Оқу әдістемелік кешен


тарихилық пен логикалықтың бірлігі принципі



бет3/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
. тарихилық пен логикалықтың бірлігі принципі;
. мәдени-тарихилық принципі;
. мәдени-релятивизм әдісі;
. абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі;
. философиялық компаративистика әдісі және басқалары.
Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен ролі: Философия рухани өндірістің оның басқа формаларына (дін, ғылым, өнер, мораль және басқа) сайылмайтын ерекше формасы. Философия дүниені практикалық және рухани игерудің нәтижелерін, қоғамдық өмірдің мәдени-әлеуметтік дамуының, мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейдіжәне жалпылайды.
Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытындылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға ұол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық, сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыптастыруға қатынасады, іс-әрекеттің барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйені тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет