Оқу-әдістемелік және тәрбие


Механикалық немесе абтурациялық сары ауру



бет18/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Механикалық немесе абтурациялық сары ауру. Өт жолдары, тас, ісік, жарақат бітеліп қалады, өт ішекке түсе алмайды, ал гепатоциттерде олардың түзілуі жүріп жатады. Өт пигменттері бұл жағдайда қанға түседі, қанға байланысқан және байланыспаған билирубиндердің концентрациясы артады. Байланысқан билирубин суда еритін болғандықтан Боумен капсуласында сүзіліп, зәрмен сыртқа шығады. Ішекке билирубин түспейді. Сондықтан уробилиноген және стеркобилиногентзәрде болмайды. Зәрдің түсі ашық сары сыраның түсі сияқты.
Паренхималық сары ауру. Бауыр клеткалары зақымдалған, өттің түзілуі нашарлайды. Өт тек қана өт каналдарына емес, қанға да түседі. Қанға байланысқан және байланыспаған билирубиннің концентрациясы артады себебі глюкурон қышқылымен байланысу бұзылған және ет қанға түседі, зәрде байланысқан билирубин кездеседі.
Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит – бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.
Нәрестеде болатын сары ауру. Нәрестеде эритроциттің саны, гемоглобиннің концентрациясы үлкен кісіге көп болады. Бірнеше жетінің ішінде бұл үлкен кісілерге тән мөлшерге төменделеді. Өмірінің алғашқы күндерінде билирубиннің концентрациясы өседі. Бұл нәрестелерде глюкуронидтрансфераза ферменттерінің кешігіп синтезделуінен болуы мүмкін. Екінші жағынан сәбилер ішегінің қаннаң сіңіру жылдамдығы нашар болуы мүмкін. Егер де нәрестелерде билирубиннің концентрациясы 30 мг% асып кетсе, мидың жұмысы бұзылуы мүмкін, бұл жағдайда қан құйуға дейін барады.
Фенобарбитал – Р цитохромсидаза мен глюкуронидтрансфераза ферментің активтендіреді.
Дәрілік сары ауру. Қан плазмасы альбуминіне билирубинмен бәсекелі байланысу жолымен сарыауруды дамытатын 150 дәрілік препараттар белгілі.

3 дәріс


Тақырыбы: Аминотрансферазаның, амилазаның, γ- Глутамилтранспептидазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет