Оқу-әдістемелік және тәрбие


Жүрек бұлшық етінің энергия алмасуының ерекшеліктері



бет22/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Жүрек бұлшық етінің энергия алмасуының ерекшеліктері
Жүрек бұлшық еті тәулігіне 100000 рет жиырылып, 7200л қанды айдайды (өткізеді). Миокард құрамы бойынша қызыл қаңқа бұлшық етіне ұқсас. Жүрек бұлшық етінің энергия алмасуының ерекшелігіне, оның толық аэробтық жолмен жүретіндігі жатады.
( Анаэробтық гликолизбен қалыпты жағдайда энергия (АТФ) түзілмейді). Тотығып фосфорлану процесінде негізгі субстрат ретінде май қышқылы қолданылады, яғни жүрек бұлшық етінде жұмсалатын оттегінің 70% (пайызы) май қышқылдарын тотықтыру күшін қолданылады. Сонымен қатар аэробтық жолмен энергия түзуге субстрат ретінде глюкоза, сүт қышқылы және пирожүзім қышқылы (пируват) қолданылады. Ас қабылдаған-нан кейін глюкозаның қолданылуы жоғарылайды да, май қышқылының қолданылуы, төмендейді, ал дене еңбегі кезінде жүректі энергиямен қамтамасыз етуде сүт қышқылының үлесі жоғарылайды.
Жүректің ишемия ауруы кезіндегі жүрек бұлшық етінің
метоболизмінің бұзылуы
Бұл кезде тотығып фосфорлану процестері төмендейді де анаэробтық гликолиз процесстері жоғарылайды. Бірақта күшейтілген анаэробтық метоболизм жүректі ұзақ уақыт энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Себебі біраз уақыттан кейін гликогеннің қоры таусылады, глюкозаның миокардтқа енуі нашарлайды, сонымен қатар жасуша ішілік ацидоз байқалады, қышқылдық ортаның әсерінен (сүт қышқылының энергия көзі ретінде қолданылуының нашарлауымен байланысты) гликолиз процессінің реттеуші ферменті фосфофруктокиназа ингибирленеді (активсіздендіріледі). Энергияның жетіспеуіне байланысты биомембраналардың құрылымы бұзылып, индикаторлық (жасушаішілік) ферменттер бөлініп шығып, олардың активтілігі жоғарылайды. Мысалы. КфК2, АсТ, ЛДГ1 мен ЛДГ2-нің.
Жұлын сұйығы (ликвор)
Жұлын сұйығының (ликвордың) көлемі қалыпты жағдайда ересек адамда 125мл шамасында болады. Ликвор әрбір 3-4 сағат аралығында жаңаланып отырылады. Оны плазманың біріншілік ультрафильтраты деп қарастыруға болады. Ликвордың құрамы қан плазмасымен салыстырғанда өзгеше болады. Ликвордың 99% судан және 1% органикалық заттармен бейорганикалық заттардан тұрады.
Жұлын сұйығында ақуыз аз мөлшерде (0,15-0,40г/л) болады, альбумин мен глобулиннің ара қатынасы (альбумин/глобулин/ төртке тең болады, липидтердің мөлшері қан плазмасына қарағанда 100есе кем болады. Құрамында азоты бар төменгі молекулалы заттардың жалпы мөлшері қанға қарағанда төмен болады. Ликвордағы глюкозаның мөлшері (2,50-4,16ммоль/л) қанға қарағанда біраз төмен болады, глюкозаның ликвордағы мөлшері қандағы глюкозаның мөлшерінің өзгеруіне байланысты жоғарылайды немесе төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет