( локальдық) әсер ету арқылы глюкозаның, амин қышқылдарының, Са2+,К+ иондарының жасуша ішіне тасымалдануын жылдамдатады. Осының нәтижесінде жасуша ішілік процесстердің жүруі өзгереді.
Сонымен қатар инсулин гуанилатциклаза арқылы жасуша ішілік процесстердің жүруін реттейді.Инсулин қандағы глюкозаның, аминқышқылдарының, май қышқылдарының, глицириннің, К+иондарының концентрациясын төмендетеді, де несеппен аминқышқылдарының бөлінуін азайтады. Сонымен инсулин оң азот баланысты анаболиттік процесс жүргізеді.
Инсулин жетіспеген кезде қант диабеті ауруы пайда болады. Дүние жүзінде қазіргі кезде осы аурумен 100 млн – нан артықтау адамдар ауырады.
Қант диабетінің екі түрі бар:
Ақиқат түрі – бұл кезде инсулиннің жетіспеуі β - жасушадағы инсулиннің түзілу және секреттелу процесстерінің бұзылуы нәтижесінде.
Алдамшы -түрінде инсулиннің қандағы жалпы мөлшері жеткілікті болғанмен бос инсулин мен ақуызбен байланысқан инсулиннің сандық ара қатынасының өзгеруіне байланысты. Яғни байланысқан инсулиннің мөлшері жоғарылап глюкоза майды түзуге ғана жұмсалады. Екінші жағынан инсулиндік рецепторлардың қызметінің нашарлауына байланысты.
Сонымен қант диабеті ауруы кезінде катобализм процессі анаболизм процессіне қарағанда жылдам жүреді. Қант диабеті кезінде глюкоза инсулинге сезімтал ұлпаларда дұрыс қолданылмайды да липидтер ыдырайды, май қышқылдарының тотығуы жылдам жүреді. Осының нәтижесінде гиперлипемия, гипераминоацидемия, кетонемия,глюкозурия,гипераминоацидурия,кетонурия процесстері байқалады. Сонымен қатар қанда май қышқылдарының, глицериннің, холестериннің мөлшері жоғарылайды. Қышқылдық орталы- кетондық денелердің көбеюіне байланысты қанның рН – ортасы төмендеп өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Инсулиннің медициналық практикада қолданылуы Қант диабетін емдеу үшін және аноболиттік препарат ретінде мүшелердің дистрофиясы кезінде, төменгі деңгейде қоректенгенде, өте арықтағанда, бұлшық еттердің өте ауыр жұмыстан кейін метобализмін қалпына келтіру үшін қолданылады.