауларға, экскурсияларға қатысады; күнделік жазбаларын жүргізеді. Сонымен қатар, әр топ өзінің жеке зерттеу тапсырмасын алады, оның нәтижелері бүкіл курстың экономикалық және географиялық практикасы туралы жалпы есептің ажырамас бөлігі болады.
Жеке зерттеу жұмыстарын орындау қолайлылығы үшін, әрбір жеке студенттің мүдделері мен қабілеттерін ескере отырып (мүмкіндігінше) жалпы қорытынды есепке барлық студенттердің үлесін қамтамасыз ету үшін топтың жалпы жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын өз тапсырмаларын алатын бригадаларға (2-4 адамнан) бөлінеді. Бұл тапсырмалар тікелей тереңдетілген зерттеулерге де, оларды сипаттауға, картографиялауға, фотофиксациялауға, жиынтық есепті қалыптастыруға да қатысты. Сонымен қатар, практика барысында күзгі ғылыми-практикалық конференцияда оның нәтижелерін ұсынуға жауапты студенттер анықталады: қорытынды баяндама, компьютерлік презентация, фотокөрме, стенд жасау арқылы жүзеге асырылады.
ШАМАЛАНҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Тақырыбы
|
Жұмыстардың атауы
|
Аймақтағы туристік-эспедициялық зерттеулерге дайындық
|
Студенттердің жалпы жиыны. Таныстыру конференциясы.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. Жұмыстарды топтар, бригадалар бойынша бөлу, жеке тапсырмалар алу. Қажетті әдебиеттерді, статистикалық және картографиялық ақпараттарды іріктеу. Қажетті кеңсе тауарлары мен жабдықтарды сатып алу.
|
Аймақтың жалпы туристік-географиялық сипаттамасы
|
Аймақтың тарихи мұражайына (немесе өлкетану мұражайына) бару, әкімшілік орталықтағы тақырыптық экскурсия.
Камералық жұмыстар: аймақтың қалыптасу тарихын, оның қоныстануын, экономикалық дамуын, әкімшілік орталықтың әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін сипаттау. Компьютерлік картографиялық негіз құру.
|
Өңірдің табиғи-ресурстық әлеуетін географиялық тұрғыдан бағалау
|
Тарихи орындарына экскурсия, маршруттық бақылау тиісті кәсіпорындар мен мұражайларға бару. Камералық жұмыстар: қосымша әдеби және картографиялық дереккөздерді зерттеу, карта жасау. Аймақтың туристік-ресурстық әлеуеті.
|
Халықтың туристік –әлеуметтік жағдайы бойынша бағалануы,
|
Әр түрлі халық саны мен экономикалық даму деңгейі бар аймақтың 2-3 елді мекендеріне шолу экскурсиялары.
Камералдық жұмыстар: статистикалық ақпаратты іздеу мүмкіндіктерімен танысу. Ресми жарияланымдардан, интернеттен, аймақтық статистикалық органдардан статистикалық мәліметтерді алу. Алынған ақпаратты талдау. Халық тығыздығының картасын; халық санының серпіні мен құрамын, табиғи және механикалық қозғалысты, өңірдің қалалары мен ауылдық қоныстарының аумақтық құрылымын сипаттайтын графиктер мен диаграммаларды жасау.
|
Өнеркәсібтік экскурсиялар ұйымдастыру
|
Мамандандыру, қосалқы және қосымша салалардың өнеркәсіптік кәсіпорындарына экскурсиялар. Кәсіпорындар дамуының экономикалық және технологиялық ерекшеліктерімен танысу. Камералық жұмыстар: қосымша ақпарат жинау және аймақтың экономикасы мен өнеркәсібінің құрылымын сипаттау, нақты кәсіпорындардың сипаттамасы. Карталарды, графиктерді және диаграммаларды құру.
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына экскурсиялар ұйымдастыру
|
Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына (қала маңындағы шаруашылық) экскурсия, маршруттық далалық бақылаулар. Камералдық жұмыстар:
қосымша ақпарат жинау және аймақтың ауылшаруашылық даму ерекшеліктерін сипаттау, нақты кәсіпорындардың сипаттамасы. Карталарды, графиктерді және диаграммаларды құру.
|
Аймақтың туристік инфрақұрылымы
|
Көлік кәсіпорындарына, мұражайларға экскурсия (авто, т/ж, байланыс және т.б.). Камералдық жұмыстар: қосымша ақпарат жинау, оны талдау және карта жасау. Нақты объектілердің сипаттамасы.
|
Өңірдің географиялық мәдени көрікті жерлері, рекреациялық кешендері
|
Мұражайларға, көрмелерге бару, маршруттық бақылау жүргізу. Камералдық жұмыстар: қосымша ақпарат жинау, оны талдау және карта жасау. Нақты объектілердің сипаттамасы.
|
Практика туралы есеп.
Сынақ
|
Алынған ақпаратты талдауды аяқтау, жиынтық мәтіндік есепті жасау, оны ресімдеу. Конференциядағы қорытынды баяндамаға бейне есеп пен презентация жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |