Оқу-әдістемелік және тәрбие


Аминотрансферазаның концентрациясын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы



бет19/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Аминотрансферазаның концентрациясын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы
Қандағы аспартатаминотрансферазаның (АСТ) активтілігінің жоғарылауы өкпе тубуркулезбен ауырғанда, вирустық гепатитте және әржерде ісік пайда болғанда байқалады.
АСТ-ның активтілігі төмендейді маляриямен ауырғанда және жүктілік кезінде.
Анаболикалық стероидтарды, андрогендерді, пероральды контрацептивтерді, анестетиктерді және опиаттарды қабылдағанда АСТ-ның активтілігі жоғарылайды.
КОФЕРМЕНТТЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Коферменттер витаминдік және витаминдік емес болып бөлінеді.
Витаминдік коферменттер
Суда еритін витаминдердің адам организмінде өздеріне тән биологиялық қызметтерін атқаруы коферменттерді түзу нәтижесінде іске асырылады. Тағаммен түсетін витаминдер жеткіліксіз болған жағдайда, ферменттер жеткіліксіз мөлшерде түзіледі де, күрделі ферменттің атқаратын қызметі бұзылады. Ферменттердің өздеріне тән биологиялық қызметтерін организмге қажетті деңгейде атқара алмауы, патологиялық процесстердің дамуына себепкер болады.
Витаминдік коферменттерге тиаминдік, флавиндік, пантотендік, никотинамидтік, пиридоксиндық, фолиилық (птеридиндік), кобамидтық, биотиндік, липойлық, хинондық коферменттер жатады.
ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕРІНІҢ ТАЛҒАМДЫЛЫҒЫ
Ферменттер субстраттарға әртүрлі талғамдылық көрсетеді:
1. Стереохимиялық субстраттық талғамдылығы. Фермент субстраттың бір ғана стереоизомерінің өзгеріске ұшырауын катализдейді. Мысалы, фумаратгидратаза фумар қышқылына әсер етеді де, оның стереоизомері малеин қышқылына әсерін тигізбейді.

2. Абсолюттік субстраттық талғамдылығы. Фермент бір ғана субстраттың өзгеруін катализдейді. Мысалы, уреаза мочевинаға әсер етеді де, оған құрылымы ұқсас зат метилмочевинаға әсер етпейді.



3. Абсолюттік топтық субстраттық талғамдылығы. Фермент субстраттардың ұқсас топтарын катализдейді. Мысалы, алкоголь-дегидрогеназа этанолмен қатар басқа да алифаттық спирттерді де катализдейді.



4. Салыстырмалы топтық субстраттық талғамдылығы. Ферменттер субстраттардың топтарына талғамдылық көрсетпейді, бірақ субстраттардың топтарының жеке байланыстарына талғамдылық көрсетеді. Ас қорыту ферменттері (пепсин, трипсин, химотрипсин, эластаза және т.б.) жануарлар мен өсімдік ақуыздарын ыдыратады, бірақта олар пептидтік байланысты түзген аминқышқылдарға талғамдылық көрсетеді. Мысалы, фермент трипсин лизин мен аргининнің карбоксильдік тобымен түзілген пептидтік байланысты гидролиздейді.
5. Салыстырмалы субстраттық талғамдылығы. Ферменттер әртүрлі химиялық қосылыстардың өзгерістерге ұшырауын катализдейді. Мысалы, фермент цитохром Р450 7000-ға жуық заттарды гидроксилдеуге қатысады. Осы ферменттік жүйенің әсерінен табиғаттық заттар, дәрілік препараттар және улар залалсыздандырылады.
6. Реакцияның жүру жолына сәйкес талғамдылығы. Әрбір фермент субстраттың мүмкін химиялық өзгерістерінің барлығын катализдей алмайды, тек біреуін ғана катализдейді. Ферменттің осы қасиетін, өзгерту жолдарының талғамдылығы деп атайды. Мысалы, гистидаза және гистидиндекарбоксилаза ферменттерінің субстраттық талғамдығы бірдей, яғни бір субстраттан-гистидинмен әрекеттеседі, бірақта ол ферменттер гистидиннің әртүрлі химиялық өзгерістерін катализдейді. Гистидазаның әсерінен аммиак түрінде амин тобы, ал гистидиндекарбоксилазаның әсерінен СО2 түрінде карбоксил тобы бөлініп шығырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет