Оқу-әдістемелік және тәрбие


Клинико-биохимиялық зерттеулердің белгіленуі



бет16/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Клинико-биохимиялық зерттеулердің белгіленуі
ауруға диффериенциалды диагноз және алғашқы диагноз қою;
аурудың жүруі мен алдын болжау мінездемесі;
емдеу және алдын алу шараларының жүргізілуіне бақылау;
аурудың дамуының молекулалық механизмдерін оқып-үйрену.


Клинико-биохимиялық зерттеулердің материалдары болып саналады:
ағзаның ішкі ортасының биологиялық сұйықтықтары: қан, жұлын сұйықтығы, лимфа, қантамырыішілік сұйықтық.
экскреттер: несеп, өт, сілекей, ішек және асқазан сөлі, нәжіс, тер, көз жасы сұйықтығы, әйелдің емшек сүті, ұрық сұйықтығы, щырышты бөлінулер.
тіндер бөліктері немесе биоптоптар, яғни тірі адамнан алынған арнайы аспаптармен алынған үлгілері немесе хирургиялық отамалар кезінде алынған.
Клиникада ең кең таралған зерттеулер көздері қан және несеп болып табылады, ал басқа биологиялық сұйықтықтар мен экскреттер, сондай-ақ адам тіні салыстырмалы сирек тексеріледі.
Клиникада анықталатын негізгі биохимиялық көрсеткіштер тобы:

  • макромолекулалар мөлшері, мономерлер мен олардың кейбір алмасу өнімдерін;

  • ферментер мен изоферменттер белсенділігі;

  • витаминдер, коферменттер және олардың алмасу өнімдерінің мөлшері;

  • су мен минерал заттар мөлшері;

  • жасуша сыртылық реттеушілер-гормондар, гормоноидтар, нейромедиаторлар, гуморальді реттеушілер мен олардың алмасу өнімдерінің мөлшері.



Ақуыздардың алмасуы. Ақ уыздар мен аминқышқылдардың алмасу жолдарын түсіндіру. Аминқышқылдардың трансаминдену және дезаминденуінің маңызын түсіндіру.Аммиактың пайда болу және залалсыздандыру жолдарын қарау.Нуклеопротеидтердің негізгі биологиялық маңызын түсіндіру.Көмірсулар, липидтер және ақ уыздар алмасуының байланысы және алмасудың жалпы жолдары туралы білімді қалыптастыру.
Ұлпадағы амин қышқылдарының негізгі көздері және оларды пайдалану. Тағам ақуыздары-амин қышқылдарының негізгі көзі. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Азотты баланс туралы түсінік. Ересек кісілерде және жас балаларда ақуызды ашырқаудың себебі мен салдары. Квашиоркор. Асқазан сөліне биохимиялық анализ жасаудың диагностикалық маңызы. Ақуыздардың ішектегі шіруі. Амин қышқылдарының шіру өнімдерін залалсыздандыру.
Ұлпадағы амин қышқылдарының негізгі көздері және оларды пайдалану. Тағам ақуыздары-амин қышқылдарының негізгі көзі. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Азотты баланс туралы түсінік. Ересек кісілерде және жас балаларда ақуызды ашырқаудың себебі мен салдары. Квашиоркор. Асқазан сөліне биохимиялық анализ жасаудың диагностикалық маңызы. Ақуыздардың ішектегі шіруі. Амин қышқылдарының шіру өнімдерін залалсыздандыру.

  • Амин қышқылдарының ұлпа ішілік катаболизмі. Трансаминделу, трансаминазалардың арнайылығы. В6 дәруменінің коферменттік рөлі. Қан сарысуында трансаминазаны анықтаудың диагностикалық маңызы. Амин қышқылдарының әртүрлі жолдармен дезаминденуі. Амин қышқылдарының тотыға дезаминденуі. Амин қышқылдарының тікелей емес жолмен дезаминденуі. Амин қышқылдарының дезаминденуінің биологиялық маңызы.

  • Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдер: гистамин, серотонин, g-аминомай қышқылы, катехоламиндер түзілуі және биологиялық қызметтері. Биогенді аминдердің тотығуы (моноаминоксидазалар), МАО-ның тежеушілері. Қабыну мен аллергиялық реакцияларда гистаминнің рөлі. Антигистаминді препараттар.

  • Аммиактың тағдыры. Организмдегі аммиактың негізгі көздері. Азот алмасуының соңғы өнімдері: аммоний тұздары және мочевина. Мочевина биосинтезі. Мочевинаның синтезі мен шығарылуының бұзылуы. Бүйрек циррозы кезіндегі, туа пайда болған, катаболизм кезіндегі гипераммониемия. Амин қышқылдарының алмасуының ерекше жолдары: біркөміртекті фрагменттің алмасуы, құрамында күкірті бар және ароматты амин қышқылдарының алмасу ерекшеліктері, кейбір амин қышқылдарының алмасуының бұзылуы.

  • Ақуыздар, майлар және көмірсулар алмасуларының өзара байланысы.

  • Көмірсулар, липидтер және ақуыздар алмасуының жалпы жолдары. Ортақ энергетикалық көздері. Көмірсулар мен липидтерден амин қышқылдарының биосинтезі. Гликогенді және кетогенді аминоқышқылдар. Көмірсулар және ақуыздардан майлардың биосинтезі. Амин қышқылдарынан көмірсулардың биосинтезі.

  • Аммиак - өте улы зат. Ол әсіресе, жүйке ұлпалары үшін өте қауіпті. Ол ағзада жиналған кезде, жүйке жұйесінің қозуы байқалады. Сол ұшін ағзаларда аммиакты залалсыздандыру механизмдері бар. Аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы – ол мочевинаның синтезі.

  • Өткен ғасырдың өзінде-ақ, орыс ғалымдары М. В. Ненцкий және С. С. Салазкин бауырда аммиак пен көмірқышқылына мочевинаның тұзілетінін анықтады.

  • Кребс пен Гензин-Лейт мочевинаның синтезі циклді процесс екенін дәлелдеді және бұл процесстер каталиттік рөльді орнитін атқаратынын анықтады.

  • Пуриндік негіздер несеп қышқылына дейін ыдырайды. Ол пуриндік нуклеотидтердің соңғы өнімі болып табылады және адам ағзасынан несеппен сыртқа шығарылып отырады. Пиримидиндік негіздердің айналымы в – аланин, CO2 және аммиакқа дейін ыдырайды.

  • β-аланин - бұлшық ет дипептидтері карнозин мен ансериннің синтезіне жұмсалады немесе несеппен сыртқа шығарылады. Несеп қышқылының қандағы мөлшері артқанда гиперурикемия ауруы дамиды.

  • Ол кезде ұлпаларда натрий уратының кристаллдары жиналады, әсіресе жергілікті жердегі pH ортаның төмендеуінен. Подагра ауруы да буындарды және бұйректе ураттардың жиналуынан пайда болады.

  • Заттар алмасуының маңызды мономерлері: амин қышқылдары моносахаридтер (глюкоза), май қышқылдары, мононуклеотидтер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

  • Бұл байланыс кілттік метоболиттер арқылы іске асырылады. Олар мономерлердің ыдырау жолдарында немесе синтезінде жалпы звено болып келеді. Мұндай метаболиттерге пируват, ацетил-КоА, а - глицеролфосфат және кребс айналымының аралық өнімдері ( оксалоацетат, малат, фумарат, сукцинил-КоА, 2-оксоглутарат, изоцитрат және цитрат).

  • Мочевина – ағза үшін зиянсыз зат. Ағзадағы оның негізгі тұзілетін жері – бауыр болып келеді. Бауырда мочевина түзілуіне қатысатын ферменттердің бәрі бар.

  • Адам ағзасында 4,5-5,0 г темір бар. Қан гемоглобинінде бұл мөлшерден 60-70%, миоглобин – 3,5%, ферритин – 20%, трансферритин – 0,18% кездеседі.

  • Ағзадағы темірдің мөлшері негізінен сіңірілудің интенсивті тұрде жұруінен реттеліп отырады.

  • Ішектелген ол тағаммен бірге тұсіріліп отырады. Оның артық мөлшері сіңірілмейді. Анемия ауруларында ағзаның темірге деген сұранысы қатты артады, әрі темірдің жетіспеушілігі байқалады.

2 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет