XIX ғ.мәдениетіндегі батысеуропалық философия Техникалық прогресс индустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX ғ. – ғылымның «Алтын ғасыры».
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К.Маркс предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім. Қосымша құн және қанау. Қанаудың себептері. Айналма форма ұғымы. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына әсері. Маркс теориясы идеяларының батыстық адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, әлеуметтік оптимизмінің артуына, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік теңдік стратегиясының нығаюына әсері.
Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Конт позитивтік социологияның әкесі ретінде. Философия және сцентизм. Эмпириокритицизм мен махизм позитивизмнің жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: «Адам рәміздік жануар ретінде».
А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизм. Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.
XIX ғ. – XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. Орыс философиясының мәдени-әлеуметттік контексті мен идеялық алғышарттары. «Мәскеу – үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофилдер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінің, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс философтарының (Н.О.Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердияев) діни-философиялық ізденістері. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселесі.
Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.