. философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
. болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
. пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.
Негізгі құзырлар: бакалаврдың курстан білетіні: . философияның предметі, мақсаты мен міндеттері
. философияның мәселелерінің негізгі шеңбері
. философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері;
бакалаврдың істей алатыны: . нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу
. адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу
Пәнді оқып-үйрену процесінде бакалаврдың білуі тиіс: . философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;
. негізгі философиялық тұғырнамаларды;
. мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе Оқу пәнінің оқып-үйрену объектісі мен предметі: Оқу пәнінің объектісі мәдени-тарихи дамуында және қазіргі жай-күйінде алынған рухани өндірістің ерекше формасы ретіндегі философия болып табылады. Оқып-үйрену объектісінің құрамына дүниежүзілік және отандық философияның ішкі бірлігінде алынған негізгі бағыттары мен мәселелері кіреді. Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін қаузайтын дүниені танудың айрықша формасы.
Пәнді оқып-үйренудің әдістері: Философия курсын оқыту және студенттердің оқып-үйрену процесінде негізгі философиялық әдістер мен принциптер қолданылады: