Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет17/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Тақырыбы: Креатининнің, несеп қышқылының және билирубиннің алмасуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы
Креатининнің клинкалық диагностикалық маңызы
Креатининнің және мочевинаның қандағы мөлшерінің жоғарылауы бүйрек қызметінің төменгі деңгейде атқарылатынын көрсетеді.
Несептегі креатининнің мөлшерін анықтау, несеппен бөлінетін маңызды физиологиялық қосындыларды есептеуге қолданылады.
Анализденелетін компоненттерді есептеу несеппен бөлінетін 1мг креатининмен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мысалы, несеп ақуызы /креатинин, амилаза/ несеп креатинині, катехоламиндер/Креатинин.



Байланысқан билирубин суда ерігіш, өтпен бірге ішекке түседі. Байланысқан билирубин суда ерімейді, сондықтан ол қанда альбуминмен комплекс түрінде тасымалданады. Билирубиннің негізгі бөлімі көк бауырдың ретикулоэндотелиалды жүйесінде және сүйек миында синтезделеді. Бұл органдардан альбумин арқылы қанмен бауырға тасымалданады, ал бауырда глюкурон қышқылымен қосылып билирубиннің диглюкуронтліне айналады.


Билирубиннің глюкурониді улы емес. Енді бұл қосақталған қосылыс бауырдан ішекке түседі, ішекте бактериялы ферметтердің әсерімен глюкурон қышқылына және билирубинге ыдырайды. Билирубин әрі қарай қос байланыс бар жерлерде тотықсызданып екі түрлі зат түзеді: а/ уробилиноген; б/ стеркобилиноген.
Бұл заттардың 95/% нәжіспен сыртқа шығарылып отырады, ал қалған бөлімі ішектен қайта қанға өтіп, өтке түседі, ал біршамасы бүйрек арқылы қайта шығарылады.






Сары аурудың түрлері

Сары аурудың түрлеріне:


1. Гемолиттік сары ауру
2. Механикалық немесе абтурациялық сары ауру
3. Паренхимиялық сары ауру
4. Нәрестеде болатын сары ауру
5. Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит
Гемолиттік сары ауру. Эритроциттердің ыдырауы күшейген кезде байқалады. Билирубин қалыптан көп мөлшерде түзіледі және оның экскрециясы жылдамдығы да жоғарлайды. Қанда тікелей емес билирубин мөлщері жоғарлайды. Зәрде билирубин болмайды, ал нәжіс пен зәрде стеркобилин мөлшері жоғары болады. Зәрдің түсі қызғылт сары, нәжіс қара қоныр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет