Оқу әдістемелік кешен


Қазақ мәдениетіндегі философия феномені



бет7/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.
XVII-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті жарғының» философиялық контексті. Космологиялық және антропософиялық ілімдер (Доспамбет, Дулати).
Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі.
Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.
Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. қазақ зиялы қауымышығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.
Қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына, өзінің этникалық қауымдастығын сана елегінен өткізуге әсері. Қазақ халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ философиясының рөлі.
XXғ. Кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия
Маркстік ілімнің эволюциясы. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.
КОКП XX съезі және рухани саланың либерализациялануы, оның «тоқырау» дәуіріндегі бәсеңдеуі. XXғ. 60 жылдарының соңы – 80 жылдарындағы кеңестік философияның негізгі бағыттары. Диалектикалық логиканың қалыптасуына Э.В.Ильенковтің, Г.С.Батищевтің, П.В.Копниннің және т.б. әсері.
Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері. Қазақстандық философтардың зерттеулерінің негізгі бағыттары Ж.М.Әбділдин, М.И.Баканидзе, Н.Д.Джандилдин, Т.Жангелдин, Л.К.Науменко, А.Х.Қасымжанов, Г.А.Югай, Қ.Ә.Әбішев, А.Қасабек,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет