ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет37/50
Дата09.11.2022
өлшемі8,03 Mb.
#48733
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
2. Олардың маңызы, түрлері
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол мұғалімнің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Ұлттық тәлім – тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі – ұлттық сипаттағы, сондай – ақ салт – дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектептегі балаларға таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез – құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда,мектептегі таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп – жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық үлкен маңызы бар. 


Тапсырма:
1. Сергіту жаттығуларының түрлері
2. Ертеңгілік жаттығулар түрлері
3. Топпен бірге өткізу


8.1 тақырып. ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы дүние тану бағдарламасының мазмұны мен мақсаты


Мақсаты: Дүние тану пәнінің оқытылу әдістемесімен, стандартты таныстыру. Студенттердің білім деңгейін арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту.

1.ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты 2.Дүние танусабағының мақсаты, міндеттері




1.ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру".




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет